ӘДЕБИ КІТАПТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Жуырда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.
Осыған орай, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазрет мешіт кітапханаларын тек діни кітаптармен емес, тарихи, әдеби кітаптармен қамтамасыз етуді тапсырған еді.
Алматы қаласында мешіттердің кітапханалары бірқатар тарихи, әдеби еңбектермен толықты.
Мешіттердің кітапхана қорына төмендегі институттар қолдау көрсетті. Олар:
* М.Әуезов атындағы
«Әдебиет және өнер» институты.
* Ш.Уәлиханов атындағы
«Тарих және этнология» институты.
* Р.Б.Сүлейменов атындағы
«Шығыстану» институты.
* А.Байтұрсынұлы атындағы «Тіл білімі» институты.
* «Философия, саясаттану және дінтану» институты.
* «Нұр Мүбәрак» университетінің жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығы.
Бұл мекемелерден тарихи, әдеби жанрдағы 151 кітаптың 748 данасы берілді. Бізге қолдау көрсеткен институт басшыларына алғыс білдіреміз.










