ТҮРКСІБ АУДАНЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Қасиетті Ережеп айының құрметіне орай Алматы қаласы, Түрксіб ауданы «Фирали Ферғанұлы» мешітінде бүгін қайырымдылық шарасы өткізілді.
«Қайырымдылық – қайырлы іс» акциясы аясында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры» Алматы өкілдігі мен «Фирали Ферғанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен қамқорлық шарасында 10 мұқтаж отбасы қамтылды. Күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері толтырылған «қайырымдылық сөмкесі» көмекке зәру отбасыларына үлестірілді. Мешіттің бас имамы Ержан Абдраманов жиылған жамағатқа Ережеп айының қадір-қасиеті жайында айтып, сауапқа толы бұл айды жақсы амалдармен өткізіп, мейірімді болуға үндеді. Бүгінгі ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты да қоғам арасында қайырымдылықты насихаттап, бір-бірімізге бауырмал болуға шақыру болды.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі