Ернар Мәжен: Дені саудың – жаны сау - Ораза қабыл болсын
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

Ернар Мәжен: Дені саудың – жаны сау

Ернар Мәжен: Дені саудың – жаны сау

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
3 мам. 2021 1 688 0
Скачать в pdf
| A | +

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА

أما بعد السلام عليكم و رحمة الله و بركاته

«Дені саудың – жаны сау». Ұлы Аллах тағала Мейірімімен адам баласын ең көркем түрде жаратқандығын Құран Кәрімде баяндайды. Бүкіл жаратылыстың ішінде сондай көркем, келбетті, әрлі, сымбатты қылып жаратқан Алла Тағала адам баласын жақсы денсаулық, игілік және осы жер бетіндегі бүкіл нығметін адам баласының қызметіне ұсынған екен. Пайғамбарымыз ﷺ:

«Көп адамның қадір-қасиетін білмей, қолдан шығарып алып, өкінетін, баға жетпес екі нығметы бар. Біріншісі, бос уақыт. Екіншісі, денсаулық».

Қарап тұрсақ, уақыт дегеніміз – ол біздің өміріміз. Ал уақыттың босқа өткені, өміріміздің босқа өткені деген сөз. Уақытымыздың босқа өткенін біз еш уақытта кері қайтара алмаймыз. Алла Тағала бізге уақытты есептеп жаратып берген. Ажал уақыты келіп жеткен кезде, бір минутқа, тіпті бір секундқа оны ұзарта алмайтынымызды біз білеміз.

Ал екінші нығметіміз, ол – денсаулық. Иманнан кейін адам баласына берілген ең ұлы нығмет – ол денсаулық. Себебі, денсаулықтың бағасы, оның құны еш нәрсемен есептелмейді. Сол үшін де Пайғамбарымыз ﷺ осы хадисте айтылған екі нәрсе егер қолдан шығатын болса, оны кері қайтару мүмкін болмайтыныдығын айтады. Ал егер денсаулығымыз жоқ болса, біздің еш нәрсеге зауқымыз тартпайды, көңіліміз аумайды. Алланың алдындағы құлшылық-ғибадатымызды, міндетімізді де лайықты дәрежеде орындай алмаймыз. Өйткені, ауырып тұрған кісінің намазы, оның көңілі, хошуының дұрыс болмайтыныдығын біз жақсы білеміз.

Жақындап келген Рамазан айының оразасында да денсаулығыңыз болмайтын болса, ол оразадан да мақрұм боламыз. Ал денсаулығы болмаған адамның оразаны ұстай алмай қалуы, сол оразаның қаншалықты шарапатынан, игілігінен құр қалатынын біз жақсы білеміз. Өйткені, Пайғамбарымыз ﷺ бір күндік себепсіз қаза болған оразаның Рамазанның тұсында өмір бойы ұсталған оразаның сауабынан артық екендігін бізге баяндап жеткізген. Ал егер біз денсаулығымызға мән бермей, Аллах Тағаланың дініміз исламда харам етіп, тыйым салынған істерді істеу арқылы, жеме деген нәрселерін жеу арқылы, ішпе деген нәрселерін ішу арқылы денсаулығымызды құртатын болсақ, Алланың бізге берген асыл аманатына қиянат жасайтын болсақ, өмірдің де мәнісі, қызығы қалмайды. Міне, сондықтан, мұсылман баласы Алланың аманаттап берген, баға жетпес аманатын қолынан келгенше аялап, бағып және сол денсаулықтың, амандықтың ұзақ болуына амал жасауы керек.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», деген бабаларымыздың жақсы сөзі бар. Сондықтан, мұсылман баласы ауырғаннан кейін барып сол ауруына ем іздеуден бұрын, сол ауырмайтын жолдарды іздеу керек. Ал енді ауырмайтын жол исламда, Пайғамбарымыз ﷺ сүннетінде анық, ашық көрсетілген біздерге. Егер кімде-кім шариғатпен, исламмен жүріп тұратын болса, өзіне берген аманатқа мұқият болатын болса, оның денесі де сау болатынын бәріміз де жақсы білеміз.

Денсаулықтың қаншалықты бағалы екендігіне мысал ретінде жұпыны, қайыр тілеп отырған кедей адамның зар жылап: «Мен бейшарамын, түгім жоқ, тақыр кедеймін», деп отырған кезде, жанынан өтіп бара жатқан бір хикмет иесі, хәкім келіп: «Сенің түгін жоқ па?», «Иә, менің түгім жоқ бейшарамын», деп айтады. Сонда, қалтасынан бір дорба ақша шығарып: «Мен саған мына алтынды беремін, бірақ оның орнына сенің кішкентай саусағынды кесіп аламын», деген кезде, әлгі қайыр тілеп отырған кісі орнынан атып тұрды да: «Жоқ», деп айтты. «Жоқ, мен саған мына алтынды беремін. Сеннен көп нәрсе сұрап тұрған жоқпын, саусағынды ғана кесіп аламын», деген кезде, «Жоқ», деген жауапты естиді. Сонда айтқан екен: «Көрдің бе?! Сен түгім жоқ деп зар жылап отырсың. Бірақ бір дорба алтынға өзіннің кішкентай саусағынды айырбастағын келмейді. Демек, сен бай адамсың», деп айтты екен.

Жалпы, ғалымдардың  зерттеуі бойынша күніміздегі ең мықты камера аппаратының ары кетсе 56 немесе 100 мегапиксель болатын болса, адам баласының көзі 556 мегапиксель екен. Мніе, сол көздің қызметін атқаратын бір технология, аппарат жасау үшін, кем дегенде 65 миллион доллар қаражат жұмсалады екен. Оның, ең кішкентай болған түрінің өзіңде, кәдімгі, орта көлемдегі үй секілді болады. Ал енді Алла Тағала дәулет беріп, 130 миллион долларға сол екі көзді сатып алуға мүмкіндік берген күннің өзінде, сол екі көзге байланып, арқамдалған ат секілді ешқайда жылжи алмайтындығымыз анық. Міне, Алла Тағала қарапайым көздің осыншалықты бағалы екендігін, және әрбір денеміздің, мүшелеріміздің қаншалықты бағалы екендігін біздерге осыдан ашық, анық байқауымызға болады.

Сондықтан, көрген көзіміздің, естіген құлақтың, иіскеген мұрынның, сөйлеген ауыздың, тілдің, ұстаған қолдың, басқан аяқтың, соққан жүректің, қорытқан асқазанның ақысын ешкім өтей алмайды екен.

Бізді, мұсылман адам баласы ретінде, ақылды адамға иман парыз болатын болса, иманды адамға ғибадат парыз. Алланың осындай бізге сансыз берген нығметіне ықтиятпен қарап, барынша қолымыздан келгенше сол денсаулыққа жақсы қарап, деніміздің саулығына мән беретін болсақ, Ин шаа Аллах, біздің ақіреттегі ғұмырымыздың да, бұл дүниедегі ғұмырымыздың да мәні, сәні, бағасы болады екен.

Алла Тағаланың бізге берген денсаулығын аялап, қарап, деніміздің сау болуын, сол арқылы жанымыздың да сау болуын, бүкіл ел-жұртымыздың дені сау, салауатты ел болуын Алла Тағала баршамызға нәсіп етсін.

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi