Жаңалықтар
Кеше Алматы қаласы орталық мешіті ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасымен құрылған жергілікті ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің отырысы өтті. Бас қосуға Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Рахымжанұлы және Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қатысты.
Бас имам Еркінбек қари Шохаев имамдар үнемі көпшілік халықтың ортасында жүретіндігін еске салып, ел мен діннің мүддесін даналықпен, дұрыс насихаттай алу қажеттігін тілге тиек етті. Ал, басқарма басшысы Айдар Рахымжанұлы халық арасында зайырлы мемлекетіміздің ұстанымдарын, дініміздің өркендеуіне жасалып жатқан жағдайларды насихаттаудың маңызы зор екендігін айтты.
Жиын соңында Алматы қаласы көлемінде жүргізілетін насихаттық жұмыстардың жоспары бекітіліп, сол жоспарға сай оқу орындары, түзету мекемелері, мемлекеттік ұйымдар және халық көп шоғырланатын арнайы орындарда түсіндірме жұмыстары жасалатын болып келісілді.
Алматы қаласы Орталық мешітінің
Баспасөз қызметі
«АЛТЫН ОРДА ӨРКЕНИЕТІ: РУХАНИ МҰРА ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Алматы қаласында Жошы ұлысының 800 жылдығына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «АЛТЫН ОРДА ӨРКЕНИЕТІ: РУХАНИ МҰРА ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті....
БАС ИМАМ ЖАС МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы шаһар мешіттеріне жаңадан тағайындалған жас дін қызметкерлерімен кездесті.
АЛАТАУ АУДАНЫНДА ДІН МАМАНДАРЫ БАС ҚОСТЫ
Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша дін істері басқармасының бас маманы аудандық мешіт имамдарымен кездесу өткізді.
АЛАТАУ АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕРІНДЕ ЖАНТ МҮШЕЛЕРІ УАҒЫЗ АЙТТЫ
Алатау ауданы «Д.Қонаев» және «Нұр» мешіттерінің бас имамдары әрі ЖАНТ мүшелері Мейіржан Құлсымақов пен Олжас Сейдманов аудан мешіттерінде уағыз жүргізді.
Алматы: Бас имам Құрбан айтқа арналған баспасөз мәслихатын өткізді
Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан қасиетті Құрбан айт мерекесінің қарсаңында Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Карантин кезінде Құрбан айт мерекесін атап өту» атты онлайн баспасөз мәслихатын өткізді....
Талапкер-2018: Әбу Ханифа медресе колледжі талапкерлерді оқуға қабылдайды
2018-2019 оқу жылына Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан Техникалық және кәсіптік білім беру беру мақсатында ашылған колледжге оқуға түсемін дейтін талапкерлердің өтініштерін қабылдау 20 маусымнан бастап 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады....
Тарихтан тағлым: шәкірттер Жамбыл мұражайында
Алматы қаласы, Наурызбай аудандық «Абу Бакр» мешіті имамдарының ұйымдастыруымен жазғы оқу курсындағы бүлдіршіндерді Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында орналасқан тарихи және мәдени Жамбыл мұражайына саяхаттатып, біртуар бабамыздың жәдігерлерімен таныстырды....
«Бәйкен» мешітіндегі жамағатпен жүздесу
Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы Бостандық ауданындағы «Бәйкен» мешітіне арнайы ат басын бұрып, жамағатпен жүздесті. Мешіттің ішкі-сыртқы жұмыстарымен танысып, мешіттің жұмыстарына оң баға берді....
Орталық мешіттегі жазғы сауат ашу курсы аяқталды
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», - деген халқымыздың даналыққа толы сөзі салихалы қоғамның бастауы өскелең ұрпақтың бүгінгі тәрбиесімен байланысты екенін баяндап тұр....
Жастар арасындағы теңбіл доп сайысы
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мешіттерінде жаздық оқу курсында тәлім алып жатқан шәкірттер арасында теңбіл доптан мешіт аралық сайысы болып өтті....
Орталық мешіттегі жазғы курс
Балаға тал бесіктен тәрбие беруді құп көретін қазақ халқы жас ұрпақтың ілім алуына аса мән берген. Оған Орталық мешітімізде өткізіліп жатқан дәріске келуші шәкірт саны дәлел бола алады. Қыз балалар саны 30 болса, болашақ ел тізгінін ұстар ер балалардың саны 40-қа жетіп отыр. Мешітіміз тек қазақ тіл...