Отан және иман
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:48
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:55 14:43 16:25 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024

Мақалалар

Отан және иман

| A | +

Серікбай қажы ОРАЗ,  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти

 

Қазіргі заманымызда өзгемен терезесі тең тәуелсіз, дербес ел болу – әрбір ұлт пен ұлыстың маңдайына бұйыра бермейтін үлкен бақыт. Жер бетінде ұзынсаны қазақтың санынан әлденеше есе асып кететін, алайда дербес ел бола алмай, басқаның бодауында жүрген талай жұрт бар. Осындайда сайын даланың дуалы ауыз абызы Асан қайғының мына сөзі еріксіз еске түседі:

Ата жұрты бұқара
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп!

 

Мұнда айтылған ғаріптікті басынан өткізіп, өзгенің өктемдігіне көніп жүрген қанша мұсылман халықтар да бар. Жаратқан Иеміз барша мұсылманды кіріптарлықтан құтқарып, абыройларын арттырып, қуанышқа бөлесін!

 

Отанға, туып-өскен жеріне, еліне, қоғамына деген қимас сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. Кім-кімнің де өсіп-өнген жері – оның Отаны. Әрбір адам туған жерін, Отанын қастерлеп, қадіріне жете білуі тиіс. «Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді» дейді халық нақылы. Ендеше, туған жері мен елін құрметтеу, адал қызмет етіп, оның даңқын асыру әрбір азаматтың қастерлі борышы.

 

Қазақ тіліндегі Отан ұғымы дінмен тікелей байланысты. «Отан» сөзінің өзі шынтуайтына келгенде шариғат сөзі. Бұл, әсіресе, фиқһ ілімінің сапар намазы бөлімінде көп кездеседі. Онда адамның тұрғылықты жері «отан» деп аталады.

 

Расында да, отансүйгіштік, патриотизм ұғымдары асыл дінімізбен астасып жатыр. Дінімізде «Отанды сүю – иманнан» деген нақыл бар. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі туған Мекке қаласына ыстық ықылас-сүйіспеншілікпен қараған. Мәдина шаһарына қоныс аударғаннан кейін де туып-өскен мекені – Меккені мүһәжір сахабаларымен бірге сағына еске алып отырған. Ал Меккені алған кезде, Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті қалаға қарап тұрып: «Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің. Егер де мүшіріктер қуып шығармағанда сенен басқа жерде тұрақтамас едім», – деген (Табарани риуаяты).

 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хақ Тағаладан мұсылмандардың жаңа тұрағы Мәдинаны да Меккедей сүйкімді, ыстық Отанға айналдыруын тілеп былай дұға еткен: «Уа, Алла! Бізге Меккені сүйікті еткеніңдей Мәдинаны да сүйікті ет не одан да артық ыстық ет!», «Уа, Алла! Бізге Мәдинаға Меккеде жасаған құт-берекеңнен екі есе артық береке дарыт!» (Бұхари). Ақиқатында, солай болып шықты да! Мәдина да Мекке секілді құт дарыған мамыражай қалаға айналды.

 

Демек, Алладан туған еліңнің, Отаныңның амандығын, абаттылығын тілеу Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салған сүннет жолы. Алланың елшісі де туған жерін, елін ерекше жақсы көрген. Ағайын-туыс, ел-жұртын титтей жамандыққа қимаған. Барлығының ізгілік жолын ұстанып, екі дүниенің бақытына жетуі үшін тынбай үгіт жүргізіп, қызмет еткен.

 

Шынында әр ердің өз елін жақсы көруі – шынайы имандылықтың көрінісі. Бұл жақсы көрудің жалаң ұлтшылдықтан, жершілдіктен айырмасы аспан мен жердей. Риуаят бойынша бір кісі Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Расулалла! Бір адам өзінің ұлтын, қауымын жақсы көрсе, ол рушылдық болып санала ма?» – деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі: «Жоқ. Егер адам өзінің қауымының зұлымдық жасауына жағдай жасаса, сонысы рушылдық», – деп жауап береді (Ахмет, Ибн Мәжә жеткізген). Олай болса, бір қоғамда тіршілік етіп жатқан жандардың бір-бірін бірлікке, ынтымаққа, ізгілікке шақыруы, олардың ортақ Отанға деген құрметі әрі әділдікке болысуы.

 

Отан – туып-өскен отбасымыз, ата-анамыз, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекеніміз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, оның амандығын тілеу – әрбір мұсылманның діни әрі азаматтық борышы. Ислам діні бізді осылайша Отанымызды сүюге, оған опалы болуға шақырады.

 

Мысалы, Отанға деген сүйіспеншілік адамның ісі мен сөзінде қалай көрінеді? Парасатты жан өз Отанын жамандамайды. Өзге жұрттың алдында елін, жерін мақтан тұтады. Жаратқан Иеден елі мен жерінің тыныштығы, жарқын болашағын тілеп, дұға етеді. Мысалы, еліміздегі мешіттерде жұма сайын имамдар, діндарлар Алла Тағаладан Отанымыздың, халқымыз бен ел басшыларының амандығын, ынтымағын үзбей тілейді. Тәуелсіздігіміздің баяндылығын, мемлекетіміздің қауіпсіздігін сұрайды. Жамағаттың, елдің бірлігі үшін үгіт-насихат жүргізеді, ағайынның татулығын, бейбітшілікті уағыздайды. Медреселерде иманды да ибалы ұл-қыздарды тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Адамгершілік, татулық, тақуалық, бірлік туралы діни дәрістер үзбей жүргізіледі.

 

Әлеуметтің, қоғамның бірлігі – Отанның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұқара халық арасында ауызбірлікті, ағайыншылдықты уағыздау – Жаратқанның бұйырған ісі. Өйткені біз – жақсылыққа бұйырып, жамандыққа тосқауыл жасайтын ізгі үмметтің ұрпағымыз.

 

Ирбад ибн Сариядан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың ең қайырлылары – адамдарға көбірек пайда әкелгендері», – деп жауап берген (Бәйһақи мен Табарани жеткізген).

 

Сондықтан туған елімді сүйем деген әрбір азамат сол айтқанын туған елге жасаған жақсылығымен дәлелдеуі керек. Қаражаты болып тұрса, мешіт-медресе сияқты имандылық ордаларын салып немесе елге қажетті мектеп, аурухана, жол, көпір салып, құдық қаздырып, мұқтаждардың т.б. қажетін өтеп, туған елге қызмет еткені абзалырақ.

 

«Ерім дейтін ел болмаса, «елім» дейтін ер қайдан шықсын» дейді халық даналығы. Сол үшін отаншылдық рухы бар, ұлтжанды, иманжүзді ұрпақ тәрбиелеу – бүкіл елдің міндеті.

 

Халық даналығы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп, туған елге адал қызмет етуге шақырады. Отан жайлы осы тақылеттес ұстанымдар жалпы мұсылманшылық ұстаныммен бір арнада. Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі көзді тозақ оты шарпымайды: Алладан қорқыныштан жылаған көз бен Алла жолында елін күзеткен көз», – деген (Тирмези жеткізген).

 

Жуырда өткен имамдарының ІІІ форумында Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық» атты рухани тұғырнамасы қабылданды. Сонда айтылған басты рухани қазықтардың бірі «Отанды сүю» деп аталады.

 

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы форумға құттықтауы лебізінде былай деді: «Парасаттылық, отансүйгіштік, адамгер-шілік қасиеттерін халықтың санасына сіңіру – сауабы мол абыройлы миссия. Ислам дінінің осындай ізгі құндылықтары еліміздегі мұсылмандар қауымын біріктіріп, ынтымағын арттырып отыр».

 

Демек, басшы болып, қосшы болып тәуелсіз Қазақстанның одан әрі көркейе беруіне атсалысып, отансүйгіштік қасиетін өскелең ұрпақтың бойына сіңіре білсек, қасиетті Алаш елінің келешегі де кемелдене бермек.

 

Ендеше, еліміздің азаттық алған тәуелсіздік күні барша Алаш жұртына құтты болғай! Алла Тағала біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанымыздың тәуелсіздігін одан әрі баянды етіп, назарынан тайдырмасын, бақуатты да бай-қуатты әрі иманы күшті елге айналдырсын!

 

Елімізді алтыбақан алауыздықтан, апаттардан сақтағай! Ел болашағы – жастарымыздың сүйікті Отанына қалтқысыз қызмет жасайтын иманды әрі салиқалы болып өсуін нәсіп еткей. Әумин!

 

«Иман» журналы, №12, 2019 жыл

Авторы Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы

Предыдущий Следующий
Атақты математик Хорезмидің керемет тәмсілі Адал ас және арлы ұрпақ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ТӘУЕЛСІЗДІК ҺӘМ ТӘУБЕШІЛДІК
Қадірлі жамағат! Баршаңызды Алланың теңдессіз нығметі – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Әр отбасына бақ пен береке, ырыс пен табыс тілеймін! Азат елдің арайлап атқан әр таңы қуаныш пен жақсылыққа толы болғай!...
Қоғам Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад - білімсіздікпен күрес
Бүгінде әлемнің берекесін кетіріп, Ислам дініне күйе жағып, дәстүрлі діннің атына нұқсан келтірген қаншама жалған халифат идеясындағы террористік ұйымдардың идеологиясы тоқтар емес....
Қоғам К.Тұрдыбаев: ҚМДБ қайырымдылық мекемелері жастарға қолдау көрсетеді
Соңғы кездері елімізде ҚМДБ-ға қарасты бірнеше қайырымдылық мекемесі ашылды. Мұндай мекемелер нақты қандай қызметпен айналысады деген сауалға жауап алу үшін Kazislam.kz порталы ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаевпен сұхбаттасқан еді....
Қоғам Мұхаммед әл-Жинди: Мұсылманшылық – қарапайым қағидалардан басталады
– Мұхаммед әш-Шаххат мырза, Қазақстанға келгеніңізге де бір жылдан асты. Сұхбатты Нұр-Мүбарак университетінде маман даярлауға қатысты басты ұстанымыңыздан бастасақ?...
Қоғам Күз маусымында кәдеңізге жарар кеңес
Күрең күздегі торығу, көңілсіздік, жалқаулық артқа тартып, қолыңызды істен, ойыңызды зікірден тосып жатыр ма? Адамдардың көпшілігі осы маусымда психологтардың көмегіне жүгініп, барынша пайдалы тренингтерге қатысып, денсаулығын айрықша күте бастайтыны жасырын емес....
Мұсылман қорғаны Депрессиядан шығудың пайдалы әрі нақты 6 қадамы
Депрессия – әлемде өте көп адам зардап шегіп жүрген жағдай. Ол ұлты, білімі, әлеуметтік жағдайы мен дініне қарамастан барлық адамның басынан өтуі мүмкін. Мұның ұялатын дүние еместігіне қарамастан, депрессиядан зардап шегетін адамдар өздеріне «психикалық  дәрменсіз»  деген айдардың тағылуынан қорқып,...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:48

Бамдатқа дейін 05:35

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi