Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы Бостандық ауданындағы «Бәйкен» мешітіне арнайы ат басын бұрып, жамағатпен жүздесті. Мешіттің ішкі-сыртқы жұмыстарымен танысып, мешіттің жұмыстарына оң баға берді.
Ал, мешітке қатысты кездесуден кейін Бас имам Еркінбек қари Керімбекұлы «Апатқа ұшыраған қауымдар» тақырыбында Жұма уағызын жүргізіп, апатқа ұшыраған қауымдар туралы Құран Кәрімдегі қиссалардан алынатын хикметтері мен ғибраттары және адам баласына қажетті дәрістерін жұмаға жиналған жамағатқа тереңнен ашып түсіндіріп берді.
Мешіттің барлық қабаттары мен ауласы лық толып Жұма намазы атқарылды. Намаз соңында жиналған жамағат шынайы бауырмашылдықтың үлгісін көрсетіп бір-бірімен сәлемдесіп, ақсақалдардың ақ батасын алды.
Алматы қаласы Орталық мешітінің
баспасөз қызметі