ҚАЛАНЫҢ БАС ИМАМЫ МҰХАММЕД ӘЛ-ӘМИН МЕШІТІНДЕ АҚШАМ УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Наурызбай ауданы Мұхаммед әл-Әмин мешітінде кешкі ақшам уағызын жүргізді.
Мешіт жамағатына уақыттың қадірі, жастық шақ туралы уағыз айтты. «Жастық шақ-үлкен мүмкіндік
Жастық – адам өміріндегі ең қымбат әрі қайтып келмейтін кезең. Бұл уақытта адамның бойында күш-қуат та, білім алуға, ізденуге және жақсы істер жасауға мүмкіндік те мол болады», - деп атап өтті бас имам.
Ислам дінінде де жастық шақтың қадіріне ерекше мән беріледі. Жастықты бос нәрселерге емес, білімге, еңбекке, ата-анаға қызмет етуге, жақсылық жасауға және иманды күшейтуге арнау – үлкен жетістік болмақ.












