АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ БӘРЗӘНЖИ МӘУЛІТІ ОҚЫЛДЫ
Пайғамбар туған ай құрметіне Алматы Орталық мешітінде бәрзәнжи мәуліті оқылды.
Айтулы шараға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, дін қызметкерлері мен қарилар қатысты. Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және оның әулетіне салауат, сәлем айту дұғаның қабыл болуының бір шарты екенін жеткізді. Екі дүние сардары, адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айының құрметіне орай имам Бәрзәнжи құрастырған мәуліт жыры оқылып, жамағатпен бірге салауат айтылды. Мәуліт жырының қазақ тіліндегі аудармасы лэд экран арқылы жамағатқа көрсетіліп тұрды. Бұл өз кезегінде жамағатқа араб тіліндегі мәуліт жырын түсініп, ұғынуға мүмкіндік береді. Имамдар Құран Кәрім сүрелерін оқылып, мешіт ақсақалдары бата берді. Алла Тағаладан елімізге тыныштық, амандық-саулық тіледі.
















