МӘУЛІТ 2026: САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР КӨРСЕТІЛДІ
Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Адалдық жаршысы – Мұхаммед (ﷺ)» атты рухани мәуліт кешінде театр актерлері сахналық қойылымдар көрсетті.
Жүрекке шуақ шашқан рухани мәуліт кешінде Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мадақ жырлары айтылып, оның өсиеттері дәріптелді. Қазақ шаңырағында тәрбие мен имандылық дәрістерін үйрететін сахналық көріністер көрерменге ерекше жылулық сыйлады. Әрбір отбасына Пайғамбар өмірінен тәлім мен тәрбие тарататын өнегелі өсиеттер қойылымдарда көрсетіліп, көрермен жүрегінен орын тапты. Сахна актерлерлерінің шеберлігі қойылымның мазмұнын ашып, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі







































