ДІНИ РӘСІМДЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ДІНИ РӘСІМДЕРГЕ ҚҰРМЕТ

| A | +

Қазақ халқының бойында  бабалардан келе жатқан өте ерекше бір қасиет бар. Ол – діни рәсімдерге құрмет. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ең үлкен құндылықтарымыздың бірі осы болса керек.

Байқайсыз ба, қазіргі күнде кез-келген бір үйге барып: «Мен намаз оқитын едім, уақыты келіп қалып еді» деп айтып көріңізші. Сол үйдің иелері сіздің дәрет суыңызды реттеп, орамалын ұсынып, жайнамаз, тақия, тәспіңізге дейін дайындап бәйек болатындары бар. Ол үйде намаз оқитын адамы болмай, жайнамазы жоқ болған жағдайда да үйіндегі ең таза жаялығын ұсынып, ерекше әбігерге түседі. Міне, бұл діни рәсімдерге құрмет болып саналады.

Бұл тек намазға ғана қатысты емес. Ораза айындағы ауызашарлар, сәресі, тарауих намаздары болсын, құрбан шалу, қажылық сапары болсын, қайсыбір діни құндылық туралы сөз бола қалса, соған деген айрықша құрметті бірден байқаймыз. Осы бір қасиетімізді көздің қарашығындай сақтауымыз аса маңызды.

Бұл жарқын мінездің тағы бір себебі, өмірімізге тірек болып келген негізгі дәстүріміздің көбі әу баста асыл дініміз исламнан келіп шығатындығында. Бұрыннан келе жатқан байырғы әдет-ғұрыптарымыздың қай-қайсысын алып қарасақ та, оның астарында дініміздің талабы, шариғаттың қағидасы жатады. Дәстүрдің өшпей-сөнбей, оны ұстанған халықпен бірге жалғасуының бір сыры да осында болса керек. Мысалы, қазақтың ер жеткен ұлы мен бойжеткен қызы шаңырақ көтеріп, отау құрарда бәрінен бұрын ақ некесін қидырады. Бұл да діни рәсімге деген анық құрмет.  Неке қиюсыз қазақтың отбасында жаңа шаңырақ көтерілмейді. Байқап қарасақ, ақ некенің астарында дініміздің талабы жатыр. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде: "Некелеріңді қидырып үйленіңдер, көбейіңдер, қиямет күні мен сендердің көптіктеріңмен мақтанамын", - деген. Сол кезден бастап күллі мұсылман жұртшылығы үйленіп, тұрмыс құрғанда ақ некелерін қидырып келеді. Қазақ халқы да неке қидыруды негізгі дәстүріне ендіріп жіберді.

Бұл қасиеттің төркіні қайда десеңіз, ол қазақ халқының ислам дінінен нәр алған табиғи мейірімділігімізде жатыр. Рахман Алланың мейірімінен нәр алған ұлтымыз, бізді қоршаған ғажайып жаратылыстың тылсым сырларын бойына сіңірген шапағаты мол ел.  Мейіріміділік бұл елдің қанына сіңіп, сүйегіне бітіп кеткен басты қасиеті десек, артық айтқандық емес. Үлкен мен кішіге, ауыл-аймақ, ағайын-туыстарға ғана емес, исі адам баласына мейірін төгіп, жанды табиғатқа елжірей қарап, обалдан сақтанған қазақтай мейірбан жұрт жер дүниеде аз кездеседі.  Киіз үйінің түндігінен төгілген күн нұры да көшпелі тұрмыс кешкен қазақ елін  жұмсақтыққа, жылылыққа, жанашырлыққа баулиды.

Ілгеріде бір адам «Кезінде талай адамға жақсылық істеп едім. Не керек, соның бірде-бірінен қайыр-жақсылығымның қарызы қайтпады», - деп налыған екен. Сонда осыны естіген  досы отырып: «Одан өкінетін ештеңең жоқ екен, достым. Өйткені біреуге қылған қайыр-жақсылық әлдебір алаяқ саудагердің несиеге беретін қарызы емес, адамшылықтың парызы ғой», - депті. Досының бұл сөзінен ұялған әлгі адам сол сәттен бастап өзгеге істеген жақсылығы жайында жұмған аузын ашпайтын болыпты. Дәл осы оқиғада айтылғандай, діни рәсімдерге деген құрмет біздің адамшылық парызымызды терең ұғатын парасатымыздан да бастау алса керек.

Жалпы, діни құндылықтар мен рәсімдерді құрметтеу – адамшылық борышы. Діндар болмаса да, мәдениетті, өркениетті адам діни рәсімдерді өзі атқармаса да, оларды қорламайды. Әсіресе, көпшілік алдында діни құндылықтарға сөз тигізу – үлкен әбестік. Діни рәсімдерге құрмет жоғалса, жеке адамның өмірінен де, отбасынан да, жалпы қоғамнан да береке қаша бастайтыны сөзсіз.

Біздің асыл дініміз, ислам туралы айтар болсақ, бұл әрбір саналы адам өз еркімен қабылдайтын және осы әлемде және арғы мәңгі өмірде бақытқа қол жеткізетін құдайлық заң. Біздің дінімізді бағаламау, құндылықтарымызды мазақ ету, оның кейбір шарттарымен келіспеу - бұл исламның мәніне қайшы келетін көзқарас саналады.

Жинақтай келгенде, екі дүниенің бақытына діни құндылықтар мен рәсімдерге деген құрметпен қол жеткізуге болады.

                                                  Руслан Елемесов  

«Байкен» мешітінің наиб имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
«МҰХАММЕД» ЕСІМІ НЕ МАҒЫНА БІЛДІРЕДІ? ЕКІ ДҮНИЕ СӘРУАРЫНА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам әдебі ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Дінаралық келісімнің міндеті – түрлі дін өкілдері арасындағы өзара келісім мен ынтымақтастықты, толерантты ара-қатынасты орнықтыру. Өз кезегімізде біз дінаралық келісім сақтау арқылы діни саладағы түрлі шиеленістердің алдын алып, берекелі бейбіт өмірге қол жеткізе аламыз....
Қоғам ЖАС ШЫБЫҚ ИІЛГІШ КЕЛЕДІ...
Жалпы баланың тәрбиесіне әсер ететін төрт фактор бар. Олар: Отбасы, Сыртқы орта («көше»), Мектеп, Қоғам және жалпы қоғамдық мәдениет. Демек, бала тәрбиесі ата-ананың, мектептің, қала берді, жалпы мұсылман қоғамының ортақ ісі. Жаратушы Хақ Тағала мұсылмандардың ізгі істе әрдайым тізе қосып, біріге қи...
Қоғам ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ ТАРАЛУ СЕБЕПТЕРІ
Экстремизм түсінігі латын тілінде extremus сөзінен шыққан, яғни «шеттеу», «шектен шыққан көзқарастар мен іс-әрекеттерге жақын тұратын», соның ішінде тәртіпсіздікті өршіту әрекеті, азаматтық бағынбаушылық, террорлық акциялар, партизандық соғыс әдістері кіреді. Осындай топтардың негізгі ерекшеліктері ...
Қоғам ТЕРІС ИДЕОЛОГИЯНЫ ТАРИХИ САНА АУЫЗДЫҚТАЙДЫ
Таяу Шығыс елдерінде орын алған діни экстремистік топтардың ел ішінде ылаң салып, бүлік шығарғаны, одан қаншама жазықсыз азаматтардың жапа шеккені жайлы да естіп жатамыз. Жалпы теріс идеологияны тежеуші күш болып саналатын «тарихи сана», «тарихи жад», «ұлттық код» ұғымдарына тоқталып көрмекпіз. ...
Қоғам ЕҢБЕК ЕТ, ЕРІНБЕ
Мақаламызды «Әрекет түбі берекет» деген мақалмен бастауды жөн көрдім. Өйткені мақал қарапайым үш сөзден  тұрса да, өмірдің мәнін қамтитын мағынасы бар. Ия, адам баласы дініне ұлтына қарамай егер аянбай еңбек етер болса әрине ол еңбектің қарымын міндетті түрде көреді. Өйткені Алла Тағаланың қойған Ил...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 03:23

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi