Таным терапиясы
Қаражал
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 06:02

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:02 07:29 12:08 14:52 16:37 18:03
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

Таным терапиясы

| A | +

Серікбай қажы ОРАЗ,  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти

Расында, дін – нәзік сала. Өйткені, адам баласы иманға жүрек қалауымен келеді. Ашығын айтқанда, дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі бейнебір археологтардың жұмыс бағытына сәйкес келетін аманаты үлкен сала.

Нәзік саланың мамандары,  яғни археологтар мен имамдар жерді белден қазып, жұмысты өндіріп жасайын десе, топырақ астындағы тарихи жәдігерлерді бүлдіріп не сындырып алатыны ақиқат.

Рухани мұраны аршып-алуға сабыр мен төзім, ұқыптылық пен тиянақтылық қажет. Адам санасын оңалту да осындай: жылдармен жинақталған түйсіктегі теріс діни түсінікті күндермен, яки айлармен түзете алмайсың.

Имамдармен жиі болатын жеке кездесулерімде «деструктивті ағымдағы азаматтарға түсіндіру жұмыстарында терапевтің тәсілін қолданыңдар» деп бағыт-бағдар беретінім сондықтан. Расында, сана түзелсе – адам түзеледі.

Діни салада бірнеше жыл еңбек өтілі мен тәжірибесі бар азамат ретінде айтайын: оңалту жұмыстарындағы тиімді тәсілдің бірі де бірегейі – оның қуанышты және қиын сәттерінде бірге болу. Сұхбаттасу тәсілі достыққа жетелейді.

Мұны психология ғылымы «сұхбаттасушының жағдайына ену» деген ұғыммен түсіндіреді. Ал Ислам діні бұдан да биік көркем амалға үндейді. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүмін өзіне қалаған игі жақсылықты өзге бауырына қаламайынша шынайы иманмен қауыша алмайды», – деген.

Қостанай облысында бас имам болып қызмет етіп жүргенде деструктивті ағымға алданған азаматтарға моралдық һәм материалдық тұрғыдан жүйелі түрде көмек көрсеттік. Жанашырлық сезім нақты амалмен үйлеспесе – нәтиже бермейді.

Имамдардың тілеулестік ниетін таныған сол азаматтар қатарымызға қосылып, радикалды райынан қайтты. Осылайша, сұхбаттастық – достыққа, достық қатынас бауырмалдық байланысқа ұласты. Мұндайда «Кісі өз досының дінінде» деген пайғамбар тәлімі ойға оралады.

Бүгінде білімі мен тәжірибесі толысқан имамдардың жанқиярлық жұмыстарының арқасында елімізде жыл сайын 500-ден астам азамат деструктивті ағымнан бас тартып, дәстүрлі дінімізбен қауышып келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының күнделікті сан-салалы қызметі барысында басты 4 бағыт бойынша жұмыстарының бірі ретінде деструктивті ағымдарға түсіндіру шараларын бір сәтке де тоқтатпайды.

Оңалту шараларына қатысты тағы бір тәсіл – тарихпен тәрбиелеу. Тарих дегеніміз – адамзатттың қоғамдық жады, өзін-өзі тануы, өткен өмірдің санада жаңғыруы. Ғұламалар: «Адам ойын оятқың келсе – оның тарихын оят», – деген тәлімді сөз айтқан.

Діни басқарма «Дін және тарих тағылымы» игі бастамасын одан ары жаңғыртып, жамағатты тарихтан алар сабақтармен сусындатып келеді. Салт пен тарихи санаға, әдет пен ғұрыпқа шекеден қарап, теріс көзқарасқа алданған діни ағымдар үшін арнайы жобаны қолға алдық.

Мақсатымыз – деструктивті ағым өкілдерінің тарихи әрі киелі жерлерге сапарын ұйымдастырып, тарихи санасын жаңғырту. Жуырда Ақтөбеден арқа төсіне келген бір топ жамағатпен жүздесіп, бірнеше сағат сұхбаттастым. Елдік мұрат, тарихи сана, бірлік пен бейбітшіліктің қадірі туралы дәріс оқыдым. Емен-жарқын әңгіменің нәтижесінде олар да өз ойын ортаға салып, пікірлеріміз бір арнаға тоғысты.

Шынтуайтына келгенде, кешегі батырлар мен ізгілердің ізін басқан ұрпақ ата салтын сақтап, дәстүрлі діннің құндылықтарын өмірінің темірқазығы етеді. Сондықтан болар, имандылық бастауы болған ұят, ар-намыс, обал, сауап, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет сынды ұғымдар халқымыздың өмір салтында ғибратты ғұрыпқа айналды.

Осы ретте ақсақалдар институтының рөлін күшейту – маңызды мәселе. Біз – қарияның дуалы сөзіне қарсы уәж айтпаған халықпыз. Бұл – санаға сіңген салтымыз. «Қой дейтін қожа» бола білген қаншама қариямыз жат ағымға кеткен жастарға насихат айтып, тәрбиесін түзеп келеді. Осы бағытта облыстық мешіт жанындағы Ақсақалдар алқасы мен ауыл, аудандағы билер кеңесі игі іс-шараларды жүзеге асырып келеді.

Біз үшін тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары, әл-Фараби бабамыз айтқандай, жарық дүниенің есігін ашқанмен бірдей болса, қазір ересек өмірдің табалдырығын басып отырмыз.

Мемлекетті құрайтын ұлт болса, сол ұлттың жан-жақты білімі, жан дүниесінің тазалығы, рухани байлығы – аса маңызды мәселе. Әйгілі ойшыл Рудакидің:

«Өмір – теңіз,

Жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз», – деген сөзінде үлкен мән жатыр.

Егемен елдің бүгінгі азаматтарына жүктелген міндет – бірлікке ұйысып, халыққа қызмет ету. Өйткені, Алла Тағала: «Бір-бірлеріңе игі істерде көмекші болыңдар», – деп әмір еткен. Бірлікке болысып, берекелі істердің басы-қасында жүруді нәсіп еткей! Әмин!

"Мұнара" газеті, №4, 2019

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Адал ас және арлы ұрпақ Жасөспірімдердің діни ағымға еруіне әлеуметтік желінің әсері бар - теолог

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ПАРАСАТ. ПРОГРЕСС. КӨЗҚАРАС
Расында, тіршіліктің құлшылықсыз, ал құлшылықтың тіршіліксіз мәні болмайтыны секілді, адамның өмір сүру салты мың құбылған мына заманда рухани құндылықтар маңызы күн санап артуда. Ізгілікке негізделмеген істің ілгері жүрмейтінін өмірдің өзі дәлелдеуде.  ...
Пайым-парасат Батыржан МАНСҰРОВ: «Абайдың діни танымын кеңінен аша алмай жүрміз»
Ұлттың ерекшелігін даралап тұратын түп негіз - біздіңше, дін мен дәстүр. Ата-бабаларымыздың дәстүрлі діни танымын қайта жаңғырта алсақ, бүгінгінің қазағының діні де, ділі де, тілі де жаһандану жағдайында жұтылып кете алмайды...
Пайым-парасат Ғұламалар ортасындағы басты талапты білесіз бе?
Ежелде ғұламалар ортасында бір салт болатын. Сол салт ғұламаға қойылған негізгі талаптың бірі десе болады. Білім аманатын арқалаған тұлғалар тек белгілі бағдарлама негізінде шәкірт тәрбиелеумен шектелмейтін. Олар қоғамда таразы міндетін атқарды. Базардағы саудагерден бастап сұлтандарға дейін ықпалы ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 06:02

Имсакқа дейін 01:26

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi