ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Таран ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 02:58
Таран ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таран ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:58 05:04 13:00 18:18 20:46 22:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Мухаррам 1446
Миләди
01 тамыз 2024

Мақалалар

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

| A | +

Қандай халық болмасын тарихи үрдістердің негізінде қалыптасқан дәстүрлі құндылықтармен астасып өмір сүреді. Салт-дәстүр ұлттың бір мәдени қабаты ғана емес, сол халықтың төлқұжаты іспетті. Яғни, халық үшін оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы басты құндылықтардың бірі саналады.

Біз дәстүрлі құндылықтарды терістейтін өктем іс-әрекеттердің деңгейіне қарай деструктивті, яки болмаса экстремистік не террорлық деп сипаттама беріп жатамыз. Соңғы кезде осы теріс сипаттамаларға діннің аты қосақталатын бір үрдіс пайда болды. Яғни, «деструктивті діни ағымдар», «діни экстремизм», «діни терроризм» деген атаулардан көз сүрініп, құлақ тұнатын жағдайға жеттік. Әлбетте, басқа түскен індеттен қашып емес, шешіп қана құтыла аламыз. Олай болса, алдымен «деструктивті діни ағым», «діни экстремизм», «діни терроризм» ұғымдарының бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екенін ажыратып алсақ.

Алдымен, «Діни экстремизмге» тоқталсақ.  Бұл ұғым дегенде біз негізінен жек көрушілік пен  діни дұшпандықты қоздыру мақсатында мемлекеттің аумақтық біртұтастығы мен тәуелсіздігін бұзу және билікті күшпен басып алуға үгіттейтін қауіпті іс-әрекеттер жиынтығын айтамыз. Яғни, бұның астарында да дінге негізделген немесе діни элементтерді қамтитын факторлар кездеседі деген сөз. Ал, «Діни терроризм» дегенде – дін атынан жалған сөйлеу, камуфляждалып жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдарды қазаға ұшырату, елеулi мүлiктiк залал келтiру, қоғамға қауiптi өзге де зардаптарды тудыру, қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру және т.б. діни элементке негізделген содырлық әрекеттерді айтамыз. Деструктивті діни ағымдар болса – қоғамда қалыптасқан дәстүрлі жүйеге дін атын жамылып, қауіп төндіретін, негізсіз терістейтін, жоққа шығаратын, дін атына сай емес мұрат-мақсаттарда іс-әрекеттер жасап, заңсыз немесе заңның тиімді тұстарын әртүрлі қитұрқы әдіс-тәсілдермен өз мүддесіне барынша пайдаланатын адасушыларды айтамыз.

Кез келген діни ағымның деструктивтілігі оның мақсаттарынан және іс-әрекетінің нәтижесінен аңғарылады. Теріс пиғылды ағымның арбауына түскен адамның жеке өмірінің деңгейі, сондай-ақ оның әлеуметтік, физикалық, экономикалық, рухани және моральдық жағдайы бұзылады. Соның салдарынан отбасы мен қоғам зардап шегіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келеді. Деструктивті діни ағымдардың таралуы халықтың діни сауаттылығының төмендігі, қазақстандық азаматтардың шетелде бақылаусыз діни білім алуы сияқты факторлардың әсерінен кең етек жайып кетті. Соның арқасында халық арасында радикалды идеологияның енуіне қолайлы жағдай туғызған негізгі себептер болды.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен елдегі діни саланы реттеу мәселелері Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі күні мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлесе үйлесімді жасап жатқан жұмыстарының нәтижесінде елдегі діни ахуалдың тұрақтылығы сақталып келеді. Ел  Президентінің нұсқауарын орындау аясында террористік қатерлерді бейтараптандыруға арналған Қазақстанның жеке дербес жүйесі құрылып, жыл сайын жетілдірілу үстінде. Елімізде экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылға қатысты біршама тәжірибе мен біліктілік базасы жинақталды. Ол ең алдымен алдын алу шараларын жүргізу, халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыру, түрлі радикалды идеологиялардың ықпалына төтеп беретін иммунитетті қалыптастыру жұмыстарынан тұрады. Бұл орайда дәстүрлі діни-рухани құндылықтардың ұлттың болашағын құруда ықпалды фактор екенін ұмытпауымыз қажет. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты, өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, дүниетанымы осы діннің құндылықтарымен сабақтаса қалыптасты.         

Бүгінгі күннің бет алысына қарай мың құбылып, сабан астынан су жүгіртуді көздейтін деструктивті діни ағымдармен білек сыбана күресуге тиістіміз. Өйткені, деструктивті діни ағым өкілдері жоққа шығарғысы келген дәстүрлі құндылықтарымыз ұлтымыздың қаны мен жаны болып есептеледі. Ал, рухани құндылықтарсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Яғни, дәстүрлі құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтау заман талабы. Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана біз бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз.

 

Смаилов Бакытжан 
"Қарағайлы" мешітінің бас имамы

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМНАН АРАШАЛАЙЫҚ ДІН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ағымдар мен секталар "ДІНИ ФАНАТИЗМ" ҰҒЫМЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?!
"Фанат" деп өзін қандай да бір міндeткe арнаған жәнe көзі oдан баcқа eштeңeні көрмeйтін жанды айтады. Oл өз мақcатына жeту үшін бeйcаналы түрдe қoлында бардың бәрімeн тәуeкeл eтугe даяр. Хош. Бұл түсінікті болды делік. Ал біз қазіргі күні мұқым қауымды алаңдатып отырған «діни фанатизм» жайлы орамды ...
Ағымдар мен секталар ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНЫҢЫЗ!
Көзiңдi аш, оян, Қазақ, көтер басты, Өткiзбей қараңғыда бекер жасты. Жер кеттi, Дiн нашар боп, Хал қараң боп, Қазағым ендi жату жарамасты.
Ағымдар мен секталар ӨЗДЕРІН ТУРА ЖОЛДАМЫЗ ДЕЙТІНДЕРДІҢ ҚАТЕЛІКТЕРІ
Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір сызық сызып: «Мынау – Алланың жолы», - деді. Содан кейін сол сызықтың оң жағынан және сол жағынан бірнеше сызық сызып: «Ал мынау – жолдар, әр жолдың басында шайтан тұрып сол жолға шақырады» деп: «Ақиқатында, осы – Менің тура жолым. Ендеше ...
Ағымдар мен секталар ДІНИ ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА АЛЫП КЕЛЕТІН ЗИЯНЫ ҚАНДАЙ?
Қазақ халқы дінді ұстануда байыпты болуымен ерекшеленген халық. Біздің ұстанымымызда дін мен салт-сана өзара үйлесім тауып сабақтасқан. Тарих беттерін парақтап қарайтын болсақ, қазақ жерінде діни негіздегі қақтығыстардың болмағанын көреміз. Біз діни құндылықтар туралы білмейінше халықтың мәдениет т...
Ағымдар мен секталар Құран мен сүннетті түсінудегі буквализм
Исламның алғашқы ғасырында өмір сүрген ізгілер (сәләф әс-салих) мен көпшілік обьективті ойлай алатын ғалымдар Құран мәтініне түсіндірме берудің рұксат екендігін айтқан және ақидаға (сенім) қатысты мәселелерде осы әдіске жиі жүгінген. Олар Құрандағы кейбір аяттарда буквалды (сөзбе-сөз) айтылған мағын...
Ағымдар мен секталар Араб елдерінің деструктивті ағымдары: Дін және саясат​
Қазіргі таңда деструктивті ағымдардың саясиланып, жекелеген елдердегі саяси үдерістерге белсене араласа бастауы дінтану саласының өзекті мәселесіне айналып отыр. Ол әсіресе «араб көктемі» атауымен болып өткен революциялар толқынынан кейін барынша зерттеушілер тарапынан қызығушылық тудырды. Дәл осы о...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Мухаррам 1446
Миләди
01 тамыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 02:58

Имсакқа дейін 00:51

Люди обязаны перед Аллахом совершить хадж к Дому*

Ва алейкум ассалам. Нет. Хадж это индивидуальное поклонение. Его можно совершить за себя или за одно

Администратор Azankz
27 мау. 2024

ДУМК пояснило перенос даты Курбан Айта с 17 на 16 июня

Вроде ДУМК всегда использовал астрономические вычисления, поэтому заранее всегда даты были известны.

Крафтер Кудабай
10 мау. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi