Кульмусаков Мейіржан: Уағыз - Ораза қабыл болсын
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

Кульмусаков Мейіржан: Уағыз

Кульмусаков Мейіржан: Уағыз

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
5 мам. 2021 1 364 0
Скачать в pdf
| A | +

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА

Құрметті көрермендер! Аллах Тағала баршамыздың Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларымызды қабыл етсін, әрбір жасаған құлшылық ғибадаттарымыз Аллах Тағаланың разылығына сай болсын. Бүгінгі айтатын уағызымыздың тақырыбы – «Ата-ананың бала алдындағы міндеті» жайлы болмақ.

Әкенің балаға қалдырған ең үлкен мұрасы, мирасы – ол, әрине, бала-шағасына берген жақсы тәрбиесі. Егер, біз дер кезінде өзіміздің ұл-қыздарымызға сол тәрбиесін бере алмаған болсақ, бұл соңында өкіндіруге алып келетін нәрсе. Сондықтан, Аллах Тағала бізге ұл-қыздарымызды аппақ қағаз ретінде, ештеңе жазылмаған күйінде беріп отыр. Ал енді сол аппақ парақты жазып, сызып, соған жөн, бағыт-бағдар беретін ұл-қыздың ата-анасы, біздер болмақпыз. Сондықтан, ол жерге біз қандай дұрыс бағыт-бағдарды көрсете білсек, ол дегеніміз біздің ұл-қыздарымызға берген үлкен мұрамыз болып саналады. Сондықтан, Аллах Тағала Құран Кәрімде:

«Әй мүминдер, өздеріңді және үй-іштеріңді отыны тастан болған Оттан қорғаңдар», деп бұйырған екен.

Міне, осы аят бізге тәрбиенің, біздің беретін негізгі мұрамыздың қаншалықты жауапты екендігін білдіріп отыр. Енді, осыларды біз бөліп-жарып айтатын болсақ, нақты балаларымыздың алдындағы міндетіміз қандай? Бірінші, екінші деп саралап отыратын, қатып қалған қағида жоқ. Десе де, біріншісі деп айтайық, жанұямыз, бала-шағамыздың алдындағы міндетіміз – олардың материалдық жағдайын жасау.  Пайғамбарымыз ﷺ айтады:

«Адам баласының жұмсаған ақшасы ішіндегі ең жақсысы – отбасына жұмсағаны».

Қарап отырсаңыздар, біз әрдайым Аллах Тағаланың разылығын алу мақсатында көптеген хайырлы, ихсан амалдар жасап жатамыз. Бірақ, ең жақсы амал, ең жақсы жұмсалған дүние – бұл сіздің бала-шағаңызға жұмсалған ақшаңыз, деп Пайғамбарымыз ﷺ өзіміздің жанұямызға, ұл-қыздарымызға деген міндеттеріміздің нақтысын осылай көрсетіп берген екен.

Одан кейін, жалпы балаларымызға беретін тәрбиелеріміздің ең негізгісі – жүректегі имани тәрбие беру. Өйткені, Аллах Тағаланың Қасиетті Құран Кәрімінде Лұқман (а.с.)-ның  балаларына берген өсиеттері айтылады. Соның ішінде Лұқман (а.с.) өзінің баласына:

«Ей балам, Аллах Тағалаға серік қоспа. Өйткені, серік қосу – ол ең үлкен зұлымдық», деп айтады екен.

Міне, осы жердегі ең бірінші баласына үйретіп отырған нәрсесі, ешқашанда Аллаға серік қоспау. Демек, біздің де міндетіміз – өзіміздің ұл-қыздарымызға Аллах Тағаланың дінін, Аллах Тағаланың Бар екендігін, Бір екендігін және Оған ешқандай серік қосуға болмайтындығын айту біздің міндеттерімізден болып саналады. Одан кейін, аяттың жалғасында айтылады:

«Ей балам, сен мейлі кішкентай бір дәннің бөлігіндей болсаң да, немесе сахарадағы құмның арасында болсаңда, тастың ішінде болсаңда Аллах Тағала саған оның барлығын алып келеді», дейді.

Яғни, біздің істеп жатқан дүниеміздің барлығы Аллах Тағаланың құзырында, Аллах Тағаланың біліп тұрғандығын бізге осылай жеткізеді. Әрі қарай, Лұқман (а.с.) өзінің өсиет сөздерің жалғастыра отырып былай дейді:

«Ей балам, намаз оқы, адамдарды жақсылыққа шақыр және жамандықтан тый. Егер осы нәрселерді жасағаннан кейін басына қиындық келіп жатса, оларға сабыр ет. Және адамдарға жүзіңді көтеріп, тәкәппарланба және жер бетінде тәкәппарланып жүрме», дейді.

Яғни, баласына айтқан өсиетінде: «Сен өмірі тәкәппар болма, адамдарға мұрныңды шүйіріп қарама және жер бетінде жүрген уақытта өте қарапайым болып жүр, тәкәппар болма», дейді екен.

«Аллах Тағала ешқашанда тәкәппар болып жүрген, жұзің жоғары көтеріп жүрген адамдарды жақсы көрмейді».

Сондықтан, біздің тағы да перзенттерімізге беретін негізгі міндеттеріміздің бірі – оған имани тәрбие беру, Алланың Бар және Бір екендігін үйрету және адамдар алдында тәкәппарланбауын, өзінің болмысын, қарапайымдылығын сақтауды үйрету екен. Одан кейін, бұның барлығын үйрету үшін ең алдымен бұл қасиеттердің барлығы өзімізде болу керек. Егер де бұл қасиеттер өзімізде болмайтын болса, онда біз оны перзенттерімізге де бере алмаймыз.

Тағы бір міндетіміз – жақсы ат қою. Жақсы ат қою деген сөз, біріншіден, ол ат Аллах Тағалаға ұнамды болу керек, екіншіден, адамдарға ұнамды ат болу керек. Кейде, кейбір ата-аналар өздерінің перзенттеріне ат қойған кезде, ол атты мағынасы дұрыс болмағандықтан, басқалары күлкіге айналдырып жатады. Ол біраз уақыт, бала өскеннен кейін бала өзінің атынан намыстанып, түрлі психологиялық жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан, ат қою мәселесінде де ата-ана мұқият ойланып, дұрыс, жақсы атты таңдап қоя білу керек.

Одан кейін, тағы да бір негізгі міндеттеріміздің бірі – ұл-қыздарымызға жақсы, пайдалы білім беру. Мейлі ол діни білім болсын, мейлі дүниелік білім болсын, ол білім өзіне және ақіретіне пайда алып келетін, екі дүниелік ілімді үйрету де біздің міндетіміз болып саналады.

Одан кейінгі тағы бір айта кететін мәселе, ұлымызға салиқалы әйел тауып, қызымызды иманды жігітке беру де міндетімізге жатады.

Міне, осы айтып өткен негізгі нәрселеріміз - біздердің ұл-қыздарымызға беретін негізгі нәрселеріміз. Әрине, бұдан басқа да, артық беретін, айтатын нәрселеріміз көп. Біз осы қысқа уақыттың ішінде керекті, негізгі дегендерін айтып, осы уақытқа сыйдыруды жөн көрдік.

Аллах Тағала біздердің өсіріп отырған ұл-қыздарымызды, перзенттерімізді Өзінің Разылығына сай, құлшылық ететін және өзінің ата-анасын жерге қаратпайтын, атақ-абыройын асқақтататын перзенттерден болуды нәсіп етсін. 

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi