Кульмусаков Мейіржан: Ысырапшылдықтан сақтану - Ораза қабыл болсын
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 20:15

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:26 04:51 11:53 16:46 18:50 20:15
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
16 Шавваль 1445
Миләди
25 сәуір 2024

Дәрістер топтамасы

Кульмусаков Мейіржан: Ысырапшылдықтан сақтану

Кульмусаков Мейіржан: Ысырапшылдықтан сақтану

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
23 сәу. 2021 1 059 0
Скачать в pdf
| A | +

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА

بسم الله الرحمن الرحيم

الحمد لله

و الصلاة و السلام عل محمد ى

السلام عليكم و رحمة الله و بركاته

Құрметті көрермендер. Аллаһ Тағала баршамыздың Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразалырымзды қабыл етсін, жасаған барлық құлшылық-ғибадаттарымыз, оразаларымыз, Ин шаа Аллаһ, Аллаһ Тағаланың Разылығына сай болатын құлшылықтан болуды Аллаһ Тағала баршамызға нәсіп етсін.

Бүгінгі тілімізге тиек ететін тақырыбымыз: «Үнемділік – ырыс, ысырапшылдық – шығыс» жайында болмақ. Яғни, ысырапшылдық деген нәрсе бұл Аллаһ Тағаланың сүймейтін нәрсесі.

Енді, осы ысырап сөзіне тоқталып, мағынасын айтып өтейік. Ысырап деген сөз арабтың «сараф» деген сөзінен келеді екен. Ысырап деген сөз әрбір жасаған іс-әрекеттерімізде шектен шығу деген мағынаны білдіреді. Яғни, кез-келген істі алып қарайық. Сол жасалған ісімізде біз шектен шығатын болсақ, онда ол ысырап болып есептеледі. Ал енді бұл іс-әрекетке біздің күнделікті тамақ ішуіміз, киім киюіміз, дүние табуымыз, құлшылығымыз болуы мүмкін. Яғни, кез-келген нәрселерді біз шегінен шығарып жіберетін болсақ, онда ол ысырап болып есептеледі. Сондықтан, Аллаһ Тағала бұл істі сүймейтін істерінің қатарына қосқан екен.

Енді, бір әлемдік статистикаға көңіл бөліп қарайтын болсақ. Бізде көбінесе тамақ жағынан өте көп ысыраптар болып жатады өмірімізде. Ал әлемдік статистикаға қарайтын болсақ, 800 миллионнға жақын адам аштықтан зардап шегіп жатыр, 4 миллионға жақын сәби жылына осы аштықтан қайтыс болады екен. Демек, әлемнің бір бұрышында көп тамақ жеп, тамақты ысырап қылып, оны пайдалану бар, ал әлемнің екінші бір бұрышында, осы ысырапшылдықтың арқасында, талай адам аштықтан зардап шегіп, керек десеңіз, жан тапсыратын жағдайларды да естіп жатамыз. Сондықтан, Аллаһ Тағала Құран Кәрімде айтады:

«Ішіңдер, жеңдер. Бірақ, ысырап етпеңдер. Өйткені Аллаһ Тағала ысырап етушілерді жақсы көрмейді, сүймейді».

Демек, ысырап деген нәрсе ол Аллаһ Тағаланың жақсы көрмейтін ісі. Енді, ос ысырап мәселесінде, қандай ысыраптарға біз жол беретіндігіміз жайлы да айтып өткеніміз жөн.

Ең бірінші ішіп-жеудегі ысырапқа тоқталып кетейік. Біздің ғұламаларымыз, солардың ішінде имам Сарохси айтады: «Тойып тамақ жеу, өзінің қажеттілігінен тыс тамақ жеудің өзі ысырап болады». Яғни, тамақ жеудің өзінде де белгілі бір шектеулер қойылған. Тамақ жеу «мубах» рұқсат етілген амал десек те, адам қарны тойып, бірақ сонымен қоймай тұрып, үсті-үстіне тамақ жей беретін болса, онда бұл жеудегі ысырапқа алып барады екен. Бұны да Аллаһ Тағала ысырап деп атап отыр. Және тамақтың қалдықтарын тастау. Мысалы, өізмізге жететін деңгейде тамақ алып, соны жеп, тауыссақ, онда біз дұрыс жасаған боламыз. Бірақ, өзіміздің жеуімізден артық ыдысымызға салып, оны тауыса алмай, тастайтын болсақ, онда ол ысыраптың ең жаман түрі болып табылады екен. Бұл ішіп жеудегі ысырап жайлы. Сондықтан, адам өзінің тамақ жеу уақытында, тойып жеуін біліп, сол нәрсемен әрекет жасайтын болса, онда ол ысыраптан қашқан болып есептеледі. Ысыраптың екінші бір кең тараған түрі, бұл киім киюде ысырап. Пайғамбарымыз ﷺ айтқан екен:

«Ішіңдер, жеңдер және зекет беріңдер. Тәкәппарлыққа және ысырапқа жол бермей киініңдер. Аллаһ Тағала берген нығметін сендердің бойында Өзі көргісі келеді», деген Пайғамбарымыздың хадисі бар.

Міне осы жерде Пайғамбарымыз киім киюдің ысыраптығы жайлы айтып отыр. Бірінші, киім киюдегі ысырапқа жол беретін нәрсе, егер, қандай да бір киімді тәкәппарлықпен киетін болса. Яғни, сол киген киімі оны тәкәппарлыққа алып баратын болса, сол киімді кию арқылы өзің басқалардан жоғары санайтын болса, мұрның жоғары көтеріп жүретін болса, онда Пайғамбарымыз ﷺ айтқандай бұл киім – ысырап киім болып саналады.

Сондықтан киім киген уақытта, ол киім бізді тәкәппарлыққа алып бармауы тиіс. Ал енді, адам баласында қанша киім болу керек және оны қалай кию керек мәселесінде, ғалымдарымыз бір нақты шешім айтпаған. Өйткені, бұл киім киюдегі ысырапшылдық деген сөз, әр жердің өзінің салт-дәстүріне байланысты есептеледі, соған қарай өлшенеді деп айтқан екен. Сондықтан, ең біріншіден, киім киюдегі біздің мақсатымыз – әурет жерлерімізді жабу және ауа-райының қолайсыздықтарынан, күннің ыстығынан, салқынынан қорғану үшін. Сондықтан осы мақсаттарды өтеп беріп отыратын болса, осы мақсатқа қажетті киім біз үшін зәру болып есептеледі. Ал енді бұдан тыс, қымбат бір киім киюге, негізі, шариғатымызда рұқсат. Бірақ, бұл қымбат киім кию арқылы өзің басқалардан артық санайтын болса, онда сол киімі оны ысырапқа алып барады екен.

Енді, қараңыздар, құлшылықта да ысырап бар. Ғибадат жасаған уақытымызда да белгілі бір ысыраптар бар екен. Құлшылық-ғибадаттарымызда орта жолды ұстану дұрыс болып есептеледі.

Пайғамбарымыздың ﷺ жұбайларына бір кісілер келіп, Пайғамбарымыздың құлшылығы жайлы сұраған екен. Сонда, Пайғамбарымыздың жұбайлары оның құлшылықтары жайлы айтып бергенде, үш кісінің біреуі айтқан екен: «Мен бұдан кейін, күндерімді тек қана оразамен өткіземін. Мен әрдайым, күнде ораза ұстаймын». Екінші біреу айтқан екен: «Мен, күнде түнде ұйықтамай, уақытымды намазбен өткіземін». Үшінші біреу айтады: «Мен, бұдан былай ешқандай әйелге үйленбей, бойдақ болып жүремін». Сөйтіп, бұл хабар Пайғамбарымыз ﷺ жеткен кезде, Пайғамбарымыз үшеуін шақырып алып былай айтқан екен:

«Менің естуімше, сендер үшеуін осындай бір әңгіме айтыпсыңдар. Бірақ, бұларын дұрыс емес. Өйткені мен, Алланың Елшісі бола тұра, Алланы сендерден артық танитын адам бола тұра, кей күндері ораза ұстаймын, кей күндері аузым ашық болады. Мен де адам баласы секілді үйленемін. Және кейбір түндерімді құлшылықпен, кейбір түндерімді ұйқымен өткіземін. Сол үшін, бұл ойлаған нәрселеріннен бас тартыңдар», деген екен.

Құрметті ағайын, жамағат, ардақты көрермендер. Ысырапшылдық деген нәрсе осы. Біз негізгі мысалдарды бердік. Егер де кез-келген әрекетімізде біз қатты шеттен шығып жататын болсақ, онда ол ысырап болып есептеледі.

Аллаһ Тағала біздің осындай Өзінің сүймейтін іс-әрекеті, ысырапшылардың қатарынан болмауды Аллаһ Тағала бізге баршамызға нәсіп етсін.

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi