ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ

| A | +

 Рамазан - Алла Тағала тарапынан бүкіл адамзатқа тура жол ретінде Құран түсірілген ұлы ай. Құранда: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы, ақ пен қараны айырушы ретінде Құран түсірілген ай [1]».

Рамазан айында Алла Тағаланың құлдарына деген рақымының басқа айларға нәсіп болмаған ерекше көріністері мен кеңшіліктері орындалады. Әбу һурайра (р.а) Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Рамазан кірген кезде жәннат есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылады. Сондай – ақ шайтандар кісенделеді» - деп айтқанын риуаят еткен[2]. Имам Әл-Қади хадиске түсініктеме беріп: «Жәннаттың есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылуы және шайтандардың кісенделуі мүминдерге зиян тигізіп, азғырмаулары үшін әрі Рамазан айға деген үлкен құрметтің белгісі. Сонымен қатар, жәннаттың есіктері жабылып, тозақ есіктерінің ашылуы сауап пен кешірімнің мол болып, шайтандардың азғыруының кеміуіне меңзеуі мүмкін». Басқа бір хадисте: «Рамазан айының әуелгі түні кіргенде шайтандар мен қара ниетті жындар кісенделеді. Тозақтың есіктері біреуі де қалмай жабылады. Жәннаттың есіктері біреуі де қалмай ашылады. Сонда бір үндеуші: «Ей жақсылық іздеуші, жақсылық істеуге кіріс! Ей жамандықты іздеуші, жамандықты істеуді доғар! Бұл айда Алланың тозақтан азат ететін құлдары бар және бұл әр түні жүзеге асады», - деп хабарлайды», - [3].

Имам Хиббан және Имам Байһақи Ибн Аббастан (р.а) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала: «Я, Жәбірейіл жерге түсіп, бүлікші шайтандарды кісендеп, кісендерін мойындарына іл де, Менің сүйікті Мұхаммадімнің (оған Аланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметінің оразасын бұзбаулары үшін теңіздерге таста», – деп бұйырады», – деген. Имам Ахмад және Имам Әл – Баззар Әбу һурайрадан (р.а) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады: «Рамазан айында Менің үмметіме ілгеріде ешбір үмметке берілмеген бес ерекшелік берілді. Аллаһ Тағала үшін ораза ұстаушының аузының исі мисіктің иісінен артық. Періштелер ауыз ашатын уақыт болуға дейін ораза ұстағандардың күнәлары кешірілуін тілейді. Аллаһ Тағала күніге жәннатты әшекейлеп: «Көп ұзамай Менің ізгі пенделерім дүние машақатынан босап саған келеді», – дейді. Ерекше бүлікші шайтандар Рамазаннан тыс уақытта жаман қылықтарын істегендей істей алмау үшін Рамазан айында кісенделеді. Әрі соңғы түні ораза ұстағандардың күнәлары кешіріледі»,- деді. Және мына Әбу Һурайра (р.а) Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) риуаят еткен хадисінде: «Рамазан оразасын иманмен және сауапқа деген үмітпен ұстаған кісінің ілгері кеткен күнәлары кешіріледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рамазан айын үш бөлікке бөліп: «бірінші бөлігі – Хақ Тағаланың рахметі, екінші бөлігі – Оның кешірімі, үшінші бөлігі – тозақтан азат болу айы». Имам Әл – Манауи бұл хадистің мағынасына қатысты: «Рамазанның бастапқы бөлігінде Алла Тағала ораза ұстаған пенделеріне мол рахметін нәсіп етіп, берекетін ағыл-тегіл жаудырады. Ортаңғы бөлігінде ауыз бекіткендердің күнәларын кешіріп, соңғы бөлігінде, яғни үшінші он күндіктің соңғы түнінде тозаққа лайық болған ораза ұстаған сансыз көп пенделерін тозақ отынан азат етеді», - деген. Рамазан – айының тағы бір ұлы ерекшелігі оның соңғы он түндерінің ішінде айлардың ең сұлтаны болған мың айдан артық тұратын Қадір түні бар. Қай тұрғыдан алсақ та Қадір түніне теңесе алатын ешбір түн жоқ. Егерде мың ай бойы үздіксіз атқарылатын ғибадат болса, оның сауабы бір ғана Қадір түні атқарылатын ғибадаттың сауабына жете алмайды. Осындай ұлы мағынадан жүрегіміз бейқам болмас үшін, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Қадір түні мың айдан да артық!», - деп құлдарын ерекше қызықтырып айтқан. [4]

Рамазан айында орын алған мына оқиғалар бұл айдың артықшылығын көрсетері анық: 1. Рамазан айында болған оқиғалардың ең маңыздысы – Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Қасиетті Құранның түсуі. 2. Бәдір шайқасы ислам үмбетінің тарихында ақиқат пен жалған арасында болған алғашқы шайқас. Бұл шайқаста ақиқатты қорғаушы мұсылмандар Алланың медетімен жеңіске ие болды. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында, Алла сендерге Бәдірде жәрдем берген еді. Сендер онда әлсіз едіңдер. Олай болса, Алладан сақсыныңдар! Мүмкін шүкір етушілерден боласыңдар», – деген. [5] Ибн Аббас (р.а) айтады: «Бәдір шайқасы һижраның екінші жылында рамазан айының он жетінші жұлдызында жұма күні болды. Ол күні осы үмбеттің перғауыны және исламның дұшпаны Әбу Жәһіл өлтірілді», – деп айтқан. 3. Меккенің алынуы. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында, Біз саған айқын жеңісті сыйладық», - деген. [6] Бұл жеңіс һижраның сегізінші жылында рамазан айының жиырмасыншы немесе жиырма бірінші жұлдызында жұма күні жүзеге асты. Бұл жеңістің нәтижесінде Қағбаның іші – сыртындағы пұттар халықтың өз қолымен талқандалып, Мекке пұтқа табынушылықтан тазарды. 4. Һижраның тоғызыншы жылы Тәбук шайқасымен байланысты бірнеше оқиғалар рамазан айында орын алды. 5. Һижраның оныншы жылының рамазан айында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Йеменге Әлидің басшылығымен (р.а) әскер жіберіп, Йеменде ислам діні орнады. 6. Омардың (р.а) заманында мұсылмандар мен парсылар арасында қақтығыстан Қадисия шайқасы да рамазан айында болып, мұсылмандардың жеңісімен аяқталады. 7. Һижраның 92 жылы рамазан айының жиырма сегізінші жұлдызында Тариқ ибн Зияд басқарған әскер Испанияны басып алды.

Рамазан – құлдың Хақ Тағалаға барынша жақындау үшін күллі қам-қарекетін салатын бар жігер-қайратын төгетін ұлы майданы. Рамазан – жай уақытта жасаған жақсылықтар мен салихалы амалдар сауабы еселеніп жазылатын – құтты айы. Сондықтан бұл айда бар игілік иелері жақсылық жасауда өзара аламан бәйгеге түседі. Расында, рамазан айы өмірлік жолымызды көрсететін, нәпсімізбен күресуді үйрететін және мінез-құлқымызды туралайтын ай. Бұл айда әрбір мұсылманға өзінің өмірлік кестесін жасауға мүмкіншіліктер ашылады. Бұл ай барлық адамдарға бірдей ай. Егер де мұсылман шайтанның кісенделіп және жүректер орнығып тұрған айында жақсы мінез-құлықтарды бойына жинай алмаса, өзге айларда қиынға соғатыны сөзсіз.

 

Түрксіб ауданының бас имамы

Абдраманов Ержан

 

[1] Бақара сүресі, 185-аят.

[2] Сахих әл-Муслим.

[3] Сунан әт-Тирмизи.

[4] Қадір сүресі 3-аят.

[5] Әли Имран сүресі 123-аят.

[6] Фатх сүресі 1-аят.

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АУЫЗАШАР ӘДЕБІ ТАЗАЛЫҚ - ИМАННЫҢ БЕЛГІСІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан РАМАЗАН - БЕРЕКЕТ ПЕН МҮМКІНДІК АЙЫ
Осыдан 15 ғасыр бұрын мубарәк рамазан айының жақындап қалған күндерінің бірінде. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құтпа оқып, сөздерін былай бастаған еді: «Уа, мұсылмандар! Ұлы әрі мүбарәк болған бір айдың көлеңкесі үстеріңізге түсіп тұр»....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:42

Ақшамға дейін 00:43

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi