ІЗГІ ҚОҒАМ
Жаркент
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:30

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:26 06:49 11:31 14:24 16:07 17:30
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Джумада-авваль 1446
Миләди
28 қараша 2024

Мақалалар

ІЗГІ ҚОҒАМ

| A | +

Құран Кәрімнің: «Алла пайғамбарларын жіберу арқылы жер бетін түзеп жөнге келтіргеннен кейін онда бүлік шығарып, бұзғыншылық жасамаңдар...[1]», - деген аяты әр пайғамбардың адамзат қоғамына ізгілік қалыптастыратындығы жайлы баян етеді. Бұл аяттағы «түзеп жөнге келтіру» ізгілік жолына салған соң дегенді білдіреді.

Ізгілік – асыл дінімізде ауқымы кең ұғым. Адам мен қоғамның игілігіне септігі тиетін әрбір жақсылық – ізгілік деп бағаланады. Кісінің ең жақсысы адамдарға (қоғамға) пайдасы тигені деген мағынадағы хадис соны меңзесе керек. Әлемге екінші ұстаз атымен танылған әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» атты трактатында ізгі (қайырымды) қоғам іргетасы мен алғышарттары жайлы ой қозғайды. Талай ойшылдарға бұл мәселеде жол ашқан даңқты ғұлама бабамыз аталмыш шығармасының бисмилләсын Аллаға иман мәселесінен бастайды. Сонымен қатар, қала (мемлекет) басшысы бойынан табылуы қажет он екі қасиет хақында сөз етеді. Ізгілікке ұмтылмайтын қоғам түрлері жайлы ойын бөліседі. Мұндай қоғамдардың ортақ сипат – жақсылыққа ұмтылмау, материалдық игілікті әркез бірінші орынға қою, байлықты бақыт, зұлымдықты жеңіс, әлімжеттікті әділет деп білетін, құндылықтар ұғымы бұзылған һәм бұрмаланған. Әрине, әлемге баға жетпес мұра қалдырған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың ой-пікірінің басты қайнар бұлағы асыл дініміз екені ақиқат.

Құран Кәрімдегі: «Сендерден бұрынғы дәуірлерде өмір сүрген қауымдардың ішінде жер бетінде бүлік шығып, бұзғыншылық орын алмау үшін аянбай еңбек еткен (иман, ілім, көркем мінез-құлық және игі істер сынды) өшпес құндылық иелері болғанда ғой. Өкінішке қарай олардың арасында осынау ұлы мақсатта еңбек еткені үшін (азаптан) аман алып қалғандарымыз өте аз болды...[2]», - деген аят, қоғамның дамуы мен құлдырауының басты факторлары жайлы түсіндіреді.

Риуаяттарда мынадай бір нақыл бар. Бір қала азғындық пен бұзғындық батпағына батқан екен. Алла әмірімен бұзылған қоғамды жазалауға періштелер жіберіледі. Шаһардың шетінде діндар кісінің үйін көреді. Періштелер: «Қала түгелімен бұзылмаған екен. Құдай деген бір пенде бар екен» деседі. Сонда Жаратқан: «Жазаны сол пендеден бастаңдар» деген екен. Бұл риуаяттың айтпағы белгілі. Қоғамның қайырымды (ізгі) болуында әрбір азаматтың титтей де болсын үлесі болады. Сол сияқты қоғамның бұзылуы азғындардың көптігінде емес, жақсылардың немқұрайлы қарағаны себепті екенін ұмытпау қажет. Ең бастысы менің арым таза, намазым мен оразам түгел деген есеппен өмір сүруге болмайды. Ізгі қоғам қалыптасуына әрбір азамат жауапты. Әрі жақсы қоғам қалыптасуында үлкен-кіші үлесі деген болмайды. Ең бастысы, бейжай және немқұрайлы болмау.

Біз әділетті, заң үстемдік құрған және жемқорлық түп тамырымен жойылған қоғамда өмір сүргіміз келеді. Ұрпағымыз ізгі қоғамда өсуін қалаймыз. Алайда, бұл аталған – белгілер ізгі қоғамның жемісі. Жемістің өсіп шығатын бұтағы, бұтаққа нәр беретін тамыры болғанындай ізгі қоғамның алғышарты – Құдайдан қорқу. Құран Кәрімде: «(Уа, мүміндер) Араларыңда (ел-жұртты) ізгілікке шақырып, жақсылықты бұйыратын һәм жамандықтан тыятын бір қауым болсын. Міне, солар (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұратына жеткендер[3]», - деген аят бар. Аталмыш аятта ізгі қоғамның қалыптасуына қажетті басты себеп айтылуда. Бұл қоғамға бағыт-бағдар беретін, сөзімен және ісімен ізгілікте үлгі болатын жақсылар қалыптасуы керектігін ескертуде.

Құран Кәрімде жүз алпысқа жуық аятта ізгілік, ізгі ер азамат, ізгі әйелдер және ізгі қоғам хақында баян етіледі. Ерекше мән беретін жайт, ізгілік пайғамбарлардың басты қасиеті екенін ұмытпайық. Миғраж оқиғасында ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әр аспан қабатында өзге пайғамбарлармен кездесуі айтылады. Ең әуелі адамзат атасы Адам (Алланың оған сәлемі болсын): «Қош келдің, ізгі перзент һәм ізгі пайғамбар» деп қарсы алады. Мұнан кейін Мұсаға (Алланың оған сәлемі болсын) дейінгі барлық пайғамбар: «Қош келдің, ізгі бауырым әрі ізгі пайғамбар» деп қауышады. Демек, ізгілік – иманнан бастап, барлық асыл қасиеттердің жиынтығы.

Түйіндей айтқанда, ізгілікті әр қырынан айтуға болады. Алайда, Ибн Хажардың (Алла оны рақымына алсын) берген анықтамасы қысқа да нұсқа түрінде ізгі адамның бейнесін айқындап берген. Хадисші ғұлама «Алла алдындағы пенделік парыздарын толық орындаушы және адамдарға қатысты азаматтың міндетін толықтай атқарушы» дейді. Демек, ізгі адам – иманнан бастап барлық асыл қасиеттерді шама-шарқынша тұла бойына қалыптастыруға тырысқан, әрі сол құндылықтарға сай өмір сүруге ұмтылған жан.

Авторы Төлеби Оспан

Алматы қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ДІННІҢ ҚОҒАМҒА ІЗГІ ӘСЕРІ МЕН ТӘРБИЕСІ ДОНОРЛЫҚ НЕМЕСЕ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖАСАУДЫҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ОРНЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам МЕШІТ – МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ
Кейде қоғамда «мешіт көп салынып кетті» деген сөз айтылып қалады. Аллаға шүкір, мемлекеттің көмегімен мектептер мен балабақшалар салынуда. Ал жомарт жандардың, сауап іздеген азаматтардың қамқорлығымен мешіттер бой көтеруде. Сайып келгенде, бізге мешіт те, мектеп те керек. Екеуін бір-біріне қарсы қою...
Қоғам ИМАМ – АҒАРТУШЫ ҰСТАЗ
Имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы ұстаз. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Аллаға шүкір, халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келед...
Қоғам АСЫҢДЫ АДАЛДА
Қадірменді жамағат, құрметті бауырлар, баршаңызға күндердің төресі қасиетті жұма мүбәрак болсын! 
Қоғам ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ТҮРЛІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ИДЕЯЛОГИЯСЫНАН САҚТАНДЫРУ ИДЕЯСЫ
Әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени қатынастардың рөлі артып келе жатқан қазіргі әлемде дінаралық және мәдениетаралық диалогтың қажеттілігі де артып келеді. Өркениеттің одан әрі дамуының аса қауіпті факторларының бірі діни-саяси экстремизмнің өсуі болып табылады....
Қоғам РУХАНИ ДАҒДАРЫСҚА ЖОЛ БЕРМЕУ
Біз рухани дағдарысқа кіруден алдын, рухани байлық жайлы түсініп алсақ. Рухани байлық дегеніміз – адами жаратылысымызға сай қасиеттерімізді сақтай отырып, Алланың разылығына қол жеткізу....
Қоғам ҮШ ҚЫЗ ТӘРБИЕЛЕГЕН ӘКЕГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙ
Қазақ қыз баласын ерекше ардақтаған халық. Қыздың тәрбиесіне аса мән берген халқымыз оны болашақ ана ретінде бағалап, ерекше құрмет көрсеткен. Өйткені, бүгінгі кішкентай қызды «ертең ибалы келін, одан кейін абзал ана атанады» деп тәрбиелеген....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Джумада-авваль 1446
Миләди
28 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:30

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi