Дәрістер топтамасы
Ассалаумағалейкум қадірменді қазақ елі. Бүгінгі сіздермен сұхбаттасатын тақырыбымыз – «Дін мен дәстүр».
Дін мен дәстүр - егіз ұғым. Дін бар жерде дәстүр бар, дәстүр бар жерде дін бар. Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде Аллах Тағала айтады:
«Кешірім жолын ұстан, және дәстүрді насихатта, ададамдарды ғұрыпқа, жақсылыққа шақырып, бойынды жамандықтан алыстат».
Аттақты имам ибн Ғабидин бір сөзінде айтады: «Ислам шариғатында «әл ғұрф» - ол әдет-ғұрып, ал «әл адат» - әдет». Яғни әдет-ғұрып деген сөз исламда бар нәрсе.
Бір еңбегінде атақты имам Сароқси айтады: «Шариғатқа қарсы келмеген, әдет және ғұрыппен бекітілген нәрсе, шариғатпен бекітілген әмір-тыйымдармен тең».
Демек, біз Қасиетті Құранға, Пайғамбар сөзіне, хадис шарифтеріне қайшы келмеген, кез-келген ұлттың дәстүрі, салт-санасын аламыз, орындаймыз. Біздің ұстанатын дәстүрлеріміз Құран және сүннеттің мәтіндеріне ғалымдардың бір ауыздан келіскен, немесе шариғатта бекітілген нәрсеге қарама-қайшы келмеуі тиіс. Имам Сароқси тағы бір сөзінде айтады:
«Құран мен сүннетке қарсы келген кез-келген салт есепке алынбайды».
Сондықтан да қазақ айтады: «Дәстүрдің озығы да бар, тозығы да бар», деп.
Яғни, қадірлі ағайын, біз – қазақ халқы, адам өмірге анасының жатырына түскеннен бастап, қой сойып, Құдайға сыйынып, аман-есен өмірге келсін, ол дүниеге келсе тағы да құрбан шалып, азан шақырып атын қояды. Некесін қию, ат қою, көрімдік беру деген сияқты көптеген қазақ халқындағы адам өмірге келгеннен бастап, дүниеден өткенше дейін барлық қазақ халқының керемет, атадан қалған, дәстүрлі дінімізбен ұштасып жатады. Бұл – расында бізге, елімізге, ұлтымызға пайдасы өте көп. Себебі, ұлт ұлт болып сақталып қалуы үшін, оның бекем салт-дәстүрі болуы керек.
Салт-дәстүр дегеніміз уақыттан-уақытқа, ұрпақтан-ұрпаққа келіп жалғаса береді. Оның ішінен жақсысын алып, жаманын түзеп отырады.
Біздің қазақ айтады: «Уықты бас құрсақтай, ұлтты дәстүр сақтайды», деген.
Біз кеше, қазақ мың өліп, мың тірілген халықпыз. Ұлт ретінде біз ашаршылықты да, соғысты да, дінімізден кішкене алыстатылып, кеңестік империяның кезінде атеистік идеология біраз уақыт біздің халқымызды билеген болатын. Сондай қиын кезеңдерді бастан өткерсе де, біздің ұлы дала халқы, кемеңгер қазақ ұлты, дінің жоғалтқан жоқ. Себебі осы біздің дініміз ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрмен сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аман-есен жетті. Қазақ егеменді ел болып, еңсесін көтерген кезде, қайтадан өзінің мешіттері, медреселері, рухани, діни-танымдық, әдеби кітаптары шығып, «обал болады, сауап болады» деген секілді арақ ішпейтін, темекі тартпайтын, ұлтқа қызмет жасайтын жақсы ұрпақтарды тәрбиелеуге кірісіп кетті.
Елбасымыздың бір сөзінде бар: «Саясат – ол күнде өзгереді. Ал дін – ол мәңгілік».
Біз, егеменді елдігімізді Қиямет күніне дейін аман-есен сақтау үшін бізге ең керек дүние - ата-бабамыздан қалған дін. Мәселен, біздің қазақ айтады: «Таңғы асты тастама, кешкі асқа бақпа», «Нанды бір қолыңмен үзбе», «Үйге қарай жүгірме», деген сияқты. Беташар жасауымыз, біздің тойларымыз, тіпті өлім кезінде де атқарылатын барлық істер біздің дінімізде, шариғатымызбенен ұштасып жатады. Яғни, дін мен дәстүрдің егіздігіне біз бала туылғаннан, ол үйленіп, жайланып, тұрмыс-тіршілігін құрып, о дүниеге қайтқанға дейін, бар өмірдің ішінде дәстүр мен дін осылай сабақтасып жатады.
Қазақтарда дәстүрімізде көрші мәселесі бар. «Көрші ақысы – Тәңір ақысы», «Үй алма, көрші ал», «Өзі тоқ болып, көршісі аш жатса, ол бізден емес», деген секілді хадистерге біздің қазақ халқымыз сүйеніп, көршіге ерекше мән береді. Ата-ананы құрметтеуі, халыққа қызмет етуі, елдің батасын алуы деген сияқты қазақ халқында бізге пайдасын беретін көп дәстүрлеріміз бар. Мәселен, ақиқа, қалжа беру, шілдехана, бесік той, бала емізгендегі де дәстүріміз осы шариғатымызбен ұштасып жатады. Сүндет той, біреуден келіп бата сұрау – бұл да Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінен болып табылады.
Қазақта жеті ата деген мәселе бар. Жеті атадан барып қыз алысуы, қазақтың ішіндегі шежіресі, баланы кішкентайынан еңбекке баулуы, жігіттің сегіз қырлы болуы, оның ішінде бастысы иманды болуы, дінді жетік білуі, харам мен халалды ажырата білуі, адалды ұстануы деген секілді дін менен дәстүрдің керемет ұштастығын көреміз. Яғни, жігіттің жігіті – ол өз нәпсісіне ие болған, нағыз мұсылман. Қызды айттыруымыз, сырға салуымыз, құдалық, той, қалың мал, қыздың жасауы, әмеңгерлік – бұның бәрі шариғатымызда тұнып тұрған, дініміз бен дәстүріміздің біте қайнасып тұрғанының белгісі.
Ораза кезінде ораза ұстауымыз, ауыз ашар беруіміз, пітір беруіміз, зекет таратуымыздың да дінімізбен ұштасып жатқан дәстүр екендігін байқаймыз.
Адам дүниеден өткен кезде, Құранды хатым етуі, қабірді зяират етуі, «Өліге құрмет, тіріге міндет», ас, садақа беру жолдары да осы дінімізбен ұштасып жатады.
Сондықтан, құрметті ағайын, дінімізде орындау керек болған әрбір нәрсені, Құранға, сүннетке қайшы келмейтін дәстүрді – біз, қазақ халқы, барлығын мойындаймыз, орындаймыз, атқарамыз.
Біз, осы ұлтымызды сақтау үшін, дәстүрімізге, дінімізге берік болайық. Ел аман болсын, жұрт тыныш болсын. Қасиетті Ораза айынан Ораза айынан жете берейік.