XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ медреселері
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:35
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:19 05:36 12:00 16:26 18:18 19:35
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024

Мақалалар

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ медреселері

| A | +

Оқу-ағарту жұмысы Қазақ жерінде ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшыланған аймақтарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (VII-VIII ғ.ғ.) көптеген оқу орындары мен медреселер жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт ҚашқариЖүсіп БаласағұниАхмет ИүгінекиҚожа Ахмет Ясауи, тағы да басқа ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. XVIII-XIX ғ.ғ. мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. Ал XIX ғасырдың 50-60 жылдарында ашық және жасырын діни білім беретін жалпы саны 84 оқу орны болған болса, 20 ғасырда ол орындардың күрт азайғандығын көреміз. Осы оқу орындарының өзгеріске ұшырағанын, жабылуы себептерін, саяси бағытта жүргізілген тұстарын ашып көрсету қазіргі таңның өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.

 

XIX ғасырға қалам тіремес бұрын жалпы қазақ даласынағы діни сауат ашушы мектептердің қалыптасыуынан қысқа да нұсқа мәлімет беруді жөн көрдік. Қазақ өлкесіндегі ислам мектептерінің құрылуы Хорасанды билеген Құтайба ибн Муслимнің 751 жылы Қытайларға қарсы түркештерге көмекке келіп «Талас ғазауатында» қытай экспансиясының бетін қайтаруымен бастау алады. 942-1212 жылдар аралығында өмір сүрген Қарахан мемлекетінің Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде ұстанулары да жалпы Орта Азиядағы мешіт-медреселердің өркендеуіне жол ашты. Кейіннен ХІІ ғасырда моңғол шапқыншылығының Орта азиядағы қамалдарды қирату, кітапханаларды өртеу нәтижесінде даламыздағы ислам дінін әлсіретіп, медреселер жұмысының артқа кетуіне түркі болды. XIV ғасырдың орта шегінде Тоғлық Темірдің ислам дінін қабылдауымен медресе жұмыстары қайта жанданғаны күмәнсіз. Себебі, Тоғлық Темірдің исламды қабылдау оқиғасы осындай пікірді туғызады. Оның исламды қабылдауы былай болған – Шейх Жамаледдинді оның жанына алып келеді. Ол келгенде хан иттерге шошқа етін беріп жатыр еді. Хан: «Әй тәжік, сен жақсысың ба, әлде мына ит пе?» - деп айтты. Шейх: «Егер иман менде болса, мен жақсымын, иман менде болмаса мына ит артық», - деп бұйырды. Осы әңгімеден хан әсерленіп, Ислам махаббаты жүрегіне орнығады [1, 15-б.]. Шейх Жамаледдиннің ұлы шейх Аршадеддиннің себепкерлігімен Тоғлық Темір хан исламды қабылдағанда онымен бірге жүз алпыс мың адам иман келтірді. [2, 23-б.].

 

Оқиғадан көргеніміздей бір күнде жүз алпыс мың адамның исламды қабылдауы діннің шекаралық аймақтарға да таралмауы мен өлкедегі медреселердің өркедемеуі мүмкін емес-ті. Қазақ хандығының құрылуымен дербес болған даламызда «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» заңдар жиынтығы да ислам шеңберімен құрылғандығы белгілі. Кейіннен уақыт өте келе заманының себептерімен XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығына қарасты кіші жүз елі Ресей бодандығын қабылдайды. Патшалық Ресей қарапайым, аңғал халықтың бай жерін көп күш жұмсамай-ақ иемденудің оңай да олжалы жолдарын іздестірді. Отарлау саясатын кең түрде қолдана отырып, негізгі саясаты діні арқылы бағындыру, бірте-бірте шоқындыру, яғни орыстандыру еді.

 

Алайда XIX ғасырдың басына дейін қазақ даласында мешіт салу ісі қолға алынбады. Десекте, мұрағат құжаттарының арасында Орман Нұралиевтің Сарайшық қамалының маңында салынған мешіт жайында 1809 жылы берген мәлімдемесі, Абдулмұклим Әшимовтың, Тәуке және Баймұхаммед Айшуақовтардың 1809 жылы Қобда өзенінің жағасында 200 адамдық мешіттің салынуы жайындағы мәліметтері сақталған. Мешіт салу туралы сұраныстардың көпшілігіне патша үкметі бұл құрылыс үлкен қаржыны қажет ететіндігін айтып, сылтауратуға тырысқан. [3, 4-б.]. Орынбор әкімшілігінің жобасы бойынша мешіттер тұрғызу ісі XIX ғасырдың бірінші жартысында іске асырыла бастады. Мешіттер негізінен шекара шептеріне жақын жерлерде салынды. Олардың іске асуына ынталы болғандар арасы да татар молдалары ерекше көзге түсті. 1838 жылы Илецкідегі «Айырбас және сауда орындарында» мешіттер тұрғызу ісіне қаржы жинауда қазақтар мен татарлардың бірлесе қызмет еткендігі жайында деректер бар.

 

XIX ғасырдың ортасына қарай Ішкі Ордада яғни, Батыс Қазақстанда  38 мұсылмандық мектептер салынды, онда 400 оқушы оқыды, оның ішінде қазақтардан – 350, татарлар – 50 шәкірт болды [4, 127-б.].

 

Сұлтан Жәңгір өзінің 1791 жылы 26 желтоқсанда Орынбор обер-коменданты И.А.Трейденге жазған хатында Сейітов посадына өз ұлы Бішкінді оқуға жіберетіндігін хабарлайды [5, 78-б.]. 1792 жылы «Сейітов посадында татар сауаттылығына орыту үшін ұлы Ералыны жібереді» [6, 79-б.].

 

Патша өкметі Ресей үстемдігінің орныққанын сезген шағында империяны күшейту үшін өзге халықтарды орыстандыру керек деген міндет қойды. Орыстандырудың сыннан өткен механизмі – отарланған халықтарға орыс тілі мен менталитетін күштеп таңу, християндандыру және т.б. болатын. Орыстандыру ісі мемлекеттік саясатқа айналды [7, 83-б.]. Ол саясатты қазақ даласына орыс мектептерін ашу арқылы оқу-ағарту аясында жүргізуді көздеді. Оның нәтижесі өлкеміздегі медреселердің құлдырауына әкеп соқты.

 

Қазақстанда исламға қарсы шабуыл дін мектептерін жабудан басталды. 1926 жылдың соңына қарай Жетісу губерниясында ғана 8 жастан 15 жасқа дейінгі балалар оқитын, сондай-ақ әр қайсысында 15-тен 75-ке дейін шәкірттер бар 20 жасырын жұмыс жасаған дін мектептері жабылды [8, 15-б.].

 

XIX ғасырдың 50 жылдары да мұсылман мектептері мүлде жабылып қалмағанымен, саны күрт азайды. Мұрағат құжаттарынан халықтың өз еркімен орыс мектептерінен бас тартқандықтары, өз қаражаттарына рұқсатсыз медреселер ашып, мешіттер салған фактілерін көптеп кездестіруге болады. Қазақтардың арасынан мешіт салуға, медреселер ашуға ресми түрде рұқсат сұраған өтініштер де көптет түсіп жатты. Мысалы, мұрағатта Торғай обылысының Ақтөбе уезіндегі Теректі болысынан Гатаулла Басбековтың Кеш өзенінің бойына өз қаражатына соққан мешітті заңдастырып, жаңадан медресе ашу туралы өтініші тіркелген. Тастөбе Қараторғай ауылында мешіт рұқсатсыз салынған. Сонымен қатар, Торғай қаласында Байту молда салдырған ортақ медресе жұмыс істеген. Бұл медреседе де ұзақ жылдар бойы мұсылманша оқу үзілмеген. Байту молданың ұлы Салихтан жыл сайын 100 шақты шәкір дәріс алып отырған. Сырдария обылысы Ходжент уезінің бастығы 1878 жылы 12 сәуірдегі баяндамасында «бұл уездегі 15 орыс балаларына ғана арнап орыс мектептерін ашпаса, жергілікті халыққа арнап мектеп ашудың пайдасы жоқ. Бұлар жергілікті молдалардың ықпалымен капитан Путинцевтің орыс мектебін ашу туралы ұсынысына да қарсылық көрсеткен. Сондықтан олар орыс мектебін ашуға қаражат бөледі деп үміттенуге қажет жоқ» [9, 82-б.], – деп мәлімдеген. Ағарту ісі саласындағы үкіметтің жүргізіп отырған саясатының шын сырын, түпкі мақсатын Халық ағарту министрі граф Дмитрий Толстойдың 1870 жылы айтқан мына сөздерінен де аңғаруға болады: «Біздің елімізді мекендейтін барлық бұратана тайпаларға білім берудегі түпкі мақсат – оларды орыстандыру... екендігі күмән тудырмауы тиіс» [10, 15-б.].

 

Тарихи дереккөздер шамамен 1922 жылдың соңынан бастап қазақ қоғамында ислам дініне ықыластың арта түскендігі көрсетеді. Бұл қоғамға апат әкелген Азамат соғысы, аштық және жұттан кейінгі кезең болатын. Басым түрде қазақтардан тұрған барлық өңірлерде аудандық мухтасибтар, ауылдарда діни салт-дәстүрлерді атқаратын орындар, діни мектеп-медреселер және шариғатқа сүйенген ақсақалдық соттар қалыптасып, халыққа қызмет көрсетті [11, 15-б.]. Осы уақыттарда мұсылман діни мекемелері мен оқу орындарының үстінен үкімет тарапынан мұқият бақылау орнатылды. Міне, сондай әрекеттер себебімен 20-жылдардың орта тұсынан бастап ел ішінде жасырын діни мектептердің жұмыс жасағандығын байқауға болады. Мәселен, 1926 жылдың қазаны мен 1927 жылдың наурызы аралығында Ақмола губерниясында 109 шәкірті бар 11 жасырын мектептердің жұмыс жасайтындығы анықталған.  

 

Жасырын ашылған діни мектептердің басым бөлігі Сырдария губерниясына тән еді. Мұнда, мәселен, 1928 жылы 7-45 жас аралығындағы 5155 адам оқитын 276 жасырын діни мектептер бар екендігі, олардың 160-ында өзбек, 155-інде қазақ және 1-еуінде татар тілдерінде жүргізілген.

 

Ал сол жылы басқа губерниялардағы жасырын мұсылман мектептерінің саны 20 болса, олардың 17-сі Орал губерниясында орналасқан [12, 15-б.].

 

Осы арада мынадай сауалға жауап іздеуге тура келеді. 1917 жылы революциялық өзгерістерден соң қазақ қоғамында ислам діні ықпалының арта түсуін қандай себептермен түсіндіруге болады? деп  М.Қойгелдиев сұрақ қойып, былайша жауап береді: «Ол жаңа орнаған совет үкіметі дінге, соның ішінде ислам дініне қатысты жағымсыз, тіптен ашық агрессивті ұстанымда болуы еді».

 

Мәселе мұнда. Қазақ қоғамындағы исламға бұрынғы патшалық билік те қарсы болды. Патша үкіметі исламға қазақ қоғамында өз ықпалын жүргізуге кедергі жасайтын негізгі күш ретінде қарап, соған байланысты рұсатсыз мешіттер салуға, мұсылман мектептерін ашуға, ислам құндылықтарын жаюды көздейтін әдебиеттер таратуға тыйым салды. Мұнымен шектелмей, қазақ арасында христиан дінін тарату әрекетін жүргізді [13, 15-б.].

 

Және XX ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақсатан облысы Шаян ауданындағы «Шаян мешіті» жанынан құрылған медресені айрықша атап өткен жөн. Себебі ол медресе бүкіл қазақстан көлемінде ислам мәдениетін қалыптастыру және діни сауаттылық тарату ісінде ел мойындаған ірі орталық міндетін атқарған. Сонымен қатар, Қазақстанның түрлі аймақтарынан бөлек, Орталық Азиядағы, Еділ және Жайық бойындағы, және империядан тыс алыс шетелдердегі ислам діні орталықтарымен де тығыз байланыста болды.

 

Аталған мешіт пен медресені Аппақ-Мақсұм ишанның әкесі Сейдахмет ишан XIX ғасырдың 70 жылдары сол кездегі 150 мың орыс ақшасы көлеміндегі қаржыға салдырған. Мешіттің жанынан 100 орындық медресе ашады. 1927 жылға дейін Шаян медресесінде Арқадағы Қарқаралы, Жетісудағы шу, Іле, Алматы, сондай-ақ, Сарысу өңірінен, Сыр бойындағы қазақ ауылдарынан, Қырғызстандағы Ош аймағынан, Өзбекстандағы Мырзашөл өңірінен шәкірттер келіп білім алған [14, 15-б.].

 

Сонымен қорыта келгенде XIX ғасырдың екінші жартысында патша үкіметінің ислам дініне қатысты саясаты қазақ даласындағы мектептер мен медреселерді тікелей бақылауға алып, Құранды қазына есебінен бастырып, оны қазақтар арасына тегін тарату сияқты шаралар арқылы іске асырғандығын байқаймыз. Ал патша үкіметінің құлауымен ортаға шыққан кеңес үкіметі уақытында жалпы діндерге апиын есебінде қарап, атеистік бағытты ұстанды. 

 

Алматы қаласы, Наурызбай аудандық

«Абу Бакр» мешітінің найб имамы,

Абай атындағы ҚазҰПУ университеті "Тарих

және Құқық" институтының магистранты

Бердібеков Айдос Шарапатбекұлы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Иманды күшейтудің 1 күндік жоспары Құмар және лотерея ойындарының үкімі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам тарихы САДУМ қалай құрылды?
Болашақ бағдарын анықтауда түп-тұқиянымыздан тартып, ұлтымыздың өткен өмір өткелдеріне көз жүгіртіп, қазіргі кейіп-кеспірімізді ой-електен өткізе келіп, келер күннің бет-алысын долбарлау кәдуілгі табиғи ой-өріс екені белгілі. Алайда жасампаздық пен ілкімді адымға тұздық болатын идеялар өткеннің қайн...
Ислам тарихы Ғарышқа ұшқан мұсылмандар
1. Сұлтан бин Салман бин Абдулазиз әл-Сауд 1956 жылы 27 маусымда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында дүниеге келді. Ол Сауд Арабиясы Корольдік Әуе күштерінің ұшқыш-полковнигі болған. ...
Ислам тарихы Әлемдегі ең атақты Ислам университеттері (ФОТО)
Ілім жолына түскен талапкерлер мен көзі қарақты оқырмандар назарына әлемдегі ең атақты Ислам университеттерінің тізімін ұсынамыз.
Ислам тарихы Фоторепортаж: Қағба есігінің көне жапқыштары
Қадірлі оқырман! Бүгін назарларыңызға Қасиетті Қағбаның есігіне әртүрлі дәуірлерде жабылған жапқыштардың фото-галереясын ұсынамыз. Бұл көне жапқыштарға жіті назар салған жан тігіншілердің өнері мен шеберлігіне тәнті болып, Қағбаның тылсым тарихынан сыр ұққандай күйге бөленері хақ.    ...
Ислам тарихы Қағба туралы қызықты 10 жайт
Әлемде миллиондаған адамдарға Меккеден артық мәртебелі, қасиетті жер жоқ шығар. Объективті көзбен қарасақ, Хиджаз алқабындағы Аравия жер бетіндегі ең танымал мекен болып табылады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:35

Бамдатқа дейін 01:22

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi