РАМАЗАН - БЕРЕКЕТ ПЕН МҮМКІНДІК АЙЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:24
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

РАМАЗАН - БЕРЕКЕТ ПЕН МҮМКІНДІК АЙЫ

| A | +

Осыдан 15 ғасыр бұрын мубарәк рамазан айының жақындап қалған күндерінің бірінде. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құтпа оқып, сөздерін былай бастаған еді: «Уа, мұсылмандар! Ұлы әрі мүбарәк болған бір айдың көлеңкесі үстеріңізге түсіп тұр».

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұнымен, рамазан айының кіріп келе жатқанынан хабар берген. Артыша, рамазан айын өзге айлардан шоқтығын биік етіп, ерекшелеп тұратын өзгешіліктерін тілге тиек ете келе, «Бұл мың айдан да қайырлы. Қадір түні орын алған ай», - деді. Осылай дей отырып, Алла Елшісі, тек қана ол түнде атқарылатын ғибаттардың сый-сияпаты, мың айлық ғибадаттан алынатын сауаптан әлдеқайда көп екендігі білдірген. Бұл, Алла Тағаланың, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға және үмметіне берген – үлкен сыйлығы.

 Содан кейін Рамазан айында атқарылуы тиіс құлшылық-ғибадаттар былай баяндады: «Бұл ай - Алла Тағаланың күндізінде оразаны парыз, түнінде тарауих намазын нәпіл қылып бекітіп берген айы». Содан кейін бұл айдағы ғибадаттарға берілетін сауаптың көптігін Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына сөздерімен жалғастырды: «Бұл айда кім бір жақсылық істесе, басқа уақыттарда бір парызды орындаған кісідей сауап алады. Ал бір парызды орындаған кісі де басқа айларда жетпіс парызды орындаған кісі сияқты сауап алады». Хадистің бұл бөлімінен мынаны байқауға болады, парыздарға берілген сауаптың нәпіл ғибадаттарға қарағанда өте көп әрі ауқымды болатыны және рамазан айында істелген бір жақсылыққа басқа уақыттарда істелген парыз ғибадат сияқты сауап берілетіндігі. Мейлі парыз, мейлі нәпіл болсын, бұл мүбәрәк айда жасалған ғибадаттар мен құлшылықтарға жай күндерге қарағанда еселеп әжір-сауап жазылатындығына баса назар аударуда.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құтпасын жалғастыра отырып, рамазан айының ерекшіліктерін баяндайды: «Бұл – сабыр айы. Сабырдың түбі жәннат». Бұл айда адам баласы өзін толық тәрбиелеп, етек-жеңін жиып, ғибадаттары мен жауапкершіліктеріне мұқияттылықпен қарайды. Яғни, ораза ұстап жүрген кезде, ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан өзін тияды. Адам құқығына мән беріп, біреудің мазасын алатын ұрыс-керіс, төбелес сияқты жағымсыз әрекеттерден бойын аулақ ұстайды. Тіпті пайдасыз әңгіме, ұялы телефон шұқылап әлеуметтік желілерде отыру, теледидардың алдында бос уақытын өткізу сияқты өмірде ешқандай пайдасы болмаған дүниелерден нәпсісін ауыздықтап тәрбиелейді. Әрине, бұлардың бәрін іске асыру үшін сабырлы болу заңдылық. Сол үшін Рамазан айы сабыр айы ретінде сипатталған. Сабыр сақтап, қажырлы еңбек пен маңдай тер төгудің жемісі ақыретте жәннат деп көрсеткен.

Сонымен қатар құтпасында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл ай — жақсылықта жарысу әрі теңдік айы» деген. Бұл сөзімен Алла Елшісі, намаз, ораза, сияқты жалғызілік жасалатын ғибадаттарды, әлеуметтік өмірге, яғни қоғамға ұластыруда. Бұл айда мұсылмандар тек тарауих намазын оқып, ораза тұтып қана қоймай, осымен қатар адамдарға жақсылық жасауда жарысып, көмектеседі.

 Сөзін жалғастыра отырып: «Бұл ай – мүминнің рызық несібесінің молайған айы» деді. Осыған дейін рамазан айының рухани берекетіне жіті тоқталған болса, бұнда кейін материалдық пайдалары мен құндылықтарын баяндап отыр. Мубарәк айда, Алла Тағала, өзіне иман келтіріп, ақысын тек өзінен тілеген мүмин құлының несібесін молайту арқылы оны материалдық тұрғыдан да қолдап, желеп-жебейді. Дүние тіршілігінде рыздық несібесінің мол болуын қалаған мұсылман ерінбей еңбек етіп, берекетін сұрап мол-мол дұға жасау керек. Жаратушы Иенің жомарттығының кеңдігі соншалық, дүние тіршілігін берекеттендіріп, ақырет жұртын аңсаған жәннат мекені етіп қояды.

 Бұдан кейін Расулұллаһ (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рамазан айында амалға асырылған жағдайда үлкен сауапқа кенелетін жақсылықтарға ден қояды: «Кім бұл айда, ораза тұтқан бір кісінің ауызын аштырса, бұл оның күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылуына себепші болады. Ауыз ашқан мұсылманның алған сауабынан еш нәрсе кеміместен, дәл оның алған сауабы сияқты ауызаштырған да адам сауап алады» деген. Ауыз аштырған адамға  берілетін сый-сияпаттың көптігін естіген саңлақ сахабалар, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп сұрақ қояды: «Уа, Расулұллаһ! Біз ораза тұтқан бір кісіге болса да ауыз аштыртатын жағдайда емеспіз. Бұл сауаптан мақрұм қалмауымыз үшін енді не істеуіміз керек?» деген еді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала мұндай сауапты, бір құрма, бір жұтым су немесе бір жұтым сүтпен ауыз аштырғанға да береді» деп жауап берді. Осылайша Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рамазан айында материалдық жағдайы қаншалықты болса да, әрбір мұсылманды жақсылық жасауға шақырады. Мысалы ата-бабаларымыз: «өле жегенше бөле же» деу арқылы, қарым-қатыныстың нығая түсетіндігін айтқан. Жомарттық жасап, қолындағымен бөлісу, тіпті материалдық тұрғыдан емес жылы шырайлық танытып, күлімсіреп қараудың өзі орасан зор сауап және садақа екенін хадистерден білеміз. Сондықтан, рамазан айында бойымызға жинаған көркем мінез-құлық, жомарттық сынды сипаттарды оразадан кейін де өміріміз бойынша жалғастырып отыруымыз қажет.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл сөздерден кейін құтпасын былай жалғастырды: «Бұл айдың алғашқы 10 күні рахмет (мейірім), ортаңғы 10 күні мағфират (кешірім), соңғы 10 күні тозақ отынан құтылу. Кім бұл айда қол астындағылардың міндеттерін жеңілдетсе Алла оны кешіреді және тозақтан азат етеді» деді. Бұл жерде қол астындағылар дегені, құл және қызметшілер. Ислам әрқашан бұл тектес пенделерге (яғни қызметшілерге) жақсы қарым-қатынас жасауды әмір еткен. Бұны да бір олжаға балаған. Мұсылмандар хадистеде, айтылғанға амал жасап, берік ұстанған, яғни рамазан айында құл және қызметшілердің де ораза екендіктері назардан тыс қалдырылмай, оларға түсінікпен мәміле жасалып, ақысы ретінде ақыретте күнәларының кешірілетіндігі тозақтан құтылуы уәде етілген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұның бәрін айта келе мұсылмандарға бұл мүбарәк айда, аянбай тер төгіп молынан істеуіміз керек амалдарды былай тізбектеді: «Бұл айда төрт нәрсені көбірек істеңіздер. Бұлардың екеуімен Раббыларыңды разы қыласыңдар. Олар: «Лә иләһә иллаллаһ»,- дей отырып, Алланың бірлігіне куәлік етулерің және «Әстағфируллаһ» деп кешірім сұрап жалбарынуларың. Тыс қала алмайтын екі нәрсеге келер болсақ, олар: «Алладан жәннатты қалап сұрауларың, тозақтан құтылуды тілеулерің» деді.

Пайғамбармыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құтпасын түйіндей келе, мұсылмандар арасындағы бауырлыстық қарым-қатынастың нығая түсуі үшін ауыз ашар берудің маңыздылығына қайта тоқтала келіп, ақыретте үлкен сый-сияпатқа қол жеткізетіндігін хабар беріп, сөзін былай аяқтады: «Кім ораза тұтқан кісіні тойғызатын болса, Алла оны менің құдығымнан шөлін қандырады, ол кісі жәннатқа кіргенше бұдан кейін мүлдем шөлдемейді».

Рамазан айындағы берекет пен мүмкіндікті, құрғақшылықтан шөлге айналып  құрғаған жер анаға шелек-шелек болып жауған жаңбырдай білуіміз керек. Сондықтан  әрбір мұсылман баласы қолын қусырып бос отырмай дүние һәм ақырет азығы үшін берекет пен мүмкіндік маусымын жіберіп алмай пайдасына жаратуы қажет. Мейірімді Алла Тағала біздей әлсіз құлдарын кешіру үшін мүмкіндік беріп себептер іздейді. Бұл себептер үлкен болуы да, кішігірім болуы да мүмкін. Мұндағы ең басты мақсат ниеттің дұрыс болуы. Сол үшін Раббымыз, мүмкіндіктер мен себептерді мол мөлшерде Рамазан айының ішіне сақтаған. Олай болса берекет, мүмкіндік және себептерді ораза айының сыйы деп біліп, рамазан айын басынан соңына дейін алғашқы қарқынымыздан талмай ғибадаттарымызды, зор қуанышпен өткізуіміз керек. Тағат-құлшылықты үлкен кіші деп бөлмей, адамдарға ізгілік жасасақ үлкен кіші деп айырмай, Бір Алланың ризалығын күтіп, ораза айының берекеті мен мүмкіндігін ғанимет деп біліп, ақыретке күнәларымыздың кешірілуін тілейтін болсақ, Жаратушының қалауымен ақыретте жәннатқа кіруімізге себепкер болады.

 

  

«Байкен» мешітінің наиб имамы

Көкенай Саясат

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ТАЗАЛЫҚ - ИМАННЫҢ БЕЛГІСІ Құнанбай, Абай, Ыбырай, Әлихан, Шәкәрім ораза, намаз, пітір садақа жайлы не жазды?

Оқырмандардың пікірі (0)

ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:24

Құптанға дейін 00:49

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi