Ихсан қақпасы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Ихсан қақпасы

| A | +

Ихсан. Ихсансыз пенденің көңілі нұқсан. Қазақта «ихсан» сөзі тікелей қолданбаса да «қайырихсан», «ихсансадақа» деп қолданылған ұғымдар баршылық. Осы екі ұғымның өзінде ихсанның бар екені көрініп тұр. Яғни ихсанның түп-тамыры – жақсылық. Қайыр іс те – садақа да ихсанның белгілері. Алланың разылығына, әз Нәби сүннетіне бағытталған әр бір жақсылық атаулыда ихсанның нәрі, дәмі, иісі бар.

Әрине ертеде біздің ата-бабамыздың осы ихсан сөзін кеңінен пайдаланғаны мәлім. Хакім Абай да отыз сегізінші қара сөзінде осы ихсан жайлы сөз етіп, Құранда «Бақара» сүресіндегі «Алла мухсиндерді сүйеді» деген аяттың мәтінін берген. Ихсан – жақсылық пен ізгілік атаулының қайнары. Жалпы Ислам діні үш сатыдан тұрады. Әуелі – иман, екіншісі – шариғат, соңғысы –осы сөз етіп отырған ихсан. Осы үшеуі біртұтас болғанда дін бекем келеді. Бұл – сырттай қарағанда жеміс бір ағашы іспетті. Әуелгісі иман дедік. Осы иман әлгі жеміс ағашының тамыры секілді. Тамыры болмаса, ағаш қайдан өссін, қалай өнсін. Тамырға құрт түсті ме, діңгегі қанша мықты келсе де, бір күні құламақ, қурамақ. Тамыр тазармай, нешелеп суғарғаннан пайда жоқ. Хакім Абай айтқандай, тақлиди иман ақиқи иманға айналмаса дін ұстанушылар қанша шариғат оқыса да, неше кітап оқып, көз майын төгіп тауысса да, бейнеттеніп Құранды бастан соңына дейін жаттаса да, ілім жинап, қаттап кітап жазса да, бәрі де діттелген межеге толық жетпек емес. Әлбетте текке кетпес десек те, көңілге жетпес. Діндегі мақсат кәміл орындалмақ емес. Мұның мысалы – бір жері ауырып жаны сыздап жүрген адамның мысалы секілді. Мазасы жоқ. Біреу сұрай қалса «бір жерім ауырып тұр, бірақ таба алмадым» дейді. Мұсылманның халі де дәл осындай. Мешітке барса да, түнде тұрса да, ғибадаттан нәр алмақ емес. Һәм оның тағы бір белгісі – онда тамыры әлсіз мұсылманшылық елде пәлендей бірлік болмайды. Өзі мазасыз келген соң бір-бірінің мұсылманшылығына көңілі толмайды. Көрінгенді сынағыш келеді. Егер тамыры түзеліп, иманы тураланса, онда көңілі толғыш келер еді. Шариғаттың әр ісінен иман нұрын байқар еді. Құлшылық мінәжатынан нәр алар еді.

Келесі деңгей – шариғат деңгейі. Хазіреті Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жәбірейіл досы келіп иманнан соң Ислам туралы сұрағанда ол діндегі бес парызды атаған екен. Сол «ислам» дегені –осы шариғат. Шариғат толық болмай, мұсылман баласы ихсанға өтпек емес. Сол шариғат әлгі жеміс ағашының діңгегі, бұтақтары іспетті. Діңгегі бекем болмай, бұтақтары жайқалмай, жапырақтары сыбдырламай, көктем келіп, көктеп гүлдемей ағаштың мәуе салмағы беймүмкін. Бір мұсылман шариғат мықты болмай, ел қазығы мығым болмақ емес. Шариғатын дұрыс білмесе, ел адасады. Алалаушылық белең алады. Ас арам болады, өзіңе қарсы шыққан әуелі беліңнен шыққан балаң болады. Егініңді қатты жер тасқа егерсің. Бұдан басқа не дерсің. Жә, мұны ұқтық. Соңғысы дін шариғаттан кейін ол – тақырып етіп қозғап отырған – ихсан. Жеміссіз мәуе ағашы бола ма? Әрине болмас. Ендеше ихсан – Ислам дінінің жемісі. Ихсанды осы күнде бәзбіреулер сопылықпен шатастырып жүргені баршылық. Ихсан сопылықтың өзі емес. Бірақ ихсан сопылықтан кенде емес. Егер біз ихсанды тікелей сопылық деп ұғатын болсақ, онда Құдай Тағаланың қойған ихсанын шектеген болар едік. Сопылық мақсат не? Мақсат – ихсанға жету. Тарихат – сол сопылықтың түрлі мектептері. Тариқаттағы мақсат не? Мақсат –мағрипатқа жету. Мағрипаттағы мақсат – ақиқатқа жету. Осы мағрипат – ихсан қақпасы. Одан әрі Құдай жазса ақиқатқа жетпек. Жәбірейіл періште (ғ.с) Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ихсанның не екенін сұрағанда әз Нәби: «Сен Құдайды көріп тұрғандай, оған құлшылық қылуың. Сен Алланы көрмесең де ол сені бәрібір көріп тұр», – деп жауап қатқан екен. Иә, хақ. Құдайды бұл дүниеде ешкім ешбір пенде көре алмақ емес. Ендеше ихсан – Құдайды көре алмаса да оны көріп тұрғандай оған құлшылық етуі, ғайып, бұл дүниеде көрінбес Құдай Тағалаға оны көргендей ғашық болу. Бір оқушы өзі көрмеген бір жазушының кітабын оқыса һәм сол жазушы өте әсерлі кітап жазатын біреу болса, оның кітабын оқыған әлгі оқушының ақыр соңында жазушыға деген ынтықтығы артып, оны күнде көріп жүргендей, сырлас адамындай жақындығы болмай ма? Кейін оны көрсе де, оның қандай адам екендігінен хабары бек болмай ма? Сол секілді Құран мен жаратылыс деген ғаламзат кітабын оқыған мұсылман пенде де сол екі кітабын түсіне алатын болса, неге Аллаға Оны көріп тұрғандай жақындай алмасын? Һәм әз Нәби алайһис-сәләм да өзіне көп салауат айтқанның махшарда өзіне ең жақын болатынын айтпайтын ба еді? Салауатты айта-айта оған жақын болған мұсылман неге Аллаға көріп тұрғандай жақын болмасын? Ендеше шариғат арқылы сол шариғатты іске асырған, руханиятқа бойлаған мұсылман адам ихсанға қанат қағады. Гүлдеген ағашты бір күні гүлі жолғалған заматта жеміс пайда болғанындай ихсанға қадам баспақ. Амалы мен ықылас бояуына боялған тақуалар бір күні осы ихсан қақпасын ашпақ.

Ихсан – әулиелер мекені. Құранда Алла Тағала: «Зер сала қараңдар сөзіме! Расында Алланың әулие құлдарына ешбір қауіп те қасірет те жоқ» дейді. Неге? Өйткені Алланың Өзі «...Мен оның осыдан соң еститін құлағы, көрер көзі, ұстар қолы, жүрер аяғы боламын» деп тұрғанда оған бұл дүниеде қандай қауіп болсын. Оны қалай түсіндік? Яғни бұл дүниенің бұлтарыс-қалтарысының бәрінен олар Алланың белгісін көріп, оны көргендей өмір сүреді. Аяттағы «қауіп» дегені – осы өмір. Олар бұл дүниеде Алладан ғана қорқады. Мансап үшін, атақ үшін, дүние үшін, жаны үшін ақиқаттан бас тартып, бұқпаламайды. Қу қарақан басының қамы үшін жүрген дүниеқордай, күні үшін жүрген қулардай болмайды. Сол себепті Алла  Тағала осы ихсанға жеткендерді «Рахманның құлдары» деп ерекше атаған. Олардың дүние төңкеріліп кетсе де пендешілікке салынбайтынын, қандай қиындық болса да, нендей қысым болса да, бәріне «сәлем», «бейбітшілік» көзімен қарап «пайда да зиян да бір Алладан болмақ» деп өмірдің тар жол, тайғақ кешуінен аман өтпек.

Тағы бір аятта «Жоқ, кімде кім мухсин болған күйі жүзін Алла үшін туралыққа бұратын болса, міне ол үшін Раббысының құзырында сый-сияпат бар. Һәм оларға ешқандай қауіп жоқ, олар қайғырып сары уайымға салынбайды» деп айтылады. Міне, осы аятта тікелей ихсан жайлы айтылып тұр.

Осы екі аяттағы «сары уайым» сөзі ақыретке қарайды. Бұл дүниеде Алладан басқадан қорықпаған адамның ақыретте қасіреті болмайды. Өйткені бұл ғұмырда дүние төңкеріліп кетсе де «Алла бар нендей қам бар, уайым бар?» дейді. Ғарасат майданында да Аллаға жеттім деген қуанышынан басқа ешбір уайымы болмайды. Иә, олар сол себепті бұл дүниеде жүргенде де бейне бір махшарда жүргендей ғұмыр кешеді. Һәм ихсан мекеніндегілер қай дүние болмасын, қай ғасыр болмасын көбіне бір-бірін тауып алып жатады. Заман мен мекен замансыз, мекенсіз болған Құдай Тағаланың әулие құлдарына кедергі бола алмайды. Иә, бұрын біздің ата-бабаларымызда осы әулиелік ихсан болған ба? Өте көп болған. Әулиесі қойша күңіренген заман болған. Енді осы жерде тағы бір сауал: өтті тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл өтті, иман да шариғат та орын алғалы көп жыл өтті. Неге ендеше ихсан жоқ? Мәуесіз жеміс ағашы бола ма? Осы сауалды өткенде бір қажы қариядан сұрадым. Ол маған «Ағаштың мәуе салғалы қашан, көп жыл бұрын салған» деп жауап берді. Мен: «Олай болса сол мухсиндер, ихсаншылдар қайда, неге көрінбейді?» деп сұрадым. Ол маған: «Олардың көрінбеуінде екі түрлі себеп бар» деді. «Әуелгі себеп – олар көрініп араларыңда жүр, бірақ сендер оны көре алмай жүрсіңдер. Екінші себеп – егер олар өздері көрінгенде, сендер оны әлдеқашан масқарасын шығаратын едіңдер. Сендер шариғатты әлі толық меңгере алмағандықтан әрі қатты ағымдар сендерге зақым бергендіктен һәм ел арасында перілер көріпкелдікті көп жайғандықтан, сендер «тыныш жүрген жақсы» деп «шариғатсыз руханиятта адасқанша руханиятсыз шариғатта қалған жақсы» деп руханият есігін әлі ерте деп жабумен келдіңдер. Дұрыс істедіңдер. Бірақ есесіне көріпкелдік пен ихсан-руханиятты бір етіп алдыңдар. Осы елде бұл заманда ихсан мекеніне жақындаған небір тақуа жандар бар. Құдай Тағала рақымды ғой. Һәм қалауын жасайды. Ихсан есігін Алла Тағала кейде сахнада жүрген атақтыларға емес, ғалымдарға емес айдаладағы елден жырақ бес уақыт намазын оқып, білген шариғатына амал етіп жүрген бейшара-ғаріптерге, Қожа Ахмет Ясауи айтқандай, «көңілі сынықтарға» ашады.

Сөзімі айттым һәр кім болса дидар талап,

Жанны жанға пайуант қылдым рағни улап.

«Ғариб», «фақир», ятимлерінің башын сілеп,

Көңлі бүтін халайықтан қаштым мәнә.

Ал сендер көп білгендер мухсиндерді аспаннан іздейсіңдер. Жерде жүргендерді, әлгі көңілі сынықтарды місе тұтпайсыңдар. Бірақ Құдай Тағала сол жабық есікті ашады. Бұл күннің мухсинін қоялық, кешегі өткен замандағы әулиелердің өзін қабылдай алмадыңдар. Тылсым кітаптарын теріс түсіндіңдер. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұстазы Бекасыл әулиені алайық. Соның бір кітабы жарық көргенде осы елде сол кітаптың қадірін білген жан болды ма? Ихсанға қатысты терең тылсым ұғымдарды ілімі жетпей ұғына алмағандықтан, «көріпкелдік» деп ұққаннан артық сорақылық болар ма? Өзін әулиеден де жоғары санайтын, оның кітабына баға беретін ол қандай ғалымдық? Атағы жалпақ жұртқа тараған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлындай ғұлама әулиенің «хазірет» деп санаған ұстазын студенттің дипломындай сынайтын ол қандай «әулие-ғұламалық»? Сендер құтып-әулиені осылай сынап тұрғанда сендерге бүгінгі мұсылман арасынан қалай ихсаншылдар көрінбек?» деген еді.

Бірақ заман келді. Көп ұзамай ел арасынан «ихсан» ұғымдары жиі айтыла бастады. Бір елде руханият қалай оянады? Сол елдің зиялылары, ғалымдары руханиятты зерттеп ихсан-руханияттың көріпкелдік пен бақсылықтан мүлде басқа екенін ажыратып бергенде оянады. Сол ел қаймақтары мойындап халыққа жария еткенде болмақ.

Осы бағытта Алланың қалауымен ихсанға қатысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған бір топ дін ғалымы болып жазған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының тұсаукесерін жасады. Салтанатты түрде ашылған осы тұсаукесерге еліміздің бас имамдары, ғалымдар және басқа да көптеген зиялы қауым қатысып, ихсанға қатысты өз ой-пікірлерін білдірді. Кітапта ихсанның қыр-сырлары айтылған. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ихсан туралы сөз еткенде мысал ретінде Бекасыл әулиені тілге тиек етті. Оның жазған «Зикзал» кітабына үлкен баға берді. Ихсанға қатысты терең тылсым кітап екеніне ишарат етіп, кітаптың ішіндегі індетке қарсы аят-дұғалардың пандемия кезінде барлық мешіттерде оқылғанын айтып, әулиенің шарапаты тигенін тілге тиек етті. Бұл бір ғана Бас мүфтидің емес, оның осы сөзімен жазған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабымен еліміздегі осы заманның дін ғалымдарының мойындауы болды. Келген зиялы қауым да өз пікірін білдіріп, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының ұлттық идеологияға тиер үлесі зор екенін айтты. Иә, ихсан. Ихсансыз пенденің көңілі нұқсан. 

 

Мұхитдин ИСАҰЛЫ,

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі

Предыдущий Следующий
ОЗЫҚ ТӘПСІР «Ихсан» кітабы – насихат жұмысына қажетті құнды құрал

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ихсан ілімі «Ихсан» кітабы – насихат жұмысына қажетті құнды құрал
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми қабылдауында болған кезде елімізде мұсылман қауымына халқымыздың жүрегіне жақын ихсан ілімін кеңінен насихаттау туралы бастама көтеріп, игі жобаларымен бөліскен еді....
Ихсан ілімі Серікхан АХМАДИЕВ: Ихсан ілімінің ізгілігі
Қасиетті Құран Кәрімнің ең үлкен нығметі – ұлы Жаратушымызды адамзатқа таныстыруы. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала Өзін ұлықтағандай дәрежеде ешкім Оны ұлықтауға шамасы жетпейді....
Ихсан ілімі Кәміл адамның сипаты қандай?
Барша әлем белгілі бір себеппен жаратылғаны мәлім. Адамзат сол әлемнің бір бөлшегі, демек оның да бұ дүниеге келуінде бір себеп бар. Алла Тағала қасиетті Құран кітабында «Ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан» дей келе, адамның бұл дүниеге сынақтан өту үшін ...
Ихсан ілімі Кемел адам концепциясы һәм толық иман
2020 жылдың 10 қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдаған болатын. Бас мүфти Мемлекет басшысына Діни басқарма алдағы уақытта «Ихсан» ілімін, Абайдың кемел адам концепциясын кеңінен дәріптеп, насихаттау ж...
Ихсан ілімі Төрәлі ҚЫДЫР: Діл кетсе, мұсылманшылық жоғалады
Дін деген не, діл деген не? Не үшін қазақ мәдениетінде дінмен бірге діл ұғымы қатар аталады? Жалпы исламдық таным мен түркілік рух қалай тұтастанды? Олар ортағасырлық шығармаларда қалай көрініс тапты. Осы және басқа да сауалдар төңірегінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір ә...
Ихсан ілімі Сопылық жол
Сопылық жол – Ислам ғылымдарының ішінде ең нәзік, ең ауыр  жолдардың бірі. Өйткені адам рухының мына жалған дүниенің қызықтарынан бас тарта отырып, өзінің нәпсі қалауларын Құдай жолында тастап жүрегі мен көңілін оған байлау....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 01:10

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi