МИҒРАЖ ТҮНІНДЕ «НҰРЛЫ» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ
Медеу ауданы «Нұрлы» мешітінде миғраж түні қарсаңында жамағатқа уағыз-насихат айтылды.
«Нұрлы» мешітінің бас имамы Қасым Әшімов жиналған жамғатқа алдымен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бағдарлық баяндамасында 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялағанын жеткізді. Сондай-ақ қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлының мүфтияттың жылдық жоспары негізінде Алматы өкілдігі бекіткен 2024 жылға арналған жұмыс барысы жайлы айтып өтті.
Жамағатқа миғраж түнінің қасиеттері жайлы кеңінен мағлұмат беру үшін «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университетінің ұстазы, дінтанушы Азамат Жамашев шақырылды. Әз пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) басынан өткерген ғажайып түні, исра сапары жайлы оқиға жан-жақты баяндалды.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі