«ТӨЛЕ БИ» МЕШІТІНДЕ РАМАЗАН АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
Алматы қаласы Алмалы ауданы «Төле би» мешітінде әйел-қыздар секторы Рамазан айы қарсаңында әр апта сайын шәкірттермен кездесу өткізуде.
Әйел жамағатының бұл басқосуында Рамазан айының қадір-қасиеті түсіндіріліп, имандарын қуаттауға насихат айтылды. Бұл апталық кездесуде мешіт ұстазы Гүлзат Акурпикова әжелермен арнайы кездесіп, қасиеті мол шарапатты ай турасында уағыз жүргізді. Мұсылман үмбетін шын қуанышқа бөлеп, иманның ләззатын сезіндіріп, ғибадаттың мәнін ұқтыратын рамазан айы туралы мол ақпарат берілді. Іс-шара барысында оразаға қатысты сұрақтарға жауап беріліп, жамағат шәкірттер арасында білім алмасу болды. Кездесу соңында әжелер баталарын беріп, ұйымдастырушы ұстаздарға алғысын білдірді.

