«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША ОРТАЛЫҚ МЕШІТ АУЛАСЫ ТАЗАРТЫЛДЫ
Алматы Орталық мешітінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тазалық акциясы аясында мешіт ауласын тазалау жұмыстары атқарылды.
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында ұйымдастырылған тазалық шарасында Алматы Орталық мешітінің ауласынан қоқыстар шығарылып, әрлеу-сырлау, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар өскін ағаштар қысқартылып, жасыл-желек ескі жапырақтар мен қалдық қардан тазартылды. Шаруашылық қызметкерлері мешіт ауласында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Дәділұлы Президент бастамасына қолдау - қоршаған ортаның тазалығын сақтап, қаланың көрікті ғимаратына айналған мешіт аумағындағы қоқыс қалдықтарын жинау, ағаштар мен көгалдарды көркейту - тазалық мәдениетін насихаттау екенін айтты.
Айта кетсек, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тазалық акциясына Алматы мешіттері мен жамағаты тұрақты түрде ай сайын қатысып, қала тазалығына үлес қосуда.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі





