АЛМАТЫДА ИҒТИҚАФҚА РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН МЕШІТТЕР ТІЗІМІ

Алматы қаласы бойынша рамазан айында иғтиқафқа рұқсат берілетін мешіттер тізімі:
№ |
Аудан, мешіт атауы |
Мекен-жайы |
Жауапты |
Телефон нөмірі |
1 |
Алатау ауданы, «Әл-Азим» мешіті |
Боралдай кенті, Азат көшесі, 20 в |
Ғазиз Жүсіпов |
+7 701 775 08 76 |
2 |
Алатау ауданы, «Д.Қонаев» мешіті |
Ақбұлақ ш.а., Қаратоған көшесі 10 |
Мейіржан Құлсымақов |
+7 777 918 14 48 |
3 |
Әуезов ауданы, «Мүзәммил» мешіті |
Яссауи көшесі, 70 |
Жұманәлі Аманов |
+7 701 278 01 85 |
4 |
Жетісу ауданы, «Нәби» мешіті |
Павлодарская 64 |
Асхат Өтепов |
+7 775 334 44 45 |
5 |
Түрксіб ауданы, «Абдулла» мешіті |
Баймағамбетов көшесі, 264 |
Жанат Құрбанисов |
+7 708 777 08 34 |
6 |
Наурызбай ауданы, «Қалқаман-2» мешіті |
Аспандияров көшесі, 84 |
Руслан Қамбар |
+7 747 554 34 84 |
7 |
Наурызбай ауданы, «Ибрахим-1» мешіті |
Ж. Досмухамедова 13/2 |
Бекжан Есболғанов |
+7 778 650 50 31 |
8 |
Наурызбай ауданы, «Нұр» мешіті |
Дәулеткерей 118 |
Бақдәулет Шаймерденұлы |
+7 778 914 59 06 |
9 |
Медеу ауданы «Райымбек батыр» мешіті |
Хан Тенгри 1 |
Ғалымжан Маханбетов |
+7 707 973 24 38 |
10 |
Бостандық ауданы «Байкен» мешіті |
Розыбакиев көшесі 200 |
Сұлтан Жұмалиев |
+7 707 275 51 01 |
Рамазан айындағы иғтикаф
Араб тілінде иғтиқаф – бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау деген мағынаны білдіреді. Фиқһ терминінде азан шақырылып, қамат түсірілетін мешітте иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір мезгіл сол жерде қалуды білдіреді. Рамазан айының соңғы он күніндегі иғтиқаф – кифая жолымен мүәккад сүннет[1]. Айша, ибн Омар, Әнестің (رضي الله عنهم) риуаяттарында: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға келгеннен кейін көз жұмғанға дейін Рамазанның соңғы он күнін иғтиқафпен өткізетін»[2], - деп келген.
Иғтиқафтың шарттары
1. Ақыл-есі дұрыс, мұсылман болуы керек.
2. Ғұсылы жоқ адам да сыртқа шығып тазаланып келуі керек.
3. Иғтиқафқа ниет ету керек.
4. Иғтиқаф мешітте болуы керек.
Иғтиқаф әдебі
1. Иғтиқафты Рамазан айының ақырғы он күнінде мешітте жасау.
2. Иғтиқаф кезінде жаман сөз сөйлемеу керек. Жақсы сөз айтылғаны абзал.
3. Иғтиқаф кезінде Құран, хадис, Аллаһты барынша зікір етіп, көп салауат айтып, терең ғибадат ету керек.
4. Жақсы киім мен хош иіс жаққан абзал.
Иғтиқафты бұзатын нәрселер
1. Жыныстық қатынас.
2. Иғтиқафтағы мешіттен себепсіз шығу иғтиқафты бұзады.
3. Иғтиқафқа кірген адам бірнеше күн есінен айрылып талып қалса немесе ақылына нұқсандық келсе, иғтиқафы бұзылады[3].
Ескерту: Әйел баласы иғтикафын үйінде намаз оқитын жерінде жасайды. Мешітте жасамайды.
[1] әл-Фатауа әл-һиндия, 1 том, Ораза бөлімі.
[2] Бухари, Итиқаф, 1.
[3] әл-Фатауа әл-һиндия, 1 том, Ораза бөлімі.
Дереккөз: fatua.kz