Мұхаммед әл-Жинди: Мұсылманшылық – қарапайым қағидалардан басталады
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:41
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

Мұхаммед әл-Жинди: Мұсылманшылық – қарапайым қағидалардан басталады

| A | +

– Мұхаммед әш-Шаххат мырза, Қазақстанға келгеніңізге де бір жылдан асты. Сұхбатты Нұр-Мүбарак университетінде маман даярлауға қатысты басты ұстанымыңыздан бастасақ?

– Ия, кез келген мемлекеттің дамуы ұстаздармен тікелей байланысты. Себебі білім шаңырақтарында шәкірттерді қалай тәрбиелесе, елдің дамуы да сол мамандардың білігі мен біліміне ғана емес, тұлғалық қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан мен университеттегі оқытушыларға шәкірттерді ойлауға, ойлануға үйрету керектігін жиі айтамын.

Дәрістерді барынша жеңіл түсіндіріп, студенттердің өз ойларын ашық айтып, дұрыс жеткізуге үйрету керектігін, баға үшін тапсырмаларды жаттап алуы емес, түсінуі маңызды екенін еске салып отырамын.

Нұр-Мүбарак университеті студенттерінің ерекшелігі олар қазақ, араб тілін ғана емес, ағылшын, орыс тілдерін меңгеру қажеттігін назарда ұстаймыз. Жоспарлы оқу бағдарламасынан тыс қосымша дәрістер, конференциялар, жарыстар, тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, студенттердің әрбір сәтін тиімді әрі пайдалы  өтуі жіті назарда.

– Ислам ғылымының бел ортасында жүрген ғалым ретінде сізден бүгінгі мұсылмандарға қатысты ой-пікіріңізді айтсаңыз. Себебі ислам кемшіліксіз болғанымен, кей  мұсылмандардың іс-әрекеті сын көтермей жататыны ащы да болса – шындық. Бұған не айтар едіңіз?

– Рас, 19 ғасырда бір ғалым «Мен Еуропадан мұсылмандарды көрмедім, бірақ  исламды көрдім» деп айтқан сөзі әлі өзекті күйінде қалып келеді. Себебі ислам елдерінде келеңсіз көріністер мен кейбір қате іс-әрекеттер, жағымсыз құбылыстардың кездесуі ислам жайлы теріс әрі қате түсінік қалдыруда.

Көптеген мұсылман елдеріндегі ең арғысы қарапайым ғана тазалықтың сақталмауы, көшелердің, көпшілік шоғырланған қоғамдық орындардың ластығы, жалған сөйлеу, пайда үшін алдап-арбау, аманатты өз дәрежесінде сақтамау, жұмысты тиянақты орындамау, көпшілік мүлкіне қол сұғу, қоғам мүддесін шет қалдырып, жеке мүддені бірінші орынға шығару, т.б. шариғатта тыйым салынған істер жиі кездесіп, қалыпты жағдайға айналған.

Қарапайым қағидалардың сақталмай, оның салдарынан пайда болған жағдайлардың көбейе түсуі көңіл қынжылтады.

Ең қиыны, теріс әрекет жасаушылар өз істерінің қателік екенін елемей жалғастыра беруі, өзгертуге, тыйылуға құлқы болмауы, тіпті оны «қате» деп санамау жиі кездеседі.

Қасиетті Құранда «Алла Тағала бүлікшілдерді жақсы көрмейді» деп ескерткен («Бақара», 205).

Мұсылман қоғамы түзелу үшін осындай күнделікті кездесетін қарапайым қағидалардан бастап, қоғамдық әдетке айналған келеңсіздіктерден арылу қажет. Тіпті мұсылман бойына жат  қате-кемшіліктерді байқаған екінші мұсылман өзінің пікірін айтып,  разы еместігін білдіруге құқылы әрі тиісті екенін білуі керек.
 

– Бүгінде мұсылмандар арасында «Бұл өмір өткінші, бізге ақырет өмірі, жұмақ жеткілікті» деген де пікірлер кездесіп, даму, өркендеу, ғылымға ұмтылуға, тіпті ислам дінінен өзге ілім үйренуге құлықсыздық кездесіп жатады?

– Расымен, өмір тіршілігіне, күнделікті түрлі оқиғаларға, тіпті тазалыққа да ден қоймай, бұл өткінші дүние мұсылман еместерге деп санайды. Мұндай іс-әрекеттердің себебін  тақуалыққа ұмтылыс деу қисынсыз. Бұл ислам тәртіптерін орындауға немқұрайлылық,  дін үкімдерін білмеу болып табылады.

Ал әрбір мұсылман өмірдің барлық салаларында келеңсіздік, тәртіпсіздікті тыйып, жөндеуге бұйыратын исламды дұрыс үйренуге міндеттеледі. Хадисте айтылған «мұсылман — мұсылманның айнасы» деген қағидаға сай  мұсылмандар бауырына ескертіп қана қоймай, жақсылыққа, оң өзгерістерге ат салысуы абзал. 

Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Араларыңнан кімде-кім бір жамандық көрсе, оны қолымен түзетсін. Қолымен түзетуге шамасы жетпесе, тілімен түзетсін. Тілімен түзетуге шамасы жетпесе, жүрегімен жек көрсін. Бұл (яғни тым болмаса жүрегімен жек көру) — иманның ең әлсіз халі» деген. Қолмен түзету — қолында билігі барлар үшін, сөз арқылы түзету  — ғалымдар үшін, ал жүрегімен жек көру — қарапайым халық үшін сәйкес келіп жатады.

– Соңғы уақытта әлеуметтік желілер арқылы азаматтар арасында дін бағытында айтыс-тартыс көбейіп, алтын уақыттарын құлшылыққа, білім алуға емес, пайдасыз жаққа жұмсап жатқаны рас. Ғалым ретінде қандай насихат айтар едіңіз?

– Ислам діні бойынша сынап-мінеудің де өз тәртібі бар. Рұқсат етілген сынау қандайда бір мәселенің бетін жауып қана қоймай, оның себептерін анықтап, шешу жолдарын іздеу арқылы болады. Ең аз дегенде қателікке тап болғандарға насихат айтылады. Хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) «Дін — насихат» дегенде сахабалары: «Уа, Алланың елшісі, дін кімге қатысты насихат?» деп сұрады. Сонда ол (с.ғ.с.): «Аллаға, Оның кітабына, елшісіне, мұсылмандардың басшыларына және барша мұсылмандарға қатысты» деп жауап қайырды.

Имам ан-Науауи: «Дін осы хадистің шеңберінде жүреді» деп насихат жасауды исламның негізі деп санаған. Хадис әр мұсылман шамасы жеткенше бауырына көңіл бөліп, оған жігер беретін, қарапайым пайдалы сөзбен болсын, демеу көрсетуге, ынтымақтасуға насихаттайды. Кемшілік көрсе, кемсітіп сөгуді емес, білетінін айтып жөнге салып, жағымсыз істерін жоюды талап етеді.

Қасиетті Құранда: «Шын мәнінде мүміндер туыс. Сондықтан екі бауырларыңның арасын жарастырыңдар және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер» — деген («Хужурат», 10). Алайда көпшілігі бұл аяттың мағынасына мән бермей, тіпті біреулер сын айтуда артық кетіп, көпшілікке таратып, негізгі мақсаты жөндеу емес, күйе жағуға, жаман ойлауға айналады.

Ал Алла Тағала Құранда: «Әй мүміндер. Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені күмәннің кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көреді ме? Әрине оны жек көресіңдер», – деген («Хужурат», 12).

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім бір мұсылман бауырының кемшілігін іздесе, Алла да ол адамның кемшілігін іздейді. Ал егер Алла біреудің кемшілігін іздесе, үйінің ішінде отырса да оның масқарасын шығарады» деген.

Мұсылман қоғамы осындай  теріс әдеттерден арылмайынша жағдай жақсармайды. Біз тек жұмылған жұдырықтай бір-бірімізді қолдау арқылы жамандықтан тыйып, жақсылыққа шақыру арқылы жетістікке жетеріміз анық.

– Уақыт тауып сұхбат бергеніңізге рахмет.

 

Сұхбаттасқан  — Айша Кеңесбай
Kazislam.kz

 



 

Предыдущий Следующий
К.Тұрдыбаев: ҚМДБ қайырымдылық мекемелері жастарға қолдау көрсетеді Күз маусымында кәдеңізге жарар кеңес

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Күз маусымында кәдеңізге жарар кеңес
Күрең күздегі торығу, көңілсіздік, жалқаулық артқа тартып, қолыңызды істен, ойыңызды зікірден тосып жатыр ма? Адамдардың көпшілігі осы маусымда психологтардың көмегіне жүгініп, барынша пайдалы тренингтерге қатысып, денсаулығын айрықша күте бастайтыны жасырын емес....
Мұсылман қорғаны Депрессиядан шығудың пайдалы әрі нақты 6 қадамы
Депрессия – әлемде өте көп адам зардап шегіп жүрген жағдай. Ол ұлты, білімі, әлеуметтік жағдайы мен дініне қарамастан барлық адамның басынан өтуі мүмкін. Мұның ұялатын дүние еместігіне қарамастан, депрессиядан зардап шегетін адамдар өздеріне «психикалық  дәрменсіз»  деген айдардың тағылуынан қорқып,...
Қоғам Қайырымдылық - қайырлы іс
Барша адамзат бір Адам атадан тарағаны белгілі. Осы тұрғыда ислам дінінде де мұсылманның мұсылманға бауыр, деген қағидасы бекер емес. Адамның шығу тегі бір болғандықтан олардың арасында өзара жақсылық жасаулары да адами үйлесімділікті айғақтай түседі. Кез келген игі істерді жүзеге асыру адамдар арас...
Қоғам Бала тәрбиесі һәм балабақша салудың сауабы
Атам қазақтың: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», – деген сөзін өмірлік ұран еткен халқымыз қашан да ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына үлкен жауапкершілікпен қараған. Әсіресе, жас жеткіншектеріміздің ерте бастан, тіпті жөргегінде-ақ үлкен азамат болып қалыптасуына қам жасап, жол көрсете білген. Осы...
Қоғам Бас имам: Алланың сөзін жүректерге жеткізіп, көңілдерді тербейміз
Ассалаумағалайкүм, Еркінбек мырза! Жұма мүбарак болсын! Санаулы күндерден кейін жан-ділімізбен сағына күткен қасиетті Рамазан айына қауышамыз. Осы ұлық мерекенің қарсаңында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен VIII республикалық Құран жарысы өткелі жатыр екен. Биылғы Құран байқауы туралы айта кетсеңіз....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:41

Екінтіге дейін 00:55

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi