АУЫЗАШАР ӘДЕБІ
Үшарал
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:25
Үшарал
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Үшарал
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:45 07:14 11:38 14:14 15:57 17:25
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

АУЫЗАШАР ӘДЕБІ

| A | +

Ауызашар берудің сауабы мен әдебі айлардың сұлтаны Рамазан айында Алла Тағаланың пенделеріне нәсіп еткен шексіз мейірімінің бір айғағы. Бұл айда Аллаға мойынұсынған жұмыр басты пенделерге сауап жинаудың өте көп мүмкіндіктері берілген. Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің мүбәрак хадистерінің бірінде: «Мұсылмандар үшін бұл айдан қайырлы ай жоқ», – дейді. Міне, осы хадисте айтылғандай, Рамазан айында шексіз мейрімді Жаратушы Жаппар Иеміз жасалған игі істердің сауабын еселеп беріп, Өзінің жомарттық сипатын айдай әлемге паш етеді. Имам Байхақи риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Рамазанда Алла үшін кішкентай бір жақсылық жасаса, басқа айларда парыз өтегендей сауап алады. Ал, осы айда бір парыз өтеген адам басқа айларда 70 парыз өтегеннің сауабындай сауап алады», – дейді. Жамандықтан тыйып, жақсылыққа жетелейтін осы бір ұлық айда садақамыздың сауабын сан еселеп, қылған құлшылығымызды құзар шыңға көтеріп, сансыз сауап сыйлаған Құдіретті Құдайым құлдарын құзырына шақырып, рақым қылушы құлына рақым қақпасы – Райанды айқара ашып, албастының аяғына кісен салып, ақыреттік азығымызды жинауға мұрсат берді. Міне, бұл түсінген адамға берілген телегей-теңіз, көл-көсір қазына.

Ақиқатында, ізгілік істеп, Алланың алдында абыройға ие болудан асқан қазына болмас, сірә! Рамазан айы келісімен көбіміз ауызашар беруге асығамыз. Ауызашар беру өте үлкен сауап. Жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауызашар беру сауабына қауышады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі» дегенінде сахабалардың кейбірі аузы берік бір адамға да ауызашар беретіндей жағдайы жоқ екендіктерін айтты. Оларға Расул Алла (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп жауап берді: «Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады». (Бәйһақи)

Тағы бір хадисте: «Ауыз бекіткендер тамақ жеп отырған уақытта тойғанға дейін ауызашар берген адамға игілік тілеп тұрады» делінген. Міне, бұл хадистерден байқағанымыздай, ауызашарда дастарханның ас-та төк болуы міндетті емес, әркім жағдайына қарай берсе болады. Ең бастысы Алланың разылығын алу ниеті болса болғаны. Имам Ибн Шиһаб әз-Зуһри Рамазан айы келгенде: «Бұл Құран оқу мен адамдарды тамақтандыру айы», – деп айтқан. Сол сияқты имам Ахмад “Рамазан айында кедей-кепшікпен бірге ауыз ашқаны мәлім”. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үш түрлі дұға қабыл: ораза ұстаушының, жәбір шеккеннің және мүсәпірдің дұғасы», – деген (Әл-Байһақи). Осы орайда ата-бабамыздың: «Баталы құл арымас, батасыз ел жарымас» деген нақыл сөзі ойға келеді. Мұсылмандардың бір жерде бас қосуы – адамдар арасында өзара бауырмашылықтың пайда болуына себеп. Ал ауыз аштыру ағайын-туыстың, жора-жолдастың, көрші-қолаңның қуанышта бас қосатын сәті. Сол қуаныш сыйлауға әрине ауыз ашар берген адам себепкер болары сөзсіз.

Қазіргі таңда мешіттерімізде ауыз ашар беру үрдіске айналды. Жай ғана ауыз ашар беріп қоймай рамазан, ораза жайлы сұрақтарға жауап беріліп, ұлттық ойындар ойнатылып жатады. Бұл да болса бірлікке шақырудың бір жолы. Жақсылық жасауда өзгеге өнеге болған тақуалар туралы ауыздан-ауызға таралып, заманымызға жеткен бір қиссада былай баяндалады: Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) бойындағы тамаша да тартымды қасиеттерінің бірі – жомарттығы мен қонақжайлылығы болатын. Ол кісі танысын, танымасын әр күні дастарханынан қонақ үзілмеуін қалайтын. Осы қалауы орындалса, төбесі көкке жеткендей қуанатын. Хазреті Ибраһим (ғ.с.) бойындағы осы бір жақсы қасиетіне орай тарихта жомарттық және қонақжайлылықпен аты қалған адам. Алла Тағала да оның дастарханына толы дәм беріп, еңбегіне қарай береке нәсіп еткен. Бірде хазреті Ибраһимнің (ғ.с.) үйіне жасы жетпістен асқан, ұзын сақалды, белі бүгілген, бұрын-соңды көрмеген бейтаныс бір адам қонақ болады. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар да бәз баяғы әдетінше қонағын ерекше ықыласпен күтіп, бәйек болады. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар әлгі адамды әңгімеге тартып, екеуі бір-біріне алма-кезек сұрақ қоя отырып, әңгіме дүкеннің тиегін ағытады. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар әңгіме барысында қонақтың пұтқа табынатынын байқайды да, біраз тосылып қалады. Аз-кем үзілістен кейін әңгімесін сабақтап, былайша өрбітеді: «Әй, бауырым! Мен Алланың жіберген елшісімін. Адамдарды Аллаға құлшылық жасауға шақырамын. Сені қонақ еткенім үшін менің дінімді қабылдауың керек», – дейді. Қонағы оған қарсылық көрсетіп: «Ренжімеңіз, мырза! Маған бір күн тамақ бергенің үшін, жетпіс жыл бойы ұстанып келген дінімді тәрк ете алмаймын», – деп сөзі бітер-бітпестен үйден шығып кетеді. Көп өтпей Алла Тағала Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарға Жәбірейілді (ғ.с.) жібереді де: «Ей, Ибраһим! Үйіңде бір күн қонақ еткеніңді міндетсініп, оған дініңді өзгерт деп неге шарт қоясың? Маған құлшылық етпесе де, Мен оған жетпіс жыл бойы ризық беріп келемін», – дейді. Ибраһим (ғ.с.) жасаған қателігіне қатты қайғырады. Дереу үйінен шығып, әлгі кісінің соңынан қуып жетеді де: «Саған ешқандай шарт қоймаймын, дініңді өзгерт дегенім үшін кешірім өтінемін», – деп оны үйіне қайта шақырады. Әлгі адам Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың аз ғана уақыт ішінде өзгеріп шыға келгеніне таң қалып, неге бұлай өзгергенін, не се- бепті қойған шарттарынан бас тартқанын сұрайды. Сонда Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар: «Раббым, саған шарт қойғаным үшін маған ескерту жасап: «Сен менің жетпіс жыл бойы тамақтандырып келген адамыма бір күн тамақ беріп, дініңді өзгерт деп шарт қойғаның қалай?» – деді. Мен істеген ісіме қатты ұялдым», – дейді. Бұл жағдай әлгі кісіге қатты әсер етеді. Сөйтіп ол: «Рас айтасың ба? Раббың мен сияқты қарапайым бір адам үшін саған ескерту жасаған болса, Ол нағыз Тәңір екен. Мен сенің дініңді қабылдадым» – деп, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың өтінішін қабылдайды да, оның құтты қонағы болады. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың басынан өткен осы бір хикая бізге қайырымдылық қылушы қарымтасыз қалмайтындығын түсіндіргендей. Байқап қарасақ, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар қонақжайлылықпен, қайырымдылықпен қонағын құрметтесе де, пенделік қателікке бой алдырып, қонағына жетпіс жыл ұстанып келген дінін тәрк етіп, өз дінін қабылдауды бірден ұсынды. Нәтижеде, қонағы ат-тонын ала қашты. Алайда, Рақымды Алла Ибраһимнің (ғ.с.) қайырымдылығының қарымтасына оның қонағын тура жолға салып, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарды қонағының хидаят табуына себепші етіп қойды. Бір адамның, жетпіс жыл бойы санасына сіңіп, жүрегінен орын алып келген жалған дінінен қайтып, хақиқи дінге қадам қоюына себепші болудың бақыты бұйырды.

Құрметті мұсылмандар бауырым! Рамазан айы біз үшін сауапты көптен жинайтын науқан айы. Бұл ай ақ пен қараны ажырататын, Құран түскен ай. Сабырлықты сынайтын, нәпсіні тәрбиелейтін ай. Барлық игі істер бастау алатын береке айы, сондай-ақ, бұл күнәлар кешірілетін мағфират айы. Сол себепті жылына бір мәрте келетін ізгілік айында сауаптардан мақұрым қалмайық.

 

Бақтияр Қасымалиев

Әуезов ауданының бас имамы

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ТАРАУИХ НАМАЗЫ ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ
Рамазан - Алла Тағала тарапынан бүкіл адамзатқа тура жол ретінде Құран түсірілген ұлы ай. Құранда: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы, ақ пен қараны айырушы ретінде Құран түсірілген ай [1]»...
Рамазан РАМАЗАН - БЕРЕКЕТ ПЕН МҮМКІНДІК АЙЫ
Осыдан 15 ғасыр бұрын мубарәк рамазан айының жақындап қалған күндерінің бірінде. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құтпа оқып, сөздерін былай бастаған еді: «Уа, мұсылмандар! Ұлы әрі мүбарәк болған бір айдың көлеңкесі үстеріңізге түсіп тұр»....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:25

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi