Құрбан мейрамы кезінде мұсылмандардың көпшілігі екі қиындыққа кезігеді: біріншісі құрбандыққа мал іздеп, оны шалу болса, екіншісі құрбандыққа шалынған мал етін тиесілі адамдарды тауып, тарату.
Көптеген адамдар осы діни салт-жораны жүзеге асыру үшін кезектерін бірнеше сағаттап күтуге мәжбүр. Содан соң олар қалған уақытта көмекке зәру болған жандарды іздеп табанынан таусылады.
Осыған байланысты, Алматы қаласының Орталық мешіті және «Ихляс» қайырымдылық қауымдастығы қажылық айы мен «Ид әл-Адха» мейрамының қарсаңында «Раббың үшін құрбан шал!» атты кезекті акциясы өткізілетінін жариялайды. Оның мақсаты – мұсылмандарға өздерінің діни парызын орындауға қол ұшын беріп, істі жеңілдету және шынайы мұқтаж адамдарға жәрдем беру.
Енді өзіңіздің діни парызыңызды орындау үшін Орталық мешіттің есеп-шотына қаржы құйсаңыз жеткілікті. Малды құрбандыққа шалу міндетін мешіт имамдары өз мойнына алса, етті мұқтаж жандарға алдын-ала дайындалған тізім бойынша таратумен «Ихляс» қауымдастығы айналысады.
Акцияға қатысушылар рәсімнің басы-қасында болып қана қоймай, әкелген малдарының етін өздері таратып беру үшін түгелдей алып кетулеріне болады. Алайда, егер қандай да бір себептермен олар рәсімге қатыса алмайтын жағдайда болса, Шариғатта рұқсат етілгендей, барлық тиісті шаралар солардың атынан жасалады.
Қатысушылар құрбандыққа шалынған мал етінің уәжіп болған бөлігін ғана немесе түгелдей таратып берсе де өз еріктері. Мұны әр адамның өзі шешеді.
Аталмыш акцияны Алматы Орталық мешіті биылғы жылды қосқанда қатарынан алтыншы жылы өткізгелі отыр және алдыңғы жылдар талаптарына сай құрбандыққа тек iрi-қара мал ғана (сиыр) шалынады, себебі, тәжірибе көрсеткендей, ірі қара малға деген сұраныс көбірек.
Ірі қара мал жеті адамның атынан құрбандыққа шалынады. Сол себепті, құрбан шалу үшін мал құнының 1:7 (жетіден бір) бөлігін құю қажет болады.
Бір бас ірі қара малдың бағасы - 260 000 теңге.
1 бөлігі - 40 000 теңге.
20 000 теңге көлеміндегі айырмаға құрбандық шалуды ұйымдастыру, малды тиісті орынға жеткізу, етті тарату сияқты шығындар төленетін болады.
Етті мұқтаж жандарға үлестіру міндетін «Ихляс» қауымдастығы өз мойнына алады.
Құрбандық малын сатып алуға арналған қаражатты «Ихляс» қауымдастығына қолма-қол берсеңіз де, Алматы Орталық мешітінің есеп-шотына аударсаңыз да болады:
Алматы қалалық орталық мешіт ҚМДБ ДБ филиалы
БИН 961 141 002 254
Есеп-шот: KZ646017131000053831
«Халық банк» АҚ
БИК HSBKKZKX
КБЕ 18
КНП Құрбандық малын алуға
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ақшаны аударғаннан кейін төменде көрсетілген байланыс номеріне міндетті түрде WhatsApp арқылы өзіңіздің аты-жөніңізді, қай қаладан екеніңізді, аударған қаражаттың сомасы мен қай банк арқылы аударым жасалғандығы жайлы ақпаратты беру талап етіледі.
WhatsUp жіберу үшін байланыс номері. +7 708 832 28 69
Ақпарат алу үшін байланыс номерлері :
+7 701 593 91 45 Көкірекбаев Ермек – Алматы Орталық мешітінің имамы.
+7 705 224 16 79 Абдулла – «Ихляс» қауымдастығының өкілі
Байланыс уақыттары: Дүйсенбі – Сенбі, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін.
Ақпарат жолдау мысал: Мүслімов Ислам Мұхаммедұлы, Алматы, 40 000 теңге, (Каспий банк)
Қаражатты алдын-ала аудару керек. Қаржыны қабылдаудың соңғы күні - 20-шы тамыз.
Ақшалай қаражаттың түсуі, оның жұмсалуы және де құрбандыққа шалынған мал етінің мұқтаж жандарға таратылуы жайлы есеп azan.kz сайтында және «Ихляс» қауымдастығының Facebook парақшасында жарияланады.
Қосымша ақпаратты төмендегі нөмерлер арқылы анықтай аласыз:
+7 (727) 385-02-95 - Орталық сайт мешітінің әкімшісі
+7 705 224 16 79 - "Ихляс" қауымдыстығы