МӘУЛІТ 2026: ПАЙҒАМБАРҒА (ﷺ) САҒЫНЫШ ХАТЫ ЖАЗЫЛДЫ
«Адалдық жаршысы – Мұхаммед (ﷺ)» тақырыбында өткізілген рухани мәуліт кешінде Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сағыныш хатын жазуға мүмкіндік ұйымдастырылды.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын мәуліт кешінде ерекше сәттер қуантты. Соның бірі көрермен Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген жүрекжарды тілегі мен сағыныш хатын ақ қағазға жазып қалдырды. Ерекше толқыныс пен жүректен шыққан лебіздер толассыз хаттармен ұласты. Арнайы орнатылған қалталарға хаттарын қалдырған көрермен Мұхаммед Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сағынышын жазумен жеткізді. Ұстаздар ішінен үздік деп тапқан хаттарды кеш соңында сахнада лед экран арқылы көрермен назарына ұсынды.
Сонымен қатар көрермен қауым үшін Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолымен VR технологиясы арқылы танысуына мүмкіндік берілді. Цифрлық даму бағытымен виртуалды көзілдірік арқылы Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туылған сәтінен бастап өмір тарихына қысқаша мазмұнда шолу жасалынған. Жаңа технология арқылы Пайғамбар дәуіріне шолу жасаған көрермен ризашылықтарын жеткізді.
Мұхаммед Пайғамбарымызға Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі





























