ӨЗДЕРІН ТУРА ЖОЛДАМЫЗ ДЕЙТІНДЕРДІҢ ҚАТЕЛІКТЕРІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ӨЗДЕРІН ТУРА ЖОЛДАМЫЗ ДЕЙТІНДЕРДІҢ ҚАТЕЛІКТЕРІ

| A | +

«...Расында, Алла кімді қаласа адастырады да, Өзіне [тәубемен] бұрылғанды тура жолға салады».[1]

Әу баста, адамдар мен жындар Алла тағалаға құлшылық жасау үшін жаратылғанымен, уақыт өте келе, пенделікке салынған адамзат баласы, өмірге келудегі негізгі міндеттерін естен шығара бастады. Қызылды - жасылды дүние қызықтарын, Алланың есепсіз берген нығметтерін, өлшеулі болған адам санасы қорытып үлгерместен, нәпсі мен Ібілістің айтағына еріп тәкаппарлыққа бой алдырып, адамгершілік пен қанағатты ұмытты. Ашкөздікке, зұлымдыққа бет бұрды. Негізіміз топырақтан қаланып, Адам ата мен Хауа ананың ұрпақтарынан таралғанымызбен, күллі жаратылыстан үстем болған адам баласына өмір сүру бағытында (ирадажүзия) таңдау берілген болатын.

Кез-келген сәби шыр етіп дүние есігін ашқанда күнәдан пәк, таза күйінде өмірге келеді. Әрі қарай, отбасының ықпалы мен ата-ана тәрбиесі баланың өсіп жетілуіне, өмірге деген көз-қарасының қалыптасуына себепші болады. Десек те, ер жетіп өзіндік тұлғаға айналған сәттен бастап, ол, өмір сүріп отырған әлеуметтік орта мен басқа да факторлардың әсерінен ата-анасынан берілген діни сенімі мен дүниеге көзқарасы өзгеруі мүмкін. Біз кім болып өмір сүрсек те, ақыл-ой шыңына шықсақ та, Хақтың жолы, яғни, тура жолдың біреу ғана екендігі ақиқат. Алайда, жүрегіндегі мен-мендік пен білімсіздіктің нәтижесінде сол «ақиқат» жол тек қана менің ұстанымымдағы тура жол деп қателесетіндер қаншама. Міне, осыдан келіп өздерін тура жолдамыз дейтіндердің қателіктері шығады. Осындай білместікпен қасақана қолдан жасалған діни экстремистік ағымдар, бағыттар кең етек жайып, ұрпақ санасын улап келеді. Ол туралы ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да ескертіп кеткен болатын.

Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір сызық сызып: «Мынау – Алланың жолы», - деді. Содан кейін сол сызықтың оң жағынан және сол жағынан бірнеше сызық сызып: «Ал мынау – жолдар, әр жолдың басында шайтан тұрып сол жолға шақырады» деп: «Ақиқатында, осы – Менің тура жолым. Ендеше оған еріңдер де басқа жолдарға ермеңдер, өйткені, олар /басқа жолдар/ сендерді Оның жолынан айырады» деген аятты оқыды.[2]

Әуелі бәрін білуші, ақиқатты танушы бір ғана Жаратушы болса, Оның ілімін, тура жолын насихаттап таратушы Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кейін сахабаларымыз бен ғұлама ғалымдарымыз болды. Олардың барлығы ғасырлар бойы тура жолды берік ұстанып, қасиетті құран аяттарымен амал етуге үйретіп келеді. Алайда, өздерін тура жолдамыз деп санайтын жат ағымдағы топтар Жаратушыны мойындағанымен оның сүйікті пайғамбарын, сахабаларын, Алладан берілген дарын иелері ғалымдарымызды тура жолды насихаттаушы ретінде қабылдамай, ақылындағы аялы білімін Ібіліс жүрегіне салған тәкаппарлықпен ұштастырып, өздерінің үстемдігін барлық жаратылыс иелерінен жоғары қояды. Осындай тәкаппарлық пен білімсіздіктері олардың қателіктерін айқындайды. Ислам діні пайда болған сәттен бастап адамзат баласының тура жолда, бақытты өмір сүруіне негіз болды. Яғни, Ислам діні әділдік пен адалдықтың, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің, адамгершілік пен қайырымдылықтың, бауырмалдық пен кішіпейілділіктің жарқын көрнісі болса, өздерін тура жолдамыз деп көрсететін, тура жолдан адасушы ағымдар нағыз ислам дініне тән емес, бөтен және оқшау пікірлер айтып, оғаш қылықтар көрсетуде. Ата-анасына сый-құрмет көрсетпей, бауырлары мен туыс-туғандарымен арақатынасын үзіп, отанына, өз елінің төл мәдениетіне, салт-дәстүріне мысқылдап, менсінбей қарап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуден қалып жүр. Өзінен-өзі тұйықталып өмірден оқшаулану арқылы екі дүниелік бақытқа қол жеткіземіз деп сенеді. Ал Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзгелерге мейрім таныта алмаған адамға Алла Тағала да қайырымдылық жасамайды» - деген хадисін ескеретін болсақ, олардың тура жолдан адасып жат сенімнің жетегінде жүргендігін аңғару қиын емес.[3]

Сонымен қатар, кейбір адастырушы тараптар ислам дінін ұстанушы әлсіз топтардың ақидасын түрлі амал-тәсілдерді пайдаланып теріс ағымға тартуға тырысады. Оларға ислам дініне жат дәстүрлі (шамандық) наным-сенімдерді алға тарта отырып, ғайып нәрселерді Аллаһтан басқалар да біледі деп сендіреді. Осыдан келіп, құлшылық түрлерін Жаратушыдан басқаға да арнауға болады деген сенім қалыптасады. Дәлірек айтсақ, әулие-әмбиелерді тауаф ету, олардан көмек сұрау сияқты түрлі қателіктерге бой алдырады. Осы сияқты қателіктер ислам дінін толыққанды білмеуден, шариғи сауаттың жоқтығынан, рухани кедейліктің басымдылығынан туындап отыр. Кейінгі ұрпақ санасының осылайша уланбауы үшін ислам тәрбиесін тал бесіктен беріп, ақиқат жолды адаспай табуға баулуымыз керек.

 

Тайлаков Ерлан 

"Абу Бакр" мешітінің найб имамы

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Құран кәрім. 13-Рағд сүресі, 27-аят.

2 Құран кәрім. Әнғам сүресі, 6/153; Хаким, 3241.

3 ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001хадис. Алматы 1991 ж.

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚАЙРАТТЫ ҚАРТТЫҚ ҚҰПИЯСЫ ДІНИ ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА АЛЫП КЕЛЕТІН ЗИЯНЫ ҚАНДАЙ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ағымдар мен секталар ДІНИ ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА АЛЫП КЕЛЕТІН ЗИЯНЫ ҚАНДАЙ?
Қазақ халқы дінді ұстануда байыпты болуымен ерекшеленген халық. Біздің ұстанымымызда дін мен салт-сана өзара үйлесім тауып сабақтасқан. Тарих беттерін парақтап қарайтын болсақ, қазақ жерінде діни негіздегі қақтығыстардың болмағанын көреміз. Біз діни құндылықтар туралы білмейінше халықтың мәдениет т...
Ағымдар мен секталар Құран мен сүннетті түсінудегі буквализм
Исламның алғашқы ғасырында өмір сүрген ізгілер (сәләф әс-салих) мен көпшілік обьективті ойлай алатын ғалымдар Құран мәтініне түсіндірме берудің рұксат екендігін айтқан және ақидаға (сенім) қатысты мәселелерде осы әдіске жиі жүгінген. Олар Құрандағы кейбір аяттарда буквалды (сөзбе-сөз) айтылған мағын...
Ағымдар мен секталар Араб елдерінің деструктивті ағымдары: Дін және саясат​
Қазіргі таңда деструктивті ағымдардың саясиланып, жекелеген елдердегі саяси үдерістерге белсене араласа бастауы дінтану саласының өзекті мәселесіне айналып отыр. Ол әсіресе «араб көктемі» атауымен болып өткен революциялар толқынынан кейін барынша зерттеушілер тарапынан қызығушылық тудырды. Дәл осы о...
Ағымдар мен секталар Жат ағым да вирус секілді
– Ассалаумағалейкүм, Ибрагим қажы. Сұхбатымызды «Бабаларымыздың діни ұстанымы қандай бағытта болды?» деген сұрақтан бастасақ. Себебі, әлеуметтік желіде «бабаларымыз Ислам дінінде болмаған» деген сыңайлы түрлі жазбалар таралып жүр... – Бабаларымыз тәуелсіздік жылдарынан бұрын да Ислам дінін ұстанып, ...
Ағымдар мен секталар Мұхан ИСАХАН: Тәңір – ханифтік сенім, ал «тәңіршілдік» – саяси жоба!
– Мұхан аға, соңғы жылдары исламды мансұқтап, тәңіршілдікті төл сеніміміз деп ұрандатушылар бой көрсетсе, ал оларды әсіре исламшылдар күпірлікке шығарып, әлеуметтік желіде діни талас-тартыстар жиі-жиі қылаң беруде. Бұған қатысты не айтасыз?...
Ағымдар мен секталар Деструктивті діни ұйымның жеке тұлғаға психологиялық ықпал ету әдістері
ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталық бастығының орынбасары Сергей Швейкиннің 2019 жылдың 6 қарашада ХІ Қазақстан дінтанушылары форумында сөйлеген сөзінде, Қазақстанда деструктивті ағымды ұстанатындардың саны 20 мыңнан асады. Осы уақытқа дейін 800-ден астам қазақстандық азамат террористік ұйымдардың қата...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 04:06

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi