КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚТАН САҚТАН
Жәйрем
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:11

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:09 07:37 12:11 14:51 16:36 18:04
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚТАН САҚТАН

| A | +

Бұрынғы өткен ғұламалар: «Көреалмаушылық аспандағы ең алғашқы жасалған күнә. Ібіліс Адам (ғ.с.) пайғамбардың мәртебесі мен дәрежесіне іштарлық етті. Сонымен бірге, жер бетінде де ең әуелі жасалған қылмыс пен күнә көреалмаушылықтың салдарынан болды. Адам (ғ.с.) ұлдары бірін-бірі іштарлық кесірінен өлтірді», - деген.

Зубайр бин Аууам (р.а.) жеткізген хадисте:

دَبَّ إِلَيْكُمْ دَاءَ الْأُمَمِ قَبْلَكُمْ: الْحَسَدَ وَ الْبَغْضَاءَ. والَّذِي نَفْسَ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ لا تُؤْمِنُوا حَتَّى تَحَابُّوا أَوَ لا أُنَبِّئُكُمْ بِشَيءٍ إِذَا فَعَلْتُمُوهُ تَحَابَبْتُمْ؟ أَفْشُوا السَّلاَمَ بَيْنَكُمْ

«Сендердің бойларыңда әуелгі үмметтердің дерті – көреалмаушылық пен ашу-ыза дендеп барады: Мұхаммедтің жаны уысында болған Алламен ант етемін, бір-біріңді жақсы көрмейінше кәміл иманды болмайсыңдар. Сендерге бір-біріңді жақсы көргізетін істі айтайын ба? Өз араларыңда сәлемді дауыстап беріңдер» (Ахмад, Термизи), - делінген.

Мұсылман қызыға қарайды, бірақ көреалмаушылық танытпайды. Ал, екіжүзді адам көреалмаушылық жасайды, ол қызыға қарауды білмейді.

Іштарлық пен көреалмаушылық пәни дүниемен түйдей құрдас. Әлмисақтан бері адамзаттың көлеңкесіндей бір елі ажырамай келеді. Жер бетінде алғашқы қан төгіске себеп болған да – бауырлар арасындағы көреалмаушылық. Іштарлық Іблістің Алла Тағала мейірімінен қуылуына итермеледі. Адамзатпен мәңгі дұшпан етті. Адамның жақсы қасиеті кемеліне жетіп, Құдайдың берген дарыны ұлғайған сайын, оны көрген әрбір кемшілігі бардың жүрегі сығылып, тынысы тарылады. Кісінің қуанышын көре алмайды. Жетістігі ұйқысын қашырып, мазасын алады. Салдарынан көңілінде жасырын ашу-ыза туады. Көреалмаушының өзегін өртеген от, кісі жақсылығынан айырылса ғана сөнеді.

Әбу Һұрайра (р.а.) риуаяты:

إِيَّاكُمْ وَالْحَسَدَ فَإِنَّ الْحَسَدَ يَأْكُلُ الْحَسَنَاتِ كَمَا تَأْكُلُ النَّارَ الْحَطَبَ

«Көреалмаушылықтан сақ болыңдар. Өйткені, көреалмаушылық адамның ізгі-сауап амалдарын от (ағаш) отынды жандырып жібергендей жоқ етеді» (Әбу Дәуіт).

Омар ибн Хаттаб (р.а.): «Кімнің Алла берген бір нығметі болса, оған бір көреалмаушы іштар табылады. Тіпті, мін мен айыптан бойы таза адамға да тырнақ астынан кір іздеуші біреу табылады...», - деген екен.

Бағдат шаһарында болған оқиға. Досына «бұл қаладан көшіп кеткім келеді» дейді бір кісі. «Неге?»,- десе, «көрші-қолаң ылғи іштарлық етеді. Көре алмайды»,- дейді. Үйі қарапайым, адам қызығатындай ешбір бұйымы да, малы да жоқ. Досы аң-таң. Сонда міне қара да тұр, деп көршілері еститіндей етіп, даусын шығарып: «Қош болыңдар! Мұсылмандар әміршісі мені және пәленше мен түгеншені жазаға кесті»,-деп, қаладағы абыройлы екі-үш кісінің аты-жөнін қосып айтады. Сонда, көршісі: «Ей, оңбаған! Неге сені олармен бірге жазалайды?»,- деген көрінеді. Сонда кісі досына: «Көрдің бе, олар менің ығай мен сығай қатарында жазалануымның өзін қош көрмейді»,- дейді.

Хариса бин Нұғман (р.а.) риуаят етеді:

ثَلاثٌ لازِمَاتٌ لأُمَّتِي : الطِّيَرَةُ ، وَالْحَسَدُ ، وَسُوءُ الظَّنِّ ، فَقَالَ رَجُلٌ : فَمَا يُذْهِبُهُنَّ يَا رَسُولَ اللهِ مِمَّنْ كُنَّ فِيهِ ؟ قَالَ : إِذَا حَسَدْتَ فَاسْتَغْفِرْ ، وَإِذَا ظَنَنْتَ فَلاَ تَحَقِّقْ ، وَإِذَا تَطَيَّرْتَ فَأَمْضِهِ

– Үш нәрсе менің үмметіме жабысып жүреді: бал ашу, көреалмаушылық және жаман ой, - деді Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Сонда біреу:

– Уа, Алланың Елшісі! Ол жамандықтардан қалай құтылуға болады? - деп сұрады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер көреалмаушылық жасасаң, Алладан кешірім сұра. Жаман ой келсе, оны қазбалама. Бал ашып қойсаң (білместікпен), соған қарай әрекетіңді жасай бер, - деп жауап берген екен» (Табарани).

Әли (р.а.): «Көреалмаушыда – тыныштық жоқ, күйгелекте – бауыр жоқ, мінезі жаманның – досы жоқ», - деген екен.

Мұғауия (р.а.): «Барлық адамның көңілін тауып, риза ете аламын. Тек көрелмаушының көңілін таппадым. Өйткені, оның көңілі тек кісіге берілген нығметтің кетуімен көншиді...», - деген екен.

Сахабаларының бірі бір жолдасын жақсы көретінін айтқан кезде Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Бар да, жақсы көретініңді өзіне айт» деген. Жолдастарымыз туралы тек жақсы сөздер айтатын болсақ, олар да бізге теріс әрекет жасамайды.

Тілімізді ғайбаттан сақтау үшін егер бар болса қызғаныш ауруын анықтап, оны емдеу жолдарын қарастыру керек. Бұл емдеу ісінде қаншалықты табысты болсақ, ғайбат мәселесінде де соншалықты оң нәтижеге қол жеткіземіз. Раббым баршамызды рухани кеселдерден сақтасын!

Түрксіб мешітінің имамы

Сансызбаев Қанат

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ПАРЫЗДАН КЕЙІНГІ ПАРЫЗ - АДАЛ КӘСІП КӨРШІ АҚЫСЫ - ҚҰДАЙ АҚЫСЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ЕЛ ІШІ АЛТЫН БЕСІК
Кез-келген адам үшін туған жер ең ыстық мекен. Шыр етіп өмір есігін ашып, кіндік қаны тамған жердің түтіні де жұпар аңқиды. Ақ бесікке бөленіп, балалық шағымызды еш уайымсыз өткерген, көк майса шөбі мен жусанды емірене жұтып өсірген Отан Ана. «Баланың өскен бесігі, кең дүние есігі» деп бекер айтылма...
Қоғам САНСЫЗ СЫНАҚ САҒЫҢДЫ СЫНДЫРМАСЫН!
Алла Тағала адамзатты ерекше ақыл иесі етіп жарата отырып, оны неге көп қиындықтарға душар етеді? Дініміз оған не дейді?
Қоғам ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Қоғам КЕЛІСІМ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти 
Қоғам Президент Астанадағы саммитте қандай мәселе көтерді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия - Ресей" саммитінде бірқатар мәселені көтерді. 
Қоғам СЪЕЗД ДІНИ САЛАҒА СЕРПІН БЕРДІ
14-15 қыркүйек күндері елордамызда Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті VII съезі өтті. Елімізде әр үш жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп кеде жатқан халықаралық жиынның осы жолғы тақырыбы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:11

Екінтіге дейін 00:48

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi