ЕЛ ІШІ АЛТЫН БЕСІК
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ЕЛ ІШІ АЛТЫН БЕСІК

| A | +

Кез-келген адам үшін туған жер ең ыстық мекен. Шыр етіп өмір есігін ашып, кіндік қаны тамған жердің түтіні де жұпар аңқиды. Ақ бесікке бөленіп, балалық шағымызды еш уайымсыз өткерген, көк майса шөбі мен жусанды емірене жұтып өсірген Отан Ана. «Баланың өскен бесігі, кең дүние есігі» деп бекер айтылмаса керек. Әрбір адам үшін туған елінен артық биік тұғыр жоқ. Туған жердің әрбір тасы алтын тақ іспеттес. Кешегі өткен «зар-заман» ақындарының толғауына арқау болған, батырлар мен би-шешендердің ордасы болған, елдігіміз бен қазақылығымыздың өзегі осы ел болды емеспе?

Әрбір адамнын 9 ай құрсағында көтеріп, өмірге әкелген анасы мен және бар өмірінің кезеңдеріне куә болған Отан анасы болады. «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат» демекші, елім деп еміренген әрбір адам оны қорғап, қызмет етуі керек. Өз елімен жеріне, елдігі мен тарихына жете алмай, аңсап жүргендер де баршылық.

Өкінішке орай, туған жерінің бағасын білмей, өзектен теуіп, алаңсыз анық басып өткен қара топырағы үшін бір жақсылық жасауға сан себеп іздеп жүрген  жандарды кездестіруге болады. "Кім өзінің өткенін білмесе, оның болашағы жоқ" деп бекер айтылмаған. Ал біздің болашағымыз бен еліміздің болашағы тығыз байланысты. Елі мен тілі, діні мен ділі, тарихы мен дәстүрі ақсаған тұста адам мәңгүрттенеді. Туған елінің ауасын жұтып, барлық қажетті нәрін бойына сіңіргенімен, оның қадірін сезінбейтіндер көлеңке іспеттес. Туған елінен жырақта қалып, елім деп еңіреп оралғандар аз емес. Өскелең ұрпақ бойына  осынау ең басты құндылығымызды сіңіре білу бүтіндей елдігіміздің беріктігінің бастауы екендігі рас.

Отанына опасыздық жасап, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткен жастарымыз қаншама? Абай атамыз айтқандай қазақ бірін-бірі дос көріп, жанашыр болуы қазіргі қоғамда ауадай қажет.  Асыл дініміз адамзатқа туған елін қорғауды насихаттайды. Сонымен қатар, әрбір басшының еліне жауапты екендігі хадистерде айтылған. Ардақты Елшіміз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің туған қаласы Меккені жақсы көргендігі сонша, қаланың қауіпсіз әрі мамыражай тіршілігі орнаған қала болуын дұға етіп сұрағаны мәлім. Ал, бүгінгі күні тіпті елін қорғаудан басын алып қашып, шекара шебінде сап түзеп, ұлтарақтай жерге пана болуды парыз көрмейтіндер қатары көбейген.

Жаратушы Алладан корқып жылаған және Алла жолында туған елін қорғаған көздердің тозақ отына күймейтіндігі анық әрі айқын айтылған. Демек, елге деген махаббат, оған қорғаныш болуы кеудесінде жаны бар, есі толысқан әрбір пенденің парызына айналаған.

Ұлан ғайыр байтақ жеріміздің шекарасы кең, жер асты және жер үсті байлығының мол екендігі бүгінде күллі жаһанға мәлім. Еліміз аумағында бүгінде түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстардың, конфессия өкілдерінің қаймағы бұзылмаған ұйытқысы бола білген қазағымыздың жері неткен ғажап. Ел аумағындағы тыныштық пен бейбітшілік, халық жағдайының тұрақтылығы өте маңызды. Жау іздеме, жау ел ішінде дегендей, жерімізде жүріп, өздерінің жымысқы әрекетімен еліміздің ертеңіне қауіп төндіретін, дін атын жамылған түрлі саяси топтардың арбауынан сақ болуымыз қажет.

Тәуелсіздігіміздің айғағы ретінде, елдігіміздің белгісі ретінде, біздің алтын Елтаңбамызды, көк тудың желбірегені, әнұранның шырқалғаны адам бойындағы ерекше патриоттық сезім тудырады. Адамның патриоттық сезімдерінің объектісі мен қайнар көзі-Отан. Туған жер, табиғат, оның байлығы, тілі, дәстүрлері, тарихи құнды ескерткіштері, жалпыұлттық құндылықтары ешкімді бей-жай қалдырмаған. «Ауруын жасырған, арам өледі» демекші, қанымыздың тектілігін сақтаған, ұрпаққа мұра болып қалған «жеті ата» ұғымы халқымыздың өзегі десек қателеспейміз. Шежірені білу-тектілік. Бүгінгі таңда жеті атасы тұрмақ, ағайын-туысының кім екендігін білмей, арадағы бауырластық жібінің алыстап жатқанын көзбен байқауға болады. Техника мен ғылым дамыған мына қарбалас заманда үйдегі дастархан басынан тарихы мен өткенін, шежіресін айтып отыратын ата-ана азайған.

Біздің егемендігіміздің арқасында елімізде кәсіпкерлер мен қалталы адамдар тобы құрылды. Егер бұл азаматтар Алланың бергенін халықтың игілігіне жұмсаған болса, онда бұл халық үшін, елдің келешегі үшін игі іс болар еді.

Еліміздің болашағы бола білген жас ұрпақ санасына отанға деген махаббат, елге деген құрметті арттырып, ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңіре білуіміз аса маңызды. Еліміздің ертеңі үшін аянбай қызмет етемін деушілердің тілегі мен мақсаты бір болуы қажет. Санаулы адамды құрайтын отбасының өз ішінде түрлі жағдай болса да, сырттан төнген қауіпте олар бір жұдырық болары сөзсіз. Міне сол секілді еліміздің басына күн туғанда жұмыла жүріп, оны еңсеру керек. Сынақтардан сүрінбей өтіп, елім деген ерлердің жігерін жасытпау өте маңызды.

Батыр бабаларымыз бен ақылшы даналарымыз жете алмаған, Алла нәсіп еткен, ештеңемен алмастыруға келмейтін, бүгінгі таңда ең басты құнды байлығымыз – тәуелсіздігіміз. Осынау бостандықтың қадірін түсініп қою аздық етеді. Оның баянды болуы үшін, бәсекелестікке қабілетті, ел болуы үшін білімді адамдар ауадай қажет. Ұлы ұстаз Ахметтің шырақпен білім беруінің тегін еместігі, Шәкәрімнің әуелден білім ордасын ашуы көзі ашық, көкірегі ояу жастардың қажет екендігін ұғындырады.

Білім алу Жаратушының ақылы тоғысқан әрбір адамға жүктеген парызы. Адам баласының бойындағы ұлтжандылық, елге деген жауапкершілік осынау ұлы сөздің қасиетін ұғындырары хақ.

Айша анамыз (р.а.) риуаят еткендей, жердің топырағы мен суы Жаратушы қалауымен түрлі ауруға шипа екендігі айтылған. Отан - бұл әрқашан адам тұратын қаланы немесе елді ғана білдірмейді. Отан - бұл сіздің туылып, өскен жер. Әркімнің өз Отаны бар, ол тек біреуі болуы мүмкін, ал екіншісін таңдау мүмкін емес, оны ешкім өзгерте алмайды. Мүмкін, дәл осы жерден нағыз Отан басталады. Елдігіміздің баянды болуына, туған жер – алтын бесіктің тұғырын биік етіп, оны көркейтіп дамытар ұрпақ – елдің алтын тұтқасы.

Мұсылман адамның  Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиет еткендей туған туыстары мен ағайындар, елі мен туған топырағының алдындағы өзінің негізгі міндетін ұғынып, оның мәніне бойлай білуі қажет. Асыл дініміз адам баласына отаншылдықты, даналық пен гуманизмді, кішіге құрмет үлкенге ізет көрсетуді меңзейтін, соған жол ашатын  пенделерді өркениетке бастайтын ұлы ұғым. Сол үшінде кез-келген адам баласы елдің болашағы үшін табанды еңбек етіп, абыроймен, ар-ұждан алдында қызмет жасауы тиіс.

 

 

Парахат Нұрмагамбетов

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
КЕМЕЛ ИМАННЫҢ БІР БЕЛГІСІ... ПАЙҒАМБАРҒА ﷺ МАХАББАТ - ИМАННЫҢ КЕМЕЛДІЛІГІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам САНСЫЗ СЫНАҚ САҒЫҢДЫ СЫНДЫРМАСЫН!
Алла Тағала адамзатты ерекше ақыл иесі етіп жарата отырып, оны неге көп қиындықтарға душар етеді? Дініміз оған не дейді?
Қоғам ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Қоғам КЕЛІСІМ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти 
Қоғам Президент Астанадағы саммитте қандай мәселе көтерді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия - Ресей" саммитінде бірқатар мәселені көтерді. 
Қоғам СЪЕЗД ДІНИ САЛАҒА СЕРПІН БЕРДІ
14-15 қыркүйек күндері елордамызда Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті VII съезі өтті. Елімізде әр үш жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп кеде жатқан халықаралық жиынның осы жолғы тақырыбы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік ...
Қоғам ЕҢБЕК – ЫРЫС ҚАЗЫҒЫ
«Уа, иман келтіргендер! Жұма күні азан айтылып, намазға шақырылған кезде, дереу Алланы еске алуға асығыңдар, шаруаларың мен сауда-саттықты доғара тұрыңдар. Біле білсеңдер, бұл сендер үшін әлдеқайда жақсы. Намаз өтелген соң, жер жүзіне таралыңдар да Алланың рақымынан ризық-несібелеріңді іздеңдер. Бұғ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:42

Ақшамға дейін 01:31

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi