Ерсін Әмире: Уағыз - Ораза қабыл болсын
Науырзым ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 21:10
Науырзым ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Науырзым ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:37 04:28 12:54 18:30 21:10 22:56
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Зуль-хиджа 1445
Миләди
30 маусым 2024

Дәрістер топтамасы

Ерсін Әмире: Уағыз

Ерсін Әмире: Уағыз

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
25 мам. 2021 1 439 0
Скачать в pdf
| A | +

 

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА


Ассаламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракятух, құрметті көрермендер, баршаңызға Алланың игілігі, жақсылығы болсын. Алла Тағала тұтқан оразаларыңызды, дұға тілек құлшылықтарыңызды қабыл қылсын.

 

Мұсылман адам иманға келгенннен кейін құлшылық жасауы керек дейміз. Құдайдың алдындағы құлшылық міндетін орындауы керек дейміз. Құлшылық дегеніміз не жалпы? Ғұламаларымыз құлшылықтың екіге бөлінетіндігін айтады. Адам Құдайдың алдындағы құлшылық міндетін орындауы керек және күнәдан аулақ болуы керек. Енді осы құлшылық, біз орындау керек болған құлшылық екіге бөлінеді екен. Және біз аулақ болу керек болған күнә яғни Алла Тағала тыйым салған істер, олар да екіге бөлінеді екен.

 

Құлшылық екіге бөлінеді: біріншісі ішкі құлшылық, екіншісі сыртқы құлшылық. Біз мұсылмандар, біз намазхандар құлшылық дегенде көбінесе намаз оқуды, ораза тұтуды, зекет беруді, қажылық жасауды, зікір айту, Құран оқу секілді осындай көбінесе тек қана сыртқы құлшылықтарды түсінеміз. Құлшылық тек қана сыртқы іс әрекеттерден емес, ішкі іс әрекеттен де тұрады екен яғни адамның ішкі жан дүниесіне қатысты да құлшылықтар бар екен. Адам сол құлшылықтарды, сыртқы құлшылықтар мен бірге қоса орындауы керек. Сол кезде оның құлшылығы толық болады. Сыртқы құлшылықтар бұл сіздің ағза-мүшелеріңізбен жасалатын құлшылық, ал ішкі құлшылық сіздің жүрегіңізге, жаныңызға қатысты құлшылық, ішкі жан дүниеңізге қатысты құлшылық, жүрегіңізге қатысты құлшылық. Ол қандай құлшылық? Сіздің жүрегіңізде шынайылық болуы керек. Сіздің жүрегіңізде ықылас болуы керек. Сіздің жүрегіңізде кіші пейілділік болуы керек. Сіздің жүрегіңізде адалдық болуы керек. Сіздің жүрегіңізде басқаларға деген махаббат болуы керек, басқаларға деген жанашырлық болуы керек. Мұның барлығы ішкі сіздің жан дүниеңіздің құлшылықтары болып табылады. Яғни сіз осы құлшылықтарды міндетті түрде орындауыңыз керек. Сіздің жүрегіңізде шынайылық болуы керек, жомарттық болуы керек, сабырлық болуы керек, шүкірлік болуы керек қанағат болуы керек, жанашырлық болуы керек, адалдық болуы керек. Сол кезде сіз ішкі құлшылықтарды орындаған боласыз. Сонымен бірге сыртқы құлшылықтарды орындауыңыз керек намаз, ораза, зекет, қажылық сияқты.

 

Күнәлар да екіге бөлінеді: жүрекке қатысты күнәлар және сыртқы күнәлар. Жүрегіңізге, ішкі дүниеңізге қатысты күнәлар қандай күнәлар? Сіздің жүрегіңізде тәкаппарлық болса, жүрегіңізде мен-мендік болса, жүрегіңізде сараңдық болса, жүрегіңізде қатыгездік болса, жүрегіңізде тек қана өзіңіздің жеке басыңызды ойлау болса, жүрегіңізде адамдарға деген жек көру тағы да баска сондай бір жаман сипаттар болатын болса - сіз жүрек күнәсін жасаған болып табыласыз. Сыртқы күнәлар бар олар: арақ ішу тағы да басқа сондай зина жасау, ұрлық тағы да басқа сондай сыртқы ағзалар мен жасалатын күнәлар.

 

Алла Тағала Құран Кәрімде "күнәнің ішкісін де, сыртқысын да тастаңдар" - деді.

 

Және бір қызығы ертең Алла Тағаланың алдына барған кезде, Алла Тағала ең бірінші сіздің ішкі жан дүниеңізге қарайды екен, сіздің жүрегіңізге қарайды екен. Аллаңың назары бірінші жүрегіңізге түседі екен. Сіздің намаз, оразаңызды сұраудан алдын, бірінші Алла Тағала сен ішкі құлшылықтарды орындадың ба? Жүрекке байланысты, жүрегіңде орындалу керек болған құлшылықтарды ақтардың ба, орындадың ба? - деп сұрайды екен. Пайғамбарымыз ﷺ өзінің хадис шарифінде

 

"Алла Тағала сендердің сыртқы келбеттеріңе, сендердің бағанағы пішіндеріңе, денелері ңе қарамайды. Алла Тағала сендердің жүректеріңе және іс әрекеттеріңе, амалдарыңа қарады" - деді.

 

Бұл жерде Пайғамбарымыз ﷺ бірінші жүректі айтып тұр, яғни сіздің бірінші жүрегіңіз таза жүрек болуы керек, адал жүрек болуы керек. Сіз намаз оқып жүрсеңіз, ораз тұтып жүрсеңіз бірақ ішіңіз лас болса, ішіңіз әлігі көре алмаушылыққа, мен-мендікке, тәкаппарлыққа толып қалған болса онда сіздің сыртқы құлшылықтарыңызды пайда бермейді. Сыртқы құлшылықтарыңыз пайда бермейді.

 

Мысал ретінде Пайғамбарымыз ﷺ айтады: "көре алмаушылық адамның тапқан сауабын яғни сіз сауапты іс істеп, періште сізге сауап жазады ғой. Сол сауаптарды от отынды қалай күйдіріп жоқ қылып жатса, солай жоқ қылып жібереді".

 

Яғни сіз намаз окыдыңыз да, періште намаз оқыдың деп сауапты жазды, бірақ сіз ішіңізден өзіңіздің мұсылман бауырыңызды көре алмайсыз, туысқаныңызды көре алмайсыз, көршіңізді көре алмайсыз, оның қуанышына қуана алмайсыз, оның қайғысына қайғыра алмайсыз. Керісінше оның қуанышы сізге қайғы, оның қайғысы сізге қуаныш. Егер сіз солай болатын болсаңыз, онда сыртқы намазыңыз пайда бермей қалады, оның сауабы күйіп кетеді. Зекет бересіз бірақ ішзіңізде тәкаппарлық тұр, оның да сауабы күйіп кетеді.

 

Пайғамбарымыз ﷺ сол үшін де "адамның денесінде бір кесек ет бар, сол түзелсе дене түзеледі деді, ол бұзылса дене бұзылады деді. Ол жүрек деп, Пайғамбарымыз ﷺ мына жүректің тусын көрсетті".

 

Демек сіздің бірінші жүрегіңіз дұрысталуы керек, жан дүниеңіз дұрысталуы керек. Жан дүниеңіз дұрысталмай, ішкі жан дүниеңіз лас болып жатса, намаз оқып ораза тұтып жүрсеңіз одан еш қандай пайда болмайды. Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде осыны айтып жатыр. Жүрегің түзелсе, ол кезде денең түзеледі деді яғни жүрегің дұрыс болса, сен жүректің құлшылықтарын орындасаң, жүректің кінәларінен арылсаң, сол кезде сенің сыртқы құлшылықтарың пайда береді. Сол кезде намазың өз жемісін береді, құлшылыгың өзінің жемісін береді, оразаң өзінің жемісін береді және басқа сыртқы күнәлардан арылғаның саған пайдасын тигізеді деді. Сол үшін де ішкі жан дүниесі мен сыртқы көрінісі бірдей болған, сыртымыз қалай таза болса, ішкі жан дүниеміз де, жүрегіміз де солай таза болған құлдардан болайық.

 

Алла Тағала Құран Кәрімде "Қиямет күні мал мүлк, бала-шаға пайда бермейді. Кім сау жүрекпен келсе, сол жүрек пайда береді" - деді.

 

Яғни ең бірінші жүрегіңізге көңіл бөліңіз. Жүрегіңіздің хәлін қараңыз. Жүрегім қандай хәлде? Жүрегімнін жағдайы қалай? Жүрегім қарайып кеткен жоқ па? Жүрегім қатайып кеткен жоқ па? Жүрегім жұмсақ па, жүрегімде мейірім бар ма? Жүрегімде жанашырлық бар ма? Адамдарға жаным ашыйды ма? Туысқандарымды жақсы көремін бе? Адамзатты жақсы көремін бе? Немесе жеке басымның қамын ғана ойлайтын біреуге айналдым ба? - деп жүрегіңізге көңіл бөліңіз, жүрегіңізді тазартыңыз, сол таза жүрек пен құлшылық жасаңыз. Сол кезде сіздің құлшылығыңыз пайдасын береді.

 

Алла Тағала баршамызды ішкі жан дүниесі таза болған және сыртқы құлшылықтарды орындаған, жүрегі мен-мендіктен, тәкаппарлықтан арылған және сонымен қатар сыртқы Алла Тағала тыйым салған күнәлардан арылған өзінің сүйікті құлдарынан етсін. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім нәсіп етсін. Білімдерімізге амал етуімізді және сол амалдарымыздың қабыл болуын нәсіп етсін.

 

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi