ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Алматы қаласы Алмалы ауданы «Төле би» мешітінің ұстазы Гүлзат Акурпикованың жетекшілігімен дәріс алып жүрген зағип жандарға ауызашар дастарханы жайылды.
Қасиетті рамазан айының ауызашар дастарханы ерекше жандарға жайылды. Мүгедектігіне қарамай мешітке келіп Құраннан дәріс алып жүрген ерекше әжелердің құрметіне арналған ауызашар дастарханы көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Игі шарада Апаларға сөз кезегі беріліп, зағип әжелер бата, дұға-тілектерін арнады. Ауызашар соңына қарай әрқайсысына ұстаздар трапынан дайындалған сыйлықтар табысталды.