ҮШ ҚЫЗ ТӘРБИЕЛЕГЕН ӘКЕГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҮШ ҚЫЗ ТӘРБИЕЛЕГЕН ӘКЕГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙ

| A | +

Қазақ қыз баласын ерекше ардақтаған халық. Қыздың тәрбиесіне аса мән берген халқымыз оны болашақ ана ретінде бағалап, ерекше құрмет көрсеткен. Өйткені, бүгінгі кішкентай қызды «ертең ибалы келін, одан кейін абзал ана атанады» деп тәрбиелеген.

Шын мәнінде, елдің батыры мен ақынын, тұлғасы мен данышпанын өмірге әкелетін ана емес пе? Сондықтан халқымыз қыз баланы қонақ деп қадірлеп, бетінен қақпай, еркелетіп, ибалы, инабатты, тәрбиелі, ар-намысын алдыңғы орынға қоятын ару етіп өсірген. Құлағында шолпысы, шашында шашбауы бар жан сұлулығы мен тән сұлулығы тең қазақ қызының басты тәрбиешісі ана болған.

Халық даналығында: «Есті қыз етегін жабады» деген мақал бар. Ұрпағын ұлағатты істерге ұйытқан ұлтымыз кішкентай қыздарға ұзын көйлек кигізіп, қыздың талшыбықтай бұралған сырт-келбетін сұқ көздерден сақтаған. Аналар қыздың киім киісіне, жүріс-тұрысына, қай ортада болсын, өзін-өзі қалай ұстау керектігіне, үлкеннің алдын кесіп өтпеуді, кішіге ізет көрсетуді құлағына құйып отырған.

Қызының алдында әкесін асқар таудай ете білді. Отағасының айтқанын екі етпей, оның қадір-қасиетін балаларының алдында арттыра түсті. Мұны көрген қыз да ертеңгі күні ер адамды қадірлеп өтері анық. Халқымыз «Қызым үйде, қылығы түзде» дейді. Бүгінде қыздарымыздың тәрбиесі аса маңызды істің біріне айналғаны ақиқат. Өйткені, балалардың ойын бұзатын, салт-дәстүрін ұмыттыратын, ұлттық құндылықтарды аяқ асты ететін түрлі ойындар мен мультфильмдер көбейді.

Әсіресе, күні бойы телефонға телмірген бала өзге тілде мультфильм көріп, өзінің ана тілін ұмыта бастағаны ащы болса да шындық. Бұл ретте ата-аналарға артылар жауапкершіліктің ауыр екені белгілі. Баланың қандай әрі қайсы тілде мультфильм көріп отырғанын қадағалау, оның сөзі мен ісіне көңіл бөлу қажет. Халқымыз қыз баласына барынша шектеу қойып, қызының әрбір ісін бағамдап отырған. Бойжеткен қыздың еркімен қыдыруын шектеп, құрбы-құрдасымен көңіл көтеру үшін алтыбақан, ақсүйек, бастаңғы, тоқым қағу сынды жастар бас қосатын ортаға ғана жіберетін болған. Бірақ, қыз баланың әр басқан қадамы анаға аян болып отыратын. Ертеңгі күні келін болып түскен ауылда өз отбасының, бір рулы елдің бетіне таңба болмасы үшін ар-намысын аяққа таптатпауды жалықпай санасына сіңіріп, қадап айтып отырғаны баршамызға белгілі.

Ислам дінін бағзы заманнан ұстанып келе жатқан ұлтымыз қыз баланы жұмақтың кілті деп түсінген. Бірде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кімнің үш қызы дүниеге келсе, сол үш қызының қиыншылығына шыдап, қуанышымен бөліссе, жақсылап тәрбиелесе, жеткізсе, Алла Тағала осы қыз балаға жасаған рақымы үшін ол кісіні өз жұмағына кіргізеді» дейді. Мұны естіген бір сахаба: «Уа, Алланың елшісі! Егер екі қызы болса ше?» деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі қызы болса да жұмаққа кіреді» деп жауап береді. Сахаба тағы да: «Бір қызы болса ше?» деп сұрайды. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Ол қызды жақсылап тәрбиелеп, өсіріп, жеткізсе, онда жұмаққа кіреді» деп жауап береді.

Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі қызға бой жеткенше қамқоршы болған адам қияметте менімен осындай жақын болады» деп саусақтарын біріктіріп көрсеткен екен. Біз бұл хадистерден қыз баланың тәрбиесі аса маңызды іс екенін ұғамыз.

Асыл дінімізде әйел адамдардың мәртебесіне айрықша мән берілген. Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде «Ниса» («Әйелдер»), «Мәриям» сүрелерінде әйелдерге жайлы баяндалады. Сонымен қатар «Нұр», «Ахзаб», «Мұмтахина», «Тахрим», «Талақ» сүрелерінде де Исламдағы әйелдердің құқықтары мен хақылары, мәртебелері мен дәрежелері жайлы айтылған.

Сахаба Ұқба бин Амирден (Алла оған разы болсын) мынадай хадис жеткен: «Қыздарды жеккөрмеңдер, олар бауырмал әрі қымбат». Расында, қыз әкеге жақын, бауырларына мейірімді. Қыздың көңілін қалдырмау, оның көңіліне қаяу түсірмеу өте маңызды істің бірі.

Бүгінде қыз баланы мейрімге тойдырып өсірудің маңызы күн сайын артып келеді. Өйткені, отбасында, әсіресе әке-шешесінің мейіріміне бөленіп өспеген баланың денсаулығы мен психологиялық дамуына кері әсер ететіні күн сайын дәлелденіп келеді. Иә, үйден мейірім көрмеген бала сол мейірімді даладан, яғни, айдаладан іздейді.

Ғалымдарымыз: «Қызға төрт ер азамат жауапты. Олар – әкесі, аға-інісі және күйеуі» деген. Кейбір ғұламаларамыз төрт азаматтың қыз баласына жауапты болуын шариғаттың қамқорлығы деген тұжырым айтқан. Алла Тағала баршамызға тәрбиелеп отырған ұл мен қызымыздың жақсылығын көруді және солардың себепкерлігімен жұмаққа кіруімізді нәсіп еткей. Әмин!

 

 

Бауыржан қажы ӘБДІРАШҰЛЫ,

Алматы қаласы «Арафат» мешітінің бас имамы

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
РУХАНИ ДАҒДАРЫСҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БІЛІМ ІЗДЕУ МҰСЫЛМАННЫҢ ПАРЫЗЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ ЖАСТАРДЫ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ
Әлеуметтік-экономикалық, саяси жәни мәдени қарым-қатынастардың рөлі артып отырған қазіргі заманда дінаралық және мәдениетаралық диалогтың қажеттілігі де күн санап артып келеді. Өркениеттің дамуымен қатар жүретін ең қауіпті факторлардың бірі бұл діни-саяси экстремизмнің өршуі....
Қоғам ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДАН ТӨНГЕН ҚАУІП
Бүгінгі таңда дін мәселесі әлемдік деңгейде өте өзекті тақырыптардың біріне айналды. Себебі, қазіргі уақытта қоғамда дәстүрлі емес діни ағымдар кең етек алып, тіпті ағымдардың әртүрлілігіне байланысты адамдардың діни және рухани бөлінуі көрініс тауып, түсініспеушіліктер орын алуда....
Қоғам БІЛІКТІ ИМАМ - ҚОҒАМ АЙНАСЫ
Әуелі діни білімнің қасиеттері жайында шариғатымызда не айтылады? Соған қысқаша тоқтала кетсек;  Қасиетті Құран Кәрімнің 670 жерінде ілім жайында баян етіледі. Діни білімді алу және басқаларға үйрету ең сауапты амалдардың бірі болып саналады....
Қоғам ПАРЫЗДАН КЕЙІНГІ ПАРЫЗ - АДАЛ КӘСІП
Адам баласына Бір Аллаға құлшылық жасағаннан соң, өзіне қажет те әрі маңызды шаруа – адал кәсіппен мал табу. Мал табу адал жолмен ғана бұйырылған және де Алла Тағала Құран кәрімде «Бір біріңнің дүниелеріңді тек адал жолмен алыңдар», - деп ескертті....
Қоғам КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚТАН САҚТАН
«Сендердің бойларыңда әуелгі үмметтердің дерті – көреалмаушылық пен ашу-ыза дендеп барады: Мұхаммедтің жаны уысында болған Алламен ант етемін, бір-біріңді жақсы көрмейінше кәміл иманды болмайсыңдар. Сендерге бір-біріңді жақсы көргізетін істі айтайын ба? Өз араларыңда сәлемді дауыстап беріңдер» (Ахма...
Қоғам ЕЛ ІШІ АЛТЫН БЕСІК
Кез-келген адам үшін туған жер ең ыстық мекен. Шыр етіп өмір есігін ашып, кіндік қаны тамған жердің түтіні де жұпар аңқиды. Ақ бесікке бөленіп, балалық шағымызды еш уайымсыз өткерген, көк майса шөбі мен жусанды емірене жұтып өсірген Отан Ана. «Баланың өскен бесігі, кең дүние есігі» деп бекер айтылма...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 01:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi