Ерсін Әмире: Бала тәрбиесі жайлы - Ораза қабыл болсын
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

Ерсін Әмире: Бала тәрбиесі жайлы

Ерсін Әмире: Бала тәрбиесі жайлы

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
2 мам. 2021 1 961 0
Скачать в pdf
| A | +

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА

Ассаляму алейкум, құрметті көрермендер! Аллаһ Тағала баршаныздың тұтқан оразаларыңызды қабыл қылсын. Бүгін сіздермен бала тәрбиесі жайында сәл сөз қозғамақшымыз.

Қазақта «Балаңды аясаң, аяма» деген жақсы сөз бар. Яғни, егер сен балаң үшін алаңдасан, оның болашақта үлкен тұлға болғанын қаласаң, қоғамға, отбасына пайдалы, елдің азаматы болғанын қаласаң, жас кезінде оған тәрбиені дұрыстап бер. Өйткені, ол өзінің пайдасын білмейді, сен оның пайдасын білесің. Бала қыдырғысы келеді, ойнағысы келеді, сол уақытта, сен балаңды жақсы көрсең, оны дұрыстап тәрбиелеп, оның болашағына алаңда.

Жалпы, бізде «тәлім-тәрбие беру» деген сөз бар. Яғни, сіз балаңызға екі нәрсе беруіңіз қажет. Білім және тәрбие. Кішкентай кезінде оның білімге деген құштарлығын арттырып, мейілінше білім алып қалуына әрекет жасауыңыз керек.

Алдыңғы уақытта орын алған мынадай бір оқиға бар. Харун Ар Рашид деген ислам әлемін басқарған халифа болған. Ол кісінің Әмин және Мамун деген балалары , өзінен кейін басшы болады. Ол екеуінен кейін басқа баласы, Муатассым басшылықты, елдің тізгінін қолға алады. Сол баласы, алдыңғы балалары сияқты оқымаған екен. Алдыңғы балалары білімді болған, тілді, саясатты, дінді жетік меңгерген екен. Ал Мутасым ондай емес еді. Себебін сұраған кезде, ол кісі айтады екен: «Мен кішкентай кезімде оқуды, білімді жақсы көрмейтін едім. Бірақ, әкем мені бір досыммен қосып, ұстаздарға тәлім, білім алуға жіберетін. Сөйтіп жүрген кезде, бір күні досым ауырып қайтыс болды». Әкесі бір күні баласынан сұрайды: «Жанындағы досың қайда? Көрінбейді ғой. Екеуін бірге барып сабақ алатын едіңдер ғой», деген кезде, баласы: «Ол өлді де, ұстаздардан сабақ алудан құтылды», деген сөзді айтады. Сонда, Харун Ар Рашид баласына қарап тұрып: «Сен ұстаздардан сабақ алуды, білім алуды соншалықты жек көресің бе? Сонда сен үшін өліп қалу рахат болып тұр ма? Егер білім алуды соншалықты жек көретін болсаң, онда өзіңді қинамай ақ қой», дейді. Сөйтіп, бала сабаққа баруды тоқтатады. Кейін, өсіп, басшылыққа келген кезде дұрыс білім алмағаны байқалады. Тілі дұрыс болмайды, дінді дұрыс білмейді, саясатты жетік меңгермеген. Сондай кемшілік тұстары басым басшы бірден көрінеді. Сонда ол кісі өкініп, жанындағы адамдарға айтады: «Әкем Харунның махаббаты маған зиянын тигізді», дейді екен. Ол, «Әкем жақсы болды. Мені қыдыртты, аяды, ойнатты, оқуға мәжбүрлеген жоқ», деп жатқан жоқ, «Әкемнің махаббаты мені құртты, маған зиян жеткізді», деп айтқан екен.

Қазіргі таңда, қаншама әкелердің балаларға деген махаббаты сол балалардың болашағын талқандап жатыр. Сіз балаңызды жақсы көресіз, оны аяйсыз. Ол телефонға қызығады, оған телефонын алып бересіз. Ойындар ойнағысы келеді, таңертеннен кешке дейін оның ойын ойнауына рұқсат бересіз. Бір нәрсені оқы, жатта десеңіз, көзінен жас шығады. Оның жасын көріп, сіздің жүрегіңіз ауырады. «Жарайды, ойнасын. Бала ғой», деп айтып, сонымен қанша ата-ананың балаға деген махаббаты, сол баланың болашағын талқандап отыр.

Тағы бір  келесі оқиға бар. Бір кісі, өзінің қызын жастайынан Құран жаттататын ұстаздарға алып барады. 4-5 жасынан бастап, балабақшадан немесе мектептен шықса, бірден оны Құран жаттататын арнайы орталықтарға апарады екен. Басқа құрбылары ойнап кетеді. Бұны әкесі апарып, Құран жаттатады. Бұл іс күнде қайталанады. Бір күні, қызы жылап айтады: «Әке, сіз мені жақсы көрмейсіз бе? Сіздің маған жаныңыз ашымайды ма? Неге мені мәжбүрлеп Құран жаттатасыз? Басқа құрбыларым ойнап жүр ғой», деп айтқан кезде әкесі: «Қызым, сабыр ет. Білім ал», деп әрі қарай Құран жаттатқыза берген. Кейін, 11-сыныпты бітіріп шыққан кезде, әлгі қыз қари болып, мектеппен бірге Құранды жаттап шығады. Сонда әкесі, қызына қарап тұрып айтады: «Қызым, есінде ме, бір кездері сен «Неге мені жақсы көрмейсіз, құрбыларыммен ойнатпайсыз? Маған Құран жаттатқызасыз», деп айтқан едің. Ал қазір енді не дейсің? Қарашы, сенің құрбыларың да мектеп бітірді, сен де мектепті бітірдің. Бірақ, мектеппен қатар, сен Құранды жаттап шықтың, қари болдың», деп айтқан кезде, қызы көзіне жас алып: «Рахмет, Әке. Сізге Аллаһ Разы болсын. Сіз сондай керемет әке болдыңыз», деген. Сол кезде әкесі тұрып: «Сол кездегі қиналғаныңнан сен қазір бір нәрсе сезіп тұрсың ба?», қызы: «Жоқ» деп жауап берді.

Сіз балаңызды сәл қинап, оны тәрбиелейсіз. Ойнап өскен баланың да балалығы өтеді, біліммен өскен баланың да балалығы өтеді. Бірақ, ертең білім алған бала білімінің жемісін көреді. Ал ойнап өскен бала, білім алмай, бос өткізген уақытына өкінеді.

Қазір, сол жасында білім алған балалардың ешқайсысы «Соның азабын көріп, қиналып жүрмін», деп айтпайды. Керісінше, ата-аналарына рахметін айтады. Сол үшін де қазақ «Балаңды аясаң, аяма» дейді.

Балаңызға көбірек көңіл бөліңіздер. Ұлт тәрбиесіне көңіл бөлейік. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Біз ұрпағымызды қалай тәрбиелейміз, ұлттың болашағы соған тікелей байланысты. Егер, ұрпағымыз сапалы тәрбие алатын болса, онда ұлтымыз сапалы болады. Демек, сіздің балаңызға берген жеке тәрбиеңіз – ұлттың болашағына қосқан үлесіңіз болып табылады.

Әрбір мұсылман ұлттың болашағына өзінің жақсы үлес қосуын Аллаһ Тағаладан сұраймыз. Аллаһ Тағала балаларымызды тәрбиелі, екі дүниеде абыройларыңызды асқақтататын, ізгі ұрпақ болуын нәсіп етсін.

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi