Қалмахан ЕРЖАН: «Діни фанатизмге жол бере алмаймыз»
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:34
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

Қалмахан ЕРЖАН: «Діни фанатизмге жол бере алмаймыз»

| A | +

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қалашығының алғашқы тасын қалау рәсімі 1993 жылы 16 маусымда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев пен ЕАР Уақыфтар министрі Мұхамед әл-Махжубтың қатысуымен өткен. Іргетасы қаланған оқу орны алғашқы студенттерді 2001 жылы 1 қыркүйекте қабылдап, дәріс беріле бастады. Дінтану бөлімі 2011 жылға дейін университеттің «Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер» кафедрасының құрамында жұмыс істеп келді. Ал 2011 жылдан бастап дербес кафедра болып қалыптасты. Дінтану кафедрасында 2 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 6 магистр ұстаздан құралған жалпы 16 оқытушы-профессор құрамы жұмыс істейді.

 

Біз бүгінгі дінтану саласы қалай оқытылып жатқаны туралы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор Қалмахан Сейтұлы Ержанмен әңгімелестік.

 

–  Қалмахан Сейітұлы, дінтану мамандығын оқытудағы мақсат-міндеттер қандай?

 

–  Дінтану мамандығы еліміз егемендік алып еңсесін көтерген алғашқы жылдардан бастап-ақ оқытылып келеді. Өйткені діни еркіндік орнап, әртүрлі діндер мен сенімдердің миссионерлік қызметпен айналысуына рұқсат берілген кезде, діни бірлестіктердің қызметін реттеп, жүйелеп, мемлекетік саясатты жүзеге асыратын мамандарға деген қажеттілік туды. Дінтанушы мамандар осындай сұраныстың нәтижесінде пайда болды. Сонымен қатар елімізде көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүретіндіктен, олардың діни сенімдерін жан-жақты білетін, өзара ерекшеліктері мен ұқсастықтарын талдап, танымдық мақсатта мәлімет ұсынатын мамандар да қажет. Біздің кафедраның да мақсаты – жоғары білікті дінтанушы мамандарды даярлау, отандық кадрлардың біліктілігін арттыруға үлес қосу, заман талабына сай, қоғам қажетіне жарайтын, жаһандық діни мәселелерге шешім ұсына алатын ғалымдарды жетілдіру.

 

–  Кафедраның құрылу тарихы мен бүгіні туралы сөз етсеңіз.

 

– Дінтану кафедрасы 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып 2011-2014 жылдар аралығында белгілі дінтанушы PhD, қауымдастырылған профессор Әділбаев Алау Шайқымұлы қызмет атқарды. Алғаш құрылған күннен бастап дінтану кафедрасы дінтанушы кадрларды даярлау жолында жүйелі жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта кафедрада үш деңгейлі білім беру жүйесі жолға қойылған.

 

Кафедрамызда 2 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 6 магистр оқытушыдан құралған жалпы 16 оқытушы профессор құрамы жұмыс істейді. Оқытушылар құрамы Қазақстандағы діни мәселелердің шешіміне, діни ахуалдың тұрақталуына үлесін қосып келе жатыр деп ауыз толтырып айта аламыз.

 

– Бұл мамандық қаншалықты сұранысқа ие? Дінтануды бітірген мамандар қай жерде жұмыс істей алады?

 

– Ғалымдар «өлімге шара табылмайынша, діннен бас тарту мүмкін емес» деп айтқан. Осы тұрғыдан алғанда дін болған жерде дінтанушылар да қажет. Дінтанушы бір дінді ақтаумен, мақтаумен әлде даттаумен емес, діннің қоғамдағы қызметі, діни сананың қалыптасуы, діни ағымдардың қызметі, дін мен мәдениет арақатынасы сынды мәселелермен айналысады. Мемлекет болған соң, қоғам болған соң осы мәселелерге оңтайлы шешім ұсынатын, аққарасын ажыратып беретін мамандар қажет. Дінтанушы – мемлекеттің діни саясатын жүргізетін уәкілетті органдарда, қауіпсіздік салаларында, ішкі саясат, т.б. салаларда дінтанушы ретіне жұмыс істей алады. Соңғы онжылдықта діни жағдайдың шиеленісуімен сауатты дінтанушы мамандардың қажеттілігі тіптен арта түсті.

 

– Осы мамандықтың түлектері қазір қайда? Немен айналысып жүр? Бітірген түлектермен байланыс бар ма?

 

–  Көшіп бара жатқан көштен тоқал өгізге мінген бір адам «Көшіп бара жатсыңдар ма?» деп сұрапты. Сонда көштің ішіндегі біреуі қырсықтау кісі болса керек «Иә, көшіп барамыз. Өзің тоқал өгізге мініп алғансың ба?» деген екен. Сол секілді болды ғой (күліп). Түлектер жоғарыда айтқан орындарда жұмыс жасап келеді. Олар жалпы алғанда Қазақстандағы діни жағдайдың тұрақталуына, мемлекеттің дінге деген ұстанымын жүзеге асыру жолында еңбек етіп келеді. Кешегі шәкірт - бүгінгі әріптес болғандықтан, әрине байланысымыз бар. Өйткені барлығымыздың да илегеніміз бір терінің пұшпағы.

 

– Дінтану мамандығында оқитын студенттерге қандай оқулықтар пайдаланасыздар?

 

–  Оқулықтар немесе оқу құралдары әр пәннің оқу-әдістемелік кешеніне сай пайдаланылады. Арнайы қатып қалған бір кітаптарды оқыту деген дәстүр жоқ. Өйткені бір пәнді оқыту барысында бірнеше оқулыққа қажеттілік туындайды. Әдетте оқу құралдарын ұсыну - белгілі бір пәнді жүргізетін оқытушының құзіретінде. 30 жылдың ішінде жазылған оқу құралдарымен қатар, шет тілдегі осы саланың классикалық дерреккөздерін де қолданамыз. Осы жерде айта кетер бір жайт, бірнеше жыл бұрын Елбасының бастамасымен гуманитарлық саладағы таңдаулы 100 оқулықты аудару ісі қолға алынған. Қазірге дейін жартысына жуығы аударылып, университет кітапханасына түсіп үлгерді. Осы оқулықтар әлемнің маңдайалды университеттерінде де оқытылып жатқандықтан, біз де басшылыққа алудамыз.

 

– Түлектердің діни экстремизм мен терроризм мәселелерінен сақтана отырып түлектердің діни фанатизмге бой алдырмауын қамтамасыз етуде қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

 

– Нұр-Мүбарак университеті сіз айтып отырған мәселелерді шешетін мамандарды даярлайды. Оларға дәріс оқитын оқытушылар да - осы саланың хас мамандары. Сондықтан болашақ дінтанушы студенттердің экстремизм мен терроризм тұзағына түсуі жайлы сөз қозғаудың өзі қисынсыз. Екіншіден діни фанатизмге бой алдырмаудың да жолдары қарастырылған. Мәселен біздің оқу жоспарымызда «Қазақ ойшылдары дін туралы», «Дін және дәстүр» «Қазақстандағы ислам», «Қазақстандағы діни жағдай» т.б. осы сарындағы курстар бар. Яғни тек діни тақырыптар ғана емес, біздің өз ата-бабамыз ұстанып келе жатқан діни жолды түсіндіруде жолға қойылған. Профессор-оқытушы құрамы да - діни фанатизмнің алдын алатындай жан-жақты, білікті мамандар. Яғни діни фанатизмге жол бере алмаймыз.

 

– Дінтану мамандығында оқитын студенттер діни экстремизм мен терроризм мәселелеріне арнайы дайындала ма?

 

– Әрине. Біздің басты мақсатымыз - қоғам қажеттілігіне жауап бере алатын жоғары білікті маман даярлау. Яғни заман талабына жауап бере алатын мамандар шығаруды көздейміз. Қазір діни салада радикалды топтар көрініс беріп жүргендіктен, бізде соның алдын алуға үлес қосатын, мәселелерді шешудің тетіктерін ұсынатын өнім шығарғымыз келеді. Оқу жоспарында да сіз жоғарыда айтып отырған мәселені жан-жақты қамтитын курстар қойылған. Сонымен қатар өндірістік тәжірибе кезінде де діни саладағы уәкілетті органнан өтулеріне мән береміз. Сонда болашақ түлек студент кезінен-ақ Қазақстандағы діни жағдайға қанық болады.

 

–  Өзіңіз бұл салаға қалай келдіңіз? Дін саласына келуіңізге не себеп болды?

 

– Еліміз жаңадан еңсесін тіктеп, өз алдына дербес мемлекет болған кезде жаңа мамандықтарда ашыла бастады. Сол кезде неге осы саланы оқып, маманданып көрмеске деген қызығушылық туды. Тумысымнан таңсық, жаңадан шыққан дүниелерді байқап көруге деген ықалас бар-тын. Осылайша отандық дінтану, исламтану ғылымында өзіндік орындарын қалыптастырып үлгерген Исаұлы М., Әділбаев А., Әділбаева Ш. сынды қазіргі уақыттағы үлкен ғалымдармен бірге дінтану саласына оқуға түстік. Кейін мүмкіндік туып, Түркия Республикасында докторлық қорғап, ғылыми дәрежемен 2003 жылы елге оралдық. Міне, содан бері осы салада азды көпті еңбек етіп келе жатқан жайымыз бар.

 

– Діни маман мен дін саласында ағартушы болудың негізгі айырмашылықтары қандай?

 

–  Екеуі де бір салада еңбектеніп жүр ғой. Десек те, діни маман тек белгілі бір діни-жоралғылар мен рәсімдердің талаптарға сай орындалуына жауапты. Әрине, оның жұмысы да ағартушылықтан кенде деп айту қиын. Алайда бірыңғай ағартушылықпен айналысудың да өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар. Біздің мамандық салыстырмалы түрде алғанда жас мамандық. Кейбір елдердегідей тереңдетіп оқытып, бір салаға ғана мамандану өте қиын. Әмбебап болуыңа тура келеді. Сонымен қатар қазіргі жастардың деңгейі жоғары. Көпшілігі бірнеше тілді жетік меңгерген. Яғни ағартушылық саланы таңдасаңыз, өзіңіздің де үнемі жетіліп, оқытудың жаңа технологияларын меңгеріп отыруыңыз қажет. Ағартушылық сонымен қатар мемлекеттің болашағын жасайтын ұрпақпен байланысты болғандықтан өзіндік жауапкершілігі де баршылық.

 

– Сұхбатыңызға рахмет!

 

Әңгімелескен Ақбота Мұсабек,

Ұлт.кз

Предыдущий Следующий
Етбетімен жату күнә ма? Гете: Сонымен біз Исламда қалуға тиіспіз...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Отан және иман
Қазіргі заманымызда өзгемен терезесі тең тәуелсіз, дербес ел болу – әрбір ұлт пен ұлыстың маңдайына бұйыра бермейтін үлкен бақыт. Жер бетінде ұзынсаны қазақтың санынан әлденеше есе асып кететін, алайда дербес ел бола алмай, басқаның бодауында жүрген талай жұрт бар. Осындайда сайын даланың дуалы ауыз...
Қоғам ТӘУЕЛСІЗДІК ҺӘМ ТӘУБЕШІЛДІК
Қадірлі жамағат! Баршаңызды Алланың теңдессіз нығметі – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Әр отбасына бақ пен береке, ырыс пен табыс тілеймін! Азат елдің арайлап атқан әр таңы қуаныш пен жақсылыққа толы болғай!...
Қоғам Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад - білімсіздікпен күрес
Бүгінде әлемнің берекесін кетіріп, Ислам дініне күйе жағып, дәстүрлі діннің атына нұқсан келтірген қаншама жалған халифат идеясындағы террористік ұйымдардың идеологиясы тоқтар емес....
Қоғам К.Тұрдыбаев: ҚМДБ қайырымдылық мекемелері жастарға қолдау көрсетеді
Соңғы кездері елімізде ҚМДБ-ға қарасты бірнеше қайырымдылық мекемесі ашылды. Мұндай мекемелер нақты қандай қызметпен айналысады деген сауалға жауап алу үшін Kazislam.kz порталы ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаевпен сұхбаттасқан еді....
Қоғам Мұхаммед әл-Жинди: Мұсылманшылық – қарапайым қағидалардан басталады
– Мұхаммед әш-Шаххат мырза, Қазақстанға келгеніңізге де бір жылдан асты. Сұхбатты Нұр-Мүбарак университетінде маман даярлауға қатысты басты ұстанымыңыздан бастасақ?...
Қоғам Күз маусымында кәдеңізге жарар кеңес
Күрең күздегі торығу, көңілсіздік, жалқаулық артқа тартып, қолыңызды істен, ойыңызды зікірден тосып жатыр ма? Адамдардың көпшілігі осы маусымда психологтардың көмегіне жүгініп, барынша пайдалы тренингтерге қатысып, денсаулығын айрықша күте бастайтыны жасырын емес....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:34

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi