САДУМ қалай құрылды?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:30 06:50 11:41 14:44 16:26 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
21 қараша 2024

Мақалалар

САДУМ қалай құрылды?

| A | +

Болашақ бағдарын анықтауда түп-тұқиянымыздан тартып, ұлтымыздың өткен өмір өткелдеріне көз жүгіртіп, қазіргі кейіп-кеспірімізді ой-електен өткізе келіп, келер күннің бет-алысын долбарлау кәдуілгі табиғи ой-өріс екені белгілі. Алайда жасампаздық пен ілкімді адымға тұздық болатын идеялар өткеннің қайнары мен бүгінгі тыныс-тіршілік һәм келешек кенересімен астасып-қойындасып жатса ғана өміршең болады.  Осы мақсатта діни қарашаңырағымыз ҚМДБ-ның «төркіні» саналатын, кешегі қанқұйлы Екінші дүниежүзілік соғыстың қайнаған тұсында құрылған САДУМ-ның (Орта Азия мұсылмандары басқармасы) тарих сахнасына шығуының алғышарттары мен себептеріне тоқталып, өткеннен сыр шертуді жөн көріп отырмыз.

 

Қандауыр қырғын

 

Кеңес үкіметі қан шеңгелдеп тарих сахнасына шыға салысымен, қоғамда коммунистік идеяның теңдессіз «пұтқа» айналуына кедергі келтіреді-ау деген құндылықтардың бәрін тұп-тұқиянымен жоюға кірісті. Қызыл империяның құрамына кірген Кавказ, Еділ бойы және Орталық Азия халықтарындағы ең қуатты рухани күш, сан ғасырлардан бермен дүйім жұрттың жүрегінен орын алған наным-сенімі Ислам діні еді. Сол себепті де коммунистік билік ең әуелі мұсылмандардың басына қара көшкін бұлт үйіріп, зобалаң тудыруға асық болды.

 

Әсілі, Кеңес үкіметі алғашқы он жылда мұсылмандарды қыспаққа алу үшін діни мәселелерді зерттеуге көбірек мән берді. Коммунизм теориясында «дін мемлекеттен бөлінген» деген қағида бола тұра, ОГПУ-дің Шығыс бөлімі (ВООГПУ) мұсылмандықтың тамырына балта шабудың тың жоспарын жасауды қолға алды. Осы зерттеулер нәтижесі негізінде орталық аппаратта 1924 жылы мұсылмандардың діни білім алудың жасын шектеуге, соңыра мешіт пен медреселерді күштеп жауып, діни қайраткерлер мен ғұламаларды әртүрлі айыптармен жазалау туралы құпия шешім қабылданды (Дмитрий Арапов, Григорий Косач. «Ислам и мусульмане по материалам Восточного отдела ОГПУ. 1926 год» (Нижний Новгород, ИД «Медина», 2007).

 

Кеңес үкіметі 1929 жылы «Діни бірлестіктер ту­­ралы» пәрменді қаулы қабылдап, қара құйын пәлекетті бастап та жіберді. Құдай атқыр аталған низамның аясында жаппай мешіт-ме­дре­се­лерді жауып, оны малқораға айналдырды, қожа-молдаларды «панисламшыл», «пантүрікшіл» деп қуғындады. Ел ішінде жамағат бо­­лып құлшылық қылу былай тұр­сын, қайтқан кісінің жаназасын шығару, садақасын беру се­кілді діни салт-жоралардың орын­­далуына ада-күде тыйым салынды.

 

Осы жылы араб жазуы латын әліпбиіне ауыстырылып, діни кітаптар тәркіленіп, оны пай­даланушылар қатаң жазаға тар­тылды. Қарсы келгендер Сібірге ит­жек­кенге айдалды, мырышқа түй­­релді, оққа байланды. Жер-же­р­­де «құдайсыздар қоғамы» құ­ры­лып, атеистік идеология мем­л­екеттік тұрғыда насихатталды. Сөйтіп, Кеңес үкіметі құрамындағы мұсылман үмбеті бейне басына тамұқ орнағандай күй кешті. Бұл зобалаң Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жалғасын тапты.

 

Исламды қолдауға деген мәжбүрлік

 

Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Кеңес үкіметінің Ислам дініне деген ұстанымы күрт өзгеріп шыға келді. Себебі, гитлерлік Германия Кеңес үкіметінің Ислам дініне қарсы жасаған зорлық-зомбылығын сын садағына алып, мұсылмандарды өз мақсатына пайдалануды көздей бастады. Фюрер тұтқынға түскен Орта Азия мұсылмандарынан «Түркістан легионын» құрып, оларды коммунистерге қарсы қойды (О.В.Романько, Мусульманские легионы во Второй мировой войне, М.: АСТ; Транзиткнига, 2004). Сондай-ақ, Гитлер 1941 жылы Иерусалим муфтиі Амин әл-Хусейнимен кездесіп, араб әлемін де еврейлер мен коммунистерге қарсы тұруға шақырды.

 

Гитлермен болған екеуара құпия келісімге сай Амин әл-Хусейни «Берлин радиосында» Гитлерді мұсылмандарды құтқарушы «мәді» деп атап, мұқым мұсылман үмбетіне үндеу жасады (В.А.Мальцев, Исламский проект Третьего рейхаНГ-Религии, 2009). Гитлерді мұсылмандықтың жанашыры етіп көрсету үшін баспасөзде бірнеше рет мақалалар басылды. Мысалы, «Идель-Урал», «Азербайджан», «Яни Туркестан», «Азат Крым» және т.б. газеттерде осы сарында жиі-жиі ақпараттар берілді (http://www.perspektivy.info/…/popytki_nacistov_germanii).

 

 

 

Фашистік Германияның әнжі айласынан сескенген Кремль шұғыл дін қайраткерлерінің Мәскеуде басын қосып, оларды Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіп шығу үшін атсалысуға шақырды. Мәскеу коммунистік биліктің Ислам дініне деген оң қабақ танытатынын көрсететін шараларды қолға ала бастады. Қапаста һәм айдауда жүрген діни қайраткерлер босатылып, «бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін» ұранына үн қатуға шақырылды.

 

Бабахан ишан һәм САДУМ

 

Гитлердің саясатына қарсы Кремльдің шұғыл түрде қолға алған шаралары өз үдәбарасынан шықты. Ғазауат ұраны айтылғанда мұсылмандар соғысқа өздері сұранып, қан майданға аттана бастады. Олардың соғыста көрсеткен ерліктеріне сүйсінген Кеңес үкіметі дінге қолдау көрсетуді үсті-үстіне үдете түсті.

 

Нағында, Патша үкіметі тұсындағы Орынбор муфтилігін (1788-1917) Кеңес үкіметі 1917 жылы Мұсылмандардың орталық рухани басқармасы (Уфадағы «Діни назарият») деп қайта құрған болатын. Кеңес үкіметі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мұсылмандарды тиімді басқару әрі шұғыл соғысқа жегу үшін осы «Діни назариятты» төртке бөлді. Сөйтіп, Кеңес үкіметінің құрамындағы мұсылман қауымы 1943 жылы САДУМ,  Кавказ, Солтүстік Кавказ және Еуропа бөлігі мен Сібір мұсылмандары басқармасы болып қайта құрылды.

 

САДУМ-ның құрылуына келер болсақ, Сталин «Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын» құру үшін мұсылмандар арасында атақ-абыройы бар дін ғұламасының көмегіне жүгінуі керек болды. НКВД-нің Шығыс бөлімі Сталинге Ташкенттің бұрынғы муфтиі Бабахан ишан ибн Әбдулмажидтің кандидатурасын ұсынды. Генсек 1942 жылы Мәскеуге Бабахан ишанды алдырып, екеуара кездесуде оған САДУМ-ды құру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Діни отбасыда дүние есігін ашқан Бабахан ишан ибн Әбдулмажидхан (1858-1957) жас күнінде Бұқарадағы «Сарайташ», «Көкілташ», «Мир Араб» медреселерін тәмамдап, соңыра Ташкенттегі «Тилла» мешітінің имамы әрі «Муи-Мүбарак» медресесінде мүддәріс болып қызмет етті. ХХ ғасырдың басында ол өзінің ғұламалығының арқасында Орталық Азиядағы ең ықпалды сопы әрі фақиһқа айналды. Бірақ, Кеңес үкіметі құрылғаннан кейін Бабахан ишан бірнеше мәрте тұтқындалып, түрмеге түсті. Қанша азапталса да, Бабахан ишан қайсарлық танытып, өз ұстанымынан тайған емес-ті. Бабахан ишанның Орталық Азиядағы беделін ескерген НКВД САДУМ-ның төрағалығына оған таңдау жасады.

 

Бабахан ишан Кеңес үкіметінің тәубеге келіп, Ислам дініне оң қабақ таныта бастағанын қызу қолдады. Ол Мәскеудің тапсырмасын ынты-шынтымен орындауға барын салды. Берілген тапсырма негізінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерінің беделді дін ғұламаларынан жасақталған комитет құрды. Ұйымдастыру жұмысына сол кездегі Ресейдегі беделді дін ғұламалары – Мұсылмандардың Орталық діни басқармасының төрағасы Абдурахман Расули, Мәскеу орталық мешітінің бас имамы Халил Рахман Насретдинов, Қазан қаласындағы «Марджания» мешітінің имамы Қияметдин Қадыров секілді білікті мамандар жұмылдырылды. Комитет мүшелері Орталық Азиядағы бес республиканы аралап, мұсылмандар құрылтайын өткізу туралы үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

 

 

Бабахан ишан 1943 жылдың 15-20 қазан аралығында Ташкентте 160 делегат бас қосқан Орталық Азия және Қазақстан мұсылмандарының алғашқы құрылтайын өткізді. Құрылтайда САДУМ құрылып, оның төрағасы болып бірауыздан Бабахан ишан ибн Әбдулмажидхан сайланды. Сондай-ақ, оған бес республиканың муфтиі деген атақ берілді. Мурадходжа Салихов төраға орынбасары, ал Ишан Бабаханұлы Зияуддинхан жауапты хатшы қызметіне тағайындалды. Құрылтай шешімімен 11 адамнан тұратын басқарма және 5 адамнан тұратын ревизиялық комиссия жасақталды. САДУМ құрамында бес республикадан арнайы қазияттар құрылды. Қазақстанның қазиі болып Абд әл-Ғаффар Шамсуддинов, Өзбекстанға Бабахан ишан, Тәжікстанға Салех Бабакалан, Қырғызстанға Олимхане Тура Шәкир, Түркіменстанға Анна ишан тағайындалды.

 

САДУМ-ның алғашқы құрылтайы сұрапыл соғысқа қатысты төмендегі үндеуді қабылдады: «Біздің қадірлі бауырларымыз бен ұлдармыз! Біз, мұсылман ғұламалары және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстан мұсылмандарының атынан сіздерге үндеу жариялаймыз! Зұлым басқыншыларға қарсы айбатты арыстандай шайқасыңдар! Барша халықтың ұлдары бір сапқа тұрып, жауыз фашистерді жер бетінен жойып жіберіңдер! Туған жеріміздің әрбір сүйемін жау аяғына таптатпай, қатарларыңды қатаң тәртіппен шыңдандар! Барлық иман келтіргендерді Аллаға жалбарынып, әскерімізге жар болып, жеңіске жетуімізді сұрап, дұға етуге шақырамыз!».

 

Орта Азия және Қазақстанның дін қайраткелері мұсылман жұртшылығын фашистерге қарсы ғазауат жасауға үндеп, жер-жерде Германияның окуппациясын терістейтін уағыз-насихаттар жүргізілді. Мешіттерде Сталиннің денсаулығы үшін және қан майданда жеңіске жету үшін арнайы хұтба оқылды. Тек бір мезетте Өзбекстан мұсылмандары Қызыл Армияға көмекке 1 280 000 рубль, 117 000 облигация, 93 тонна азық-түлік, 90 бас мүйізді ірі-қара аттандырды (Протокол собрания 2-го Курултая в 1948 году). Мұсылмандардың еселенген көмегі Қызыл Армияның майдан даласында жеңіске жетуіне елеулі үлес қосты.

 

Түйін

 

Қан шеңгелдеп тарих сахнасына шыққан Кеңес үкіметі алғашқыда мұсылмандарға қандауыр қырғын жасап, діни қайраткерлер мен ғұламалардың басына қара түнек орнатқанымен, Жаббар Хақтың тағдыр-талайы Екінші дүниежүзілік соғыста жез мұрт «көсемді» мұсылмандардың көмегіне мұқтаж еткізді. Қызыл империя кешегі қанды қасап ұстанымынан сырт айналып, мұсылмандардың ресми түрде топтасуына мүдделі болып шыға келді. Осылайша, шебер Құдай Тағала илләһи тағдырымен дінсіздің өзін дін-мұсылманға мұқтаж еткізіп, кесапат пейіл мен қара түнек тамұқтың сейілуіне үкім кескен еді.   

 

Мұхан ИСАХАН,

"Мұнара" газеті, №2, 2020 жыл

Предыдущий Следующий
Білімге құштарлық Таң намазынан кейін қаза болған намаздарды оқуға болады ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам тарихы Ғарышқа ұшқан мұсылмандар
1. Сұлтан бин Салман бин Абдулазиз әл-Сауд 1956 жылы 27 маусымда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында дүниеге келді. Ол Сауд Арабиясы Корольдік Әуе күштерінің ұшқыш-полковнигі болған. ...
Ислам тарихы Әлемдегі ең атақты Ислам университеттері (ФОТО)
Ілім жолына түскен талапкерлер мен көзі қарақты оқырмандар назарына әлемдегі ең атақты Ислам университеттерінің тізімін ұсынамыз.
Ислам тарихы Фоторепортаж: Қағба есігінің көне жапқыштары
Қадірлі оқырман! Бүгін назарларыңызға Қасиетті Қағбаның есігіне әртүрлі дәуірлерде жабылған жапқыштардың фото-галереясын ұсынамыз. Бұл көне жапқыштарға жіті назар салған жан тігіншілердің өнері мен шеберлігіне тәнті болып, Қағбаның тылсым тарихынан сыр ұққандай күйге бөленері хақ.    ...
Ислам тарихы Қағба туралы қызықты 10 жайт
Әлемде миллиондаған адамдарға Меккеден артық мәртебелі, қасиетті жер жоқ шығар. Объективті көзбен қарасақ, Хиджаз алқабындағы Аравия жер бетіндегі ең танымал мекен болып табылады. ...
Ислам тарихы Пайғамбар мешіті туралы 9 қызықты дерек 
Өмірде бізді әдемілігімен тәнті еткен суреттерді көргенде үнемі «Бұл Жер бетіндегі жұмақ қой!» деп таңданысымызды жасыра алмай жатамыз. Шын мәнінде, мұндай сөзге лайықты бір ғана орын бар. Жасыл кілем мен миллиондаған адамның көз жасына қаныққан Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болс...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
21 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi