Ерсін Әмире: Уағыз - Ораза қабыл болсын
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

Ерсін Әмире: Уағыз

Ерсін Әмире: Уағыз

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
29 сәу. 2021 3 027 0
Скачать в pdf
| A | +

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА

Ассаляму алейкум, құрметті көрермендер! Баршаңызға Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Аллаһ Тағала тұтқан оразаларыңызды, дұға-тілек, құлышылқтарыңызды қабыл етсін.

Бірде, Пайғамбарымыз ﷺ өзінің сахабаларымен бір мәжілісте отырған кезде бейтаныс бір кісі кіріп келеді. Ол бірден Пайғамбарымыз ﷺ алдына барып, тізесіне-тізесін тигізіп, Пайғамбырымызға ﷺ бірнеше сұрақтар қояды. Акіреттің белгілері тағы сол секілді басқа да сұрақтарды қойып, соның ішіндегі ең маңызды үш сұрақ:

«Иман не? Ислам не? Ихсан не?», деген сұрақ қояды. Пайғамбарымыз ﷺ :

«Иман деген – Алланың Барлығына, Бірлігіне, періштелеріне, түсірген Кітаптарына, Пайғамбарларына, Қияметтің бар екендігіне, ақиқат екендігіне, және тағдырдың бар екендігіне сену», деді.

Кейін, «ислам не?», деп сұраған кезде, Пайғамбарымыз ﷺ, баршамыз білетін исламның 5 парызын айтып берді:

«Кәлима-шахадат, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру және қажылыққа бару», деді.

Үшінші сұрақ, «Ихсан не?», деген сұрақ болды. Пайғамбарымыз ﷺ:

«Ихсан дегеніміз – Аллаһ Тағаланы көріп тұрғандай құлшылық жасауын, көріп тұрмаған болсаң, онда Ол сені көріп тұр».

 Әлгі кісі шығып кеткеннен кейін, Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларынан:

«Мына адамды білесіңдер ме?», деп сұрады.

Сахабалары: «Жоқ, біз танымаймыз», деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз:

«Бұл сендерге діндерінді үйретуге келген Джебрейіл періште», деді.

Періште, Алланың қалауымен, адам бейнесіне ене алады. Джебрейіл (а.с.) Пайғамбарымыздың ﷺ алдына адам бейнесінде келіп, осы сұрақтарды қою арқылы, сахабаларға дінін үйретіп кетіп еді. Осы сұрақта қамтылған мәселелер адамның дінін құрайды. Егер сол сұрақтарда қамтылған мәселелердің қайсы бірінде сізде кемшілік болатын болса, сіздің дінінізде кемшілік бар деген сөз. Демек, сіздің дініңіз толық емес.

Демек, дінді үш нәрсе құрайды екен. Біріншісі, иман. Яғни, сіз неге сенуініз керек? Иманның шарттары бар. Сол шарттарды сіз орындасаңыз, сенсеңіз, соны жүрегінізбен қабылдасаныз, онда сіз мұсылмандықтың бір негізін орындаған боласыз, иманыңыз дұрыс болады. Егер де: «Құдай бар ма, жоқ па, біз білмейміз» дейтін болсаңыз, сіз діннен шығып кетесіз. Періштелерге, Пайғамбарларға, ақіреттің болуына сенуіңіз, Жәннәт пен Тозақтың барына сенуіңіз керек және тағдырға иман келтіруіңіз қажет.

Екіншісі, ислам. Ислам деген сөздің мағынасы «бейбітшілік» дегенді білдіреді және тағы бір мағынасы «бой ұсыну». Иман дегеніміз – сену. Яғни, сіздің ішкі сеніміңіз, оны ақида бөлімі қарастырады.

Екіншісі, ислам. Ислам – ол бой ұсыну. Сіз иман келтірдіңіз бе, онда сізге Аллаға бой ұсыну керек. Ең бірінші кезекте Аллаға бой ұсыну намаз оқумен, ораза тұтумен, дүниеңіз жетсе зекет беруіңізбен, және шамаңыз жетсе қажылыққа бару. Одан басқа да Аллаһ Тағаланың бұйрықтары бар. Сол бұйрықтарды орындауыңыз керек. Яғни, ол бұйрықтар сіздің отбасыңызға қатысты, кәсібіңізге, қоршаған ортаңызға қатысты Алланың бұйрықтары және тиымдары бар. Соларды сіз орындауыңыз керек. Өйткені, Алланың діні сіздің әрбір ісіңізді, отбасылық жағдайыңызды, жұмысыңызды, үйлену, ажырасу кез-келген мәселені қамтиды.

Және үшіншісі, ихсан. Ихсан дегеніміз – Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасауын. Алланы көріп тұрмаған болсаң, онда Ол сені көріп тұр. Демек, ихсан дегеніміз жүрегімізге Аллаһ Тағаланың бізді әрдайым бақылап тұрғанын орнықтыру. Жүрегіңізге: «Аллаһ Тағала мені әрдайым көріп тұр, бақылап тұр, мені біліп тұр, естіп тұр, менің әрбір ісім, тіпті жүрегімдегі пікірім Аллаға аян, Алланың екі періштесі осыны жазып тұр», деген сізде нық сенім болу керек. Аллаһ Тағаланың сізді бақылап тұрғанын әрдайым сезінуіңіз керек.

Бір ғалымның айтқан керемет сөзі бар: «Егер сен бір күнә, жаман істі істеп жатып, Аллаһ Тағала мені көрмейді деп ойласаң, сен мұсылман емессің. Өйткені, сен Алланың бар нәрсені Көруші, Білуші деген сипатына күмән келтіріп жатырсың». Ал егер Аллаһ Тағала мені көріп тұр деп біліп тұрып, істейтін болсаң, онда сен барып тұрған ұятсызсың. Өйткені, Аллаһ Тағаланың көріп, бақылап тұрғанын біле тұра, қалайша сен күнәға барасың? Адамдардан жасырынасын, ұяласын. Ал бірақ, адамдардың қолында сіздің Жәннәтыңыз, Тозағыңыз, сіздің денсаулығыңыз, рызығыңыз бар ма? Адамдардың қолында еш нәрсе жоқ. Сіздің бақытыңыз, рызығыңыз, денсаулығыңыз, бала-шағаңыздың амандығы, Жәннәтыңыз барлығы да Аллаһ Тағаланың қолында. Енді, Аллаһ Тағала көріп тұрғанын біле тұра, күнә жасасаңыз, онда бұл барып тұрған ұятсыздық, арсыздық».

Адам осы ихсан деңгейінде өмір сүру керек. Яғни, тек қана құлшылықта емес, жалпы өмірін ихсан деңгейінде өткізуі керек.

Ихсан деңгейі, сезімі екі деңгейден тұрады. Біріншісі, Аллаһ Тағала сені көріп тұрғандай сезіммен құлшылық жасау. Екіншісі, көріп тұрмаған болсаң, онда Ол сені көріп тұр.

Оған келесі мысал келтірейік. Бір адамды патша өзінің кабинетіне шақырып жеке қабылдайды. Бұл адам, патшаның алдына кірген кезде қандай сезімде болады? Қалтырап, дірілдеп, артық сөз айтпай, әрбір сөзіне мұқият болып, әлгі патшаның сөзін мұқият тыңдап отырады. Демек, Аллаһ Тағаланы көріп тұрғандай құлшылық жасау дегенің де осындай сезімде болуынды білдіреді. Егер ондай деңгейде өмір сүре алмасаң, онда екінші деңгей, Аллаһ Тағала мені көріп тұр деген сезіммен өмір сүруін қажет.

Оған мынандай мысал келтіруге болады. Екінші бір адамды патшы өзінің кабинетінде жеке қабылдамайды, бірақ сол отырған бөлмесінде бақылау камерасы тұрады. Сол бақылау камерасы арқылы елдің патшасы өзінің алдындағы монитордан бақылап отыр. Ол адамның сезімі қандай болады? Жеке қабылдауда отырған адамның сезіміндей болады ма? Әлбетте жоқ. Себебі патшаны көріп тұрған жоқ. Бірақ, сол камера арқылы патшаның оны бақылап тұрғанын сезінеді. Сол үшін де бұл да артық іс-әрекетке бармайды, тыныш, ұқыпты отырады.

Адам да тура сол секілді. Яғни, Алланың құзырында тұрмын деген сезімге жете алмасаң, онда ең болмағанда «Алла мені көріп тұр» деген сезімде өмір сүр. Яғни, әрдайым Алланың сені бақылап, көріп тұрғанын сезініп, Құдайдан қорқып өмір сүр.

Қазақта: «Құдайдан қорықпағаннан қорық», деген сөз бар. 

Аллаһ Тағала баршамызды Аллаһ Тағаланың бақылауын сезініп өмір сүретін құлдарынан етсін.

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi