«ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ - БАРШАҒА МІНДЕТ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы қаласы, Бостандық ауданы «Нұрлытау» мешітінің ұйымдастыруымен «Kunaev» бизнес орталығында «Ұстазға құрмет - баршаға міндет» атты семинар өткізілді.
Семинарды ұйымдастырушы «Нұрлытау» мешітінің бас имамы Ерлан Құлмырзаұлы студенттерге шараның басты мақсаты ұстазға құрмет көрсетудің маңыздылығы екенін түсіндіріп өтті. Алдымызда келе жатқан ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған семинарда «Дархан» мешітінің бас имамы Айдос Шарапатбекұлы спикер ретінде қатысты. Аталмыш семинарда шәкірттің ұстаз алдындағы міндеттері мен ұстазға деген құрмет жайлы насихат айтылды. Семинарға қатысқан студенттер пайдалы ақпарат алғанын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Шара соңында кері байланыс ретінде студенттерге викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі