Бауыржан Әлиұлы: Уағыз - Ораза қабыл болсын
Сарыөзек
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 19:39
Сарыозек

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:15 04:04 11:55 17:16 19:39 21:29
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Зуль-хиджа 1445
Миләди
30 маусым 2024

Дәрістер топтамасы

Бауыржан Әлиұлы: Уағыз

Бауыржан Әлиұлы: Уағыз

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
28 сәу. 2021 1 127 0
Скачать в pdf
| A | +

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА

بسم الله الرحمن الرحيم

الحمد لله

و الصلاة و السلام عل محمد ى

السلام عليكم و رحمة الله و بركاته

Ассалаумағалейкүм, құрметті мұсылмандар! Аллаһ Тағала ұстап жатқан оразаларыңызды, жасап жатқан құлшылықтарыңызды, дұға-тілектеріңізді қабыл етсін. Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ мынадай бір әйгілі хадисі бар:

«Кімде-кім Аллаға және ақірет күніне сенсе жақсы сөз сөйлесін, яки үндемесін. Кімде-кім Аллаға және ақірет күніне иман келтірсе, көршісіне құрмет көрсетсін. Кімде-кім Аллаға және ақірет күніне иман келтірсе, қонағын күтсін».

Бұл әйгілі хадисті, имам Бухари және имам Муслим өзінің Сахих жинақтарында келтірген.  Бұл хадистің біздің күнделікті өмірімізде ерекше орны бар.

Біз шынайы мұсылман кісіснің қандай болу керектігі жайлы айтамыз. Шынайы мұсылман адам Аллаға және ақірет күніне иман келтірген адам болуы керек. Мұсылман, Аллаға және ақірет күніне иман келтірсе, ондай мұсылманнан жамандық шықпайды. Себебі мұсылман кісі әрдайым Алланың бақылауында екендігін сезінеді және жасап жатқан ісінің жақсы іс болса Алланың алдында сый болып көрінетіндігін, жаман іс болса міндетті түрде Аллаһ Тағаланың құзырында сазайын тартатындығына еш күмәні болмайды.

Әлгі хадисте, біз Пайғамбарымыз ﷺ сипаттаған шынайы мұсылманның кейбір іс-әрекетіне тоқталайын деп отырмыз. Хадистің әуелгі бөлігінде Пайғамбарымыз ﷺ былай деп жатыр:

«Кімде-кім Аллаға және ақірет күніне сенсе жақсы сөз сөйлесін, яки үндемесін».

Жақсы сөз дегеніміз не? Ғалымдарымыз былай деп айтқан: «Біреуге пайдасы тиетін, елге жерге пайдасы тиетін сөз». Ал елдің арасын бұзатын, ағайынның арасын ашатын жағымсыз сөздерді жаман сөзге теңеген.

Яғни, мұсылман кісі әуелі ойлану керек: «Бұл айтып жатқан сөзім, Алланың шариғатына сай сөз бе? Айтқан сөзіммен біреуге пайдам тиеді ма, тимейді ма?». Ал егер айтқан сөзінің ешкімге пайдасы болмаса, бұл кісінің үндемегені абзал.

Сонымен қатар, ғұламаларымыздың арасында осындай бір үлкен тартыс мәселе бар: «Үндемеген дұрыс па, әлде сөйлеген дұрыс па?». Ахназ ибн Кайс деген үлкен табиғин ғұламаның құзырында адамдар тартысқан екен. Біреулер айтқан «Жоқ, сөйлеген дұрыс», деп. Басқа біреулері: «Жоқ, үндемеген дұрыс» деп айтқан екен. Осы сұрақпен соныңда келіп Ахназ ибн Кайсқа келіп жүгінген. Ол кісі былай деп айтқан: «Егер жақсы сөз сөйлесе, мен сөйлеген кісінің артық екендігін айтқалы отырмын. Үндемей қалған кісінің пайдасы тек өз басына ғана тиеді. Ал сөйлеген кісінің пайдасы басқаларға тиетін болғандықтан, сөйлеген кісі артық». Бірақ, мән беріп қарасаңыз, Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

 «Кімде-кім Аллаға және ақірет күніне сенсе жақсы сөз сөйлесін, яки үндемесін».

Біздің шариғатта бар дүние: сөздің не жағымды болуы, не теріс болуы. Ортасы жоқ. Кейбіреулері ойлауы мүмкін: «Мына сөзді айтсам ба, айтпасам ба екен?», дегендей. Шариғат бойынша ондай сөздер жоқ. Не болмаса ол пайдасы тиетін сөздер, яки пайдасыз сөз.

Убайдулла ибн Амр деген үлкен ғалым айтады: «Мұсылман кісі, егер сөйлеп отырғанда, сөйлегені ұнай бастаса, жан-жағында отырған адамдардың оған көңілі толып, ішіне жел бітсе, ол сол жерден сөзді тоқата қойғаны дұрыс. Ал егер жұрттың ортасында отырып, үндемей отырған оған ұнаса, онда ол сөз сөйлеуі тиіс».

Ғұламаларымыз айтады: «Бұл сөз, осы мәселе жайында айтылған ең керемет сөз». Себебі кісі сөйлесе, тек Алланың Разылығын табу үшін сөйлейді. Үндемей қалса да, тек Алланың разылығы үшін ғана үндемей қалып кетеді. Бұл өте маңызды.

«Кімде-кім Аллаға және ақірет күніне сенсе жақсы сөз сөйлесін» деген сөз – елге, жерге пайдасы тиетін ғылымды сөйлесін, елдің басын біріктіретін, ынтымаққа шақыратын сөз сөйлесін. Яғни, кісі ойлану керек. Бұл мына мағынаны білдіреді: Аллаға және ақірет күніне иман келтірген кісі өзіне немесе басқаға пайдасы тимейтін өсек, біреудің сыртынан сөз сөйлеу, ғайбаттау секілді іс-әрекеттерді жасауына болмайды.

Хадистің келесі бір бөліміне қарасақ, Пайғамбарымыз ﷺ айтып жатыр:

«Кімде-кім Аллаға және ақірет күніне иман келтірсе, көршісіне құрмет көрсетсін».

Біздің ғалымдарымыздың айтуы бойынша көршілердің үш түрі болады. Біріншісі бір ақысы бар, екіншісі екі ақысы бар және үшіншісі үш ақысы бар көрші болады. Бір ғана ақысы бар көрші ол - мұсылман емес көрші. Яғни діні басқа адам, бірақ сізбен көршілік ақысы бар. Мұсылман кісі болсаңыз, сіз оның көршілік ақысын ескеріп, оған тиісті құрмет көрсетуіңіз тиіс. Екіншісі, екі ақысы бар көрші ол - мұсылман көрші. Бірінші ақысын ол мұсылман болғандығы үшін сыйлайсыз, екіншіден ол сізбен көрші болғандықтан тиісті, лайықты құрмет көрсетесіз. Үш ақысы бар көрші ол - біріншіден мұсылман, екіншіден сізге көрші, үшіншіден сізге туысқан. Мұсылман кісі бұндай көршінің үш бірдей ақысын тиісті дәрежеде беруі тиіс. Пайғамбарымыз ﷺ хадистің соңғы бөлігінде айтып жатыр:

«Кімде-кім Аллаға және ақірет күніне иман келтірсе, қонағын күтсін».

Бұл біздің бабаларымызға ежелден дәстүр болып сіңген, қонақжайлықты, меймандықты ерекше жақсы көрген біздің халыққа қатты сіңген. Ғұламаларымыздың айтуы бойынша: «Келген қонақты күту – мұсылман кісінің міндеті болып табылады». Бірақ, «Шариғат бойынша қонақты қанша күн күту керек?» деген мәселеге келетін болсақ, кісіні нақты үш күн қонақ қылып күтуге болады. Әсіресе бірінші күні ерекше күтім көрсетіп, қалған екі күндері жай қонақжайлықты көрсетуге болады. Үш күннен кейін, қарапайым, қолдан келетін меймандылығын көрсетуі керек.

Аллаһ Тағала баршамызға осы хадис аясында әрекет етуімізді, амал етуімізді нәсіп етсін, елге, жерге пайдасы тиетін, әрдайым жақсы сөз сөйлеуге нәсіп етсін. Көршімізге лайық түрде құрмет көрсетуді, келген қонағымызға меймандығымзды көрсетуді нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi