Әлемдегі ең атақты Ислам университеттері (ФОТО)
Ілім жолына түскен талапкерлер мен көзі қарақты оқырмандар назарына әлемдегі ең атақты Ислам университеттерінің тізімін ұсынамыз.
1. Әл-Әзһар университеті – Мысырдың Кайр қаласында орналасқан әлемдегі ең көне білім ордаларының бірі. Ислам тарихындағы фатимиттер тарапынан 970 жылы дін ілімдерін үйрететін орталық ретінде құрылған. Бүгінгі таңда ең атақты Ислам университеті әрі араб тілі мен әдебиетін терең оқытатын оқу орны ретінде танымал.
Университет веб-сайты: https://www.azhar.edu.eg/
2. Куала-Лумпурдағы Халықаралық Малайзия Ислам университеті Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең атақты университеттердің бірі. Бұл оқу орнына Халықаралық Ислам ұйымына мүше 8 мемлекет демеушілік етеді.
Университет веб-сайты: https://www.iium.edu.my/
3. Пәкістандағы Халықаралық Исламабад Ислам университеті 1980 жылы құрылған. Онда араб тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мен әдебиеті, Ислам және батыс елдерінің заңнамалары, илаһият, халықаралық қатынастар сынды факультеттер жұмыс жасайды.
Университет веб-сайты: https://www.iium.edu.pk/default.htm
4. Арабстанның Ар-Рияд қаласындағы Имам Мұхаммад ибн Сауд Ислам университеті 1953 жылы ашылған. Университетте Исламтану білімдері мен араб тілі оқытылады. Сонымен қатар, мұнда инфарматика, ақпараттық жүйелер, экономика және менеджмент, әлеуметтік пәндер, журналистика және медицина салалары бойынша да білім алуға болады.
Университет веб-сайты: https://imamu.edu.sa/en/Pages/default.aspx
5. Арабстанның Мекке қаласындағы Умм әл-Қура (Umm al-Qura University) Университеті 1981 жылы құрылған. Сабақтар араб және ағылшын тілдерінде оқытылады. Университет Ислам экономикасы, әлеуметтік пәндер мен архитектура салалары бойынша мамандар дайындайды.
Университет веб-сайты: https://uqu.edu.sa/en
6. Роттердам Ислам Университеті 1997 жылы ашылған. Сабақтар фламанд және ағылшын тілдерінде өтеді. Негізгі бағыты – Исламтану білімдерін оқыту.
Университет веб-сайты: https://www.iur.nl/en/
7. Малаппурамдағы (Үндістан) Дар-ул Худа Ислам университеті 1986 жылы құрылған. Бұл университетте шет тілдері, гуманитарлық пәндер, діни уағыз және Ислам мәдениеті, шариғат және тіл білімдері оқытылады. Ең бастысы, мұнда шәкірттердің оқу ақысы, жатақ жайы, тамағы және басқа да қажеттіліктер білім ордасы тарапынан қамтамасыз етілген.
Университет веб-сайты: https://www.dhiu.in
8. Жакартадағы Индонезия Ислам университеті 1945 жылы ашылған. Ол – сол елдегі бірінші дәрежелі халықаралық оқу орны. Университетте экономика, құқық, Ислам білімдері, математика және жаратылыстану ғылымдары, психология және әлеуметтану пәндері, құрылыс және сәулет технологиялары факультеттері бар. Университеттің кітапхана қоры 250 мың кітапты құрайды.
Университет веб-сайты: https://www.uii.ac.id/
9. Гана Ислам университеті 1988 жылы құрылған. Университет менеджмент, байланыс және коммуникациялар, философия, Ислам білімдері бойынша мамандар дайындайды.
Университет веб-сайты: https://www.iug.edu.gh/index.php
10. Халықаралық Читтагонг (Бангладеш) Ислам университеті 1995 жылы ашылған. Бұл оқу ордасында Ислам білімдері, әлеуметтік пәндер, шет тілдері, технология және архитектура, құқық және менежмент факультеттері бар.
Университет веб-сайты: https://www.iiuc.ac.bd/
Исламосфера.ру
Аударған: Б.Мырзағұл