ИХСАН ІЛІМІ ЖӘНЕ РИЯ МӘСЕЛЕСІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ИХСАН ІЛІМІ ЖӘНЕ РИЯ МӘСЕЛЕСІ

| A | +

Бүгінгі ақпараттық және ксерокөшірме технологиясы дамып, әлеуметтік өмірдің барлық қыры әлемжеліленіп жаһанданған заманда риясыз шынайылық, төлтума немесе түпнегіз (оригинал) дүние тапшылыққа айналып барады.

Қадам басқан сайын табиғилықтан жұрдай жасандылық, менмендік пен тәкаппарлық, жалған намыс пен мақтанымпаздық (понтмания), көрсеқызарлық пен әсекілік, көсемсу (демагогия) мен жағымпаздық, мансапқорлық пен жемқорлық, екіжүзділік пен өсек-аяң, өшпенділікпен айдап салу (буллинг), көшіре салу мен сұғанақтық (плагиат), имитация (еліктеушілік) пен симуляция (көлгірсу, көзбояушылық) т.б. жүрек, рух, тіл кеселдері мен содан туындайтын амал мен дене дерттерінің көріністеріне куә боласың. Күшенген, ызаланған, тыраштанған бір үрдіс бар. «Болудан» гөрі «болып көріну» басым. Ниеті таза, сөзі түзу, айтқаны мен амалы айнымайтын, өз мінезіне адал, әділдікке жүгінетін тұлға табу қиын. «Заманға күйлемейтін, замана оны илемейтін» жан жоқ тәрізді.

Бұл келеңсіз құбылыстар соңғы кездері қоғамда қарсыласушылық көңіл-күйді тудырып, билік пен азаматтар арасындағы алшақтықты ұлғайтып бара жатқандай. Осы орайда, уағызшылардың жиі айтатын қасиетті Құрандағы Рағыд сүресінің «Расында бір қауым өзін өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді» деген аятын, сондай-ақ, адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Өздерің қалай болсаңдар, солай басқарыласыңдар», «Ең жаман адам – араларыңда сөз таситын, араларыңды бұзатын және адамдарды бір-бірімен шағыстыратын адам» деген хадистерін еске алған жөн деп ойлаймын.

Біздің елімізде дін саласындағы мемлекеттік саясат зайырлылық пен діни құндылықтардың балансын сақтай отырып жүзеге асырылып келеді. Былтыр, яғни 2020-жылдың қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдағаны белгілі. Сол кездесуде мүфтият алдағы уақытта «ихсан ілімін», қазақтың данасы Абайдың «кемел адам» концепциясын кеңінен насихаттайтыны айтылған еді. Бұл бастама мемлекет басшысы мен дінбасының елдегі қоғамдық ахуалды жақсартуға деген ізгі ниетінен туындаса керек.

Содан көп ұзамай, үстіміздегі жылдың мамыр айында хазіреті Мүфтидің жетекшілігімен «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты көлемді кітап «Мүфтият» баспасынан жарыққа шығып, оқырманға жол тартты. Қолымызға тиген бұл кітаптың мазмұны Жаратушы Алла және адам мен қоғам ара байланыстарындағы ихсан мәселесін қамтиды. Ыждаһатпен жазылған бұл еңбек шектен шыққан кейбір діни ағым өкілдеріне ғана емес, жалпы қоғамдағы рухани ізденіске зәру адамдарға арналып, жаман әдеттерден жиренудің жолдарын үйретіп, жақсылыққа шақырады. Діндегі иман және ислам ұғымдарын толықтыра отырып, ихсан ілімі адам бойында, қоғам болмысында әдеп пен көркемдік қалыптастыруға үндейді.

Ия, ихсан адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім болса, оның биік дәрежесіне ықылас арқылы ғана жетуге болады. Ал ықыластың діни түсінігіне келсек, ол дүниелік пайда көздемей, өзге адамдардың назарына ілігуді мақсат тұтпай, ізгі де шынайы амалдар арқылы Алла разылығын алуға ұмтылысты білдіреді. Ықыластың кері ұғымы – рия, ықыласты қалыптастыру рияны жою арқылы жүзеге асады. Рияның діни мағынасы дүнияуи пайдаға кенелу мақсатында амал етуді және әрекетін әдейілеп адамдарға көрсетуді білдіреді де, оның шариғаттағы үкімі мейлінше қатаң болып келеді. Біздің сөз басында келтірген кесел келеңсіздіктер бұл дүниені мақсат еткен адамдардың риясына жатады және бұл құбылыс әлеуметтік өмір мен руханияттың әр саласындағы - басқару мен бағынудағы, саясат пен құқық қорғаудағы, ғылым мен білімдегі, әдебиет пен өнердегі, мәдениет пен спорттағы берекесіздіктердің орын алуына ықпал етіп отыр.

Қорыта айтқанда, қоғам жекелеген адамдардың әлеуметтік бірлестігі болғандықтан, бәрінің игілігі әркімнің игілігінен құралады. Әркім үйде де, түзде де бір мінезді болып, өз-өзін есепке алып, өз адамгершілік болмысына сай болып, жан-жағына жағымды қарап, риядан арылуға тырысуы тиіс. Сонда ғана осы шақтағы ортамыз толып, болашағымызға деген сенім мен үміт болады.

Бақытжан Сатершинов,

философия ғылымдарының докторы, профессор

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ЖӘННАТ НЫҒМЕТТЕРІ Мұхаррам – мұсылман жыл санауының алғашқы айы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ихсан ілімі Рия кейбір күнәдан қауіпті
Бүгінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен барлық өңірде Ихсан ілімі кеңінен насихатталуда. Ихсан сөзі ізгілік, игілік, жақсылық деген мағынаны аңғартса, шариғаттағы мәні әр нәрсені кемел, көркем түрде орындау дегенді білдіреді. Осы ретте Ихсан ілімінде ықыластың алар орны туралы аз-к...
Ихсан ілімі Ихсан адамды жамандықтан алыстатады
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосатын үлкен еңбек дер едік. Сонымен қатар бұл кітап мұсылман жамағ...
Ихсан ілімі Ихсан қақпасы
Ихсан. Ихсансыз пенденің көңілі нұқсан. Қазақта «ихсан» сөзі тікелей қолданбаса да «қайырихсан», «ихсансадақа» деп қолданылған ұғымдар баршылық. Осы екі ұғымның өзінде ихсанның бар екені көрініп тұр. Яғни ихсанның түп-тамыры – жақсылық. Қайыр іс те – садақа да ихсанның белгілері. Алланың разылығына,...
Ихсан ілімі «Ихсан» кітабы – насихат жұмысына қажетті құнды құрал
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми қабылдауында болған кезде елімізде мұсылман қауымына халқымыздың жүрегіне жақын ихсан ілімін кеңінен насихаттау туралы бастама көтеріп, игі жобаларымен бөліскен еді....
Ихсан ілімі Серікхан АХМАДИЕВ: Ихсан ілімінің ізгілігі
Қасиетті Құран Кәрімнің ең үлкен нығметі – ұлы Жаратушымызды адамзатқа таныстыруы. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала Өзін ұлықтағандай дәрежеде ешкім Оны ұлықтауға шамасы жетпейді....
Ихсан ілімі Кәміл адамның сипаты қандай?
Барша әлем белгілі бір себеппен жаратылғаны мәлім. Адамзат сол әлемнің бір бөлшегі, демек оның да бұ дүниеге келуінде бір себеп бар. Алла Тағала қасиетті Құран кітабында «Ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан» дей келе, адамның бұл дүниеге сынақтан өту үшін ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 00:39

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi