Бауыржан Әлиұлы: Уағыз - Ораза қабыл болсын
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:34

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Дәрістер топтамасы

Бауыржан Әлиұлы: Уағыз

Бауыржан Әлиұлы: Уағыз

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
7 мам. 2021 2 004 0
Скачать в pdf
| A | +

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА

Құрметті мұсылман бауырлар. Біз өз дәрісімізді Аса Рақымды, Ерекше Мейірімді Аллах Тағаланың атымен бастаймыз. Пайғамбарымыз ﷺ оның отбасына, сахабаларына, және Қиямет күніне дейін келетін барша мұсылмандарға Алланың салауаты мен сәлемі болсын.

Құрметті мұсылман бауырлар, Аллах Тағала жасап жатқан құлшылықтарыңызды, тұтқан оразаларыңызды, жасап жатқан ғибадаттарыңызды қабыл етсін. Пайғамбарымыз ﷺ-ның сахабасы Абу Хурайрадан риуаят етілген мынадай әйгілі хадисі бар:

«Адам баласының жасаған бүкіл іс-әрекеттері өзі үшін. Және әрбір жасалған сауапты іс 10 еседен 700 есеге дейін артады. Аллах тағала былай деп бұйырады:  «Бірақ, ораза бұған кірмейді. Ораза Маған тиесілі. Және оразаның сыйын тек Мен ғана беремін. Ол Менің разылығымды қалап, мен үшін құмарлықтарынан, тағамнан, сусыннан бас тартты». Ораза ұстаған кісінің екі қуанышы бар. Әуелгі қуанышы ауызын ашқан сәтте, екінші қуанышы Раббысымен қауышқан сәтте. Және ораза ұстаған адамның ауызынан шыққан иіс, Алланың құзырында миск, хош иісті судан артық», деп айтқан екен. Бұл хадисты, әйгілі хадис ғұламалары имам Бухари және имам Муслим (р.а.) хадис жинақтарында келтірген.

Хадистың түсініктемесіне тоқтайтын болсақ, ғалымдарымыз келесі нәрсені айтқан. Пайғамбарымыз ﷺ-ның сөзіне мән берсеңіз, былай деп айтады:

«Адам баласының жасаған әрбір іс-әрекеті өзі үшін. Ал тиісінше жасалған сауапты амал іс, 10 еседен 700 есеге дейін сауабы артады. Аллах Тағала айтады: «Ораза бұған кірмейді. Ол Маған тиесілі, және оның сыйын Мен Өзім беремін», деп.

Ғалымдарымыз, хадистың дәл осы тұсына сүйеніп былай деген: «Демек, шариғат бұйырған істердің ішінде сауабы 10 еседен 700 есеге дейін артатындар бар. Яғни, мұсылман кісі, бір сауапты іс жасайтын болса, ең кемінде ол іске 10 сауап жазылады, ең көбі 700 есеге дейін артады. Ал ораза бұған кірмейді, себебі оразаның сыйы одан артық. Себебі Аллах Тағала Өзі оразаның сыйын оқшаулап тұр. Себебі, ораза – толықтай сабырдан тұрады. Пайғамбарымыз ﷺ бір хадисінде:

«Рамазан айын – сабыр айы», деп айтқан.

Басқа бір хадисте:

«Ораза – сабырдың жартысы», деген.

Басқа бір риуаятта, Пайғамбарымыз ﷺ:

«Рамазан – сабыр айы. Ал сабырдың сыйы тек қана жұмақ», деп айтқан.

Біздің ғұламаларымыздың айтуы бойынша, сабырдың үш түрі бар. Біріншісі, ол, біздің елге ең танымалы, басқа түскен қиындыққа сабыр ету. Екіншісі, Аллах Тағаланың бұйырған ісін орындауға қажетті сабыр. Үшіншісі, Аллах Тағала тыйым салған істерден де аулақ болу үшін сабыр керек. Ғалымдарымыздың айтуы бойынша, осы шариғаттағы үш сабырдың түрінің ораза айында үшеуі де болады. Әуелгісі, ораза ұстаушы адамға, басына түскен қиындыққа, шөлдегенге, қарны ашқандығына сабырлық керек. Бұл әуелгі айтып отырған сабыр. Екіншіден, Рамазан оразасын толықтай атқарып шығу үшін, оған тағы да сабыр керек. Бұл, парызды орындаудағы сабыр. Сонымен қатар, Аллах Тағала бұл Рамазан айында, сіз бен бізге, нәпсімізге ұнайтын тамақ ішу мен сусын ішуден, әйелмен жыныстық қатынасқа күндіз, ораза уақытында түсуге де тыйым салынған. Бұл тыйым салған нәрсеге де шыдамдылық жасау үшін сабыр керек. Демек, осы шариғатта аталған сабырдың үш түрі де түгелдей оразада қамтылған. Сондықтан, ораза басқа құлшылықтарға ұқсамайды, және оның сауабы ерекшеленіп берілетіндігі осы тұстан. Енді, хадистің мәтініне қарайтын болсақ, Аллах Тағала былай деп жатыр:

«Ораза – ол маған тиесілі. Және оның сыйын тек Мен ғана беремін».

Кейбір хадистерде келеді:

«Оразаның сауабы шексіз. Және оның сыйын тек қана Аллах біледі», деген мағынада риуаяттар бар.

Қарап тұрсаңыз, бұл хадисте Пайғамбарымыз ﷺ Аллах Тағаланың, ораза тек Оған тиесілі екендігін айтып жатыр. Себебі, ораза басқа құлшылықтарға қарағанда өзгеше. Ғалымдарымыздың арасында бірнеше көзқарас бар. Сол көзқарастардың ішіндегі кейбіреулеріне мен тоқталып кетейін. Ең әуелгісі, себебі, оразада сіз бен біз өзімізге қажетті, күніге адал деп жүрген астан, судан Аллах Разылығы үшін бас тарту бар. Мысалы, бес уақыт намаз оқитын кісі, күніге 1-1,5 сағат уақытын намаз оқуға арнайды. Намаз оқып тұрған сәтінде мұсылман пенде су ішпейді, тамақ ішпейді және басқа да істерге бармайды. Алайда, бұл Аллах Разылығы үшін осындай әрекеттерге бару, бар болғаны тәуліктің ішінде 1-1,5 сағатқа ғана созылады.

Енді, бізде қажылық деген құлшылық бар. Қажылыққа барған кісі екі матадан тұратын киім киеді. Ол – ихрам деп аталады. Белгілі бір миқаб деген жерге келгеннен кейін, қажылыққа ниет еткен кісі, үстіндегі барлық киімін шешіп, екі матаға оранып, қажылыққа «Ляббәйк Аллахумма Ляббәйк» деп кіріседі. Осы екі матаға оранғаннан кейін, белгілі бір істерді жасауға тыйым салынады. Мәселен, жыныстық қатынасқа түсуге, иіс су себуге, тырнағын алуға, шашын алуға секілді бірнеше істерге тыйым салынады. Бірақ, белгілі бір істерге тыйым салынғанымен, адамның негізгі қорегі болып табылатын ішіп-жеуге тыйым салынбаған. Ал оразада, біз таң намазы уақытына жетпей, сәресіде ауызымызды бекітеміз. Және ақшам намазы уақыты кіргенге дейін, ауыз бекіткен уақытымыз жалғасады. Кемінде, күніне біз 14-15 сағат ораза ұстаймыз. Сондықтан, Аллах Тағала:

«Ораза Маған тиесілі, және оның сыйын тек қана Мен беремін», деп айтып отыр.

Аллах Тағала баршамызға оразаны лайықты түрде ұстауымызды, және Пайғамбарымыз ﷺ уәде еткен, ораза ұстаған кісілер ғана кіретін Жәннәттың Ар-Райан есігнен кіруімізді нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi