«ТӨЛЕ БИ» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Алмалы ауданы «Төле би» мешітінде қайырымдылық шарасына қатысты.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігі мен «Төле би» мешітінің ұйымдастыруымен сондай-ақ кәсіпкер демеушілердің қолдауымен мешіттердің тазалық жұмыстарына арналған сұйық сабын, кір кетіретін сұйықтықтар жиынтығы алынды.
«Қоғамның рухани дамуында маңызды рөл атқаратын мешіт тазалығы әрдайым алғашқы орында. Жамағат игілігі үшін тазалық жұмыстарын жеңілдетуге қажетті заттарды жеткізуді қолға алған мешіт ұжымы мен демеушілерге алғысымыз шексіз. Алла кәсіптеріне береке берсін», - деп атап өтті шаһардың бас имамы Төлеби Оспан.
Бұл тазалыққа қажетті заттар қала мешіттеріне үлестірілетін болады.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі