НЕКЕГЕ ЖЕҢІЛ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ
Мырзакент кенті
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 05:19
Мырзакент кенті
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Мырзакент кенті
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:53 05:19 12:35 17:37 19:45 21:11
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
25 Мухаррам 1446
Миләди
31 шілде 2024

Мақалалар

НЕКЕГЕ ЖЕҢІЛ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

| A | +

Ислам – ақылы жетіп жасы толған, мал-қаражаты көтеретін ер жігітті де, қыз баланы да шаңырақ көтеріп, отау құруға шақыратын дін. Ақ ниетті адал некемен жанұя құру ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздан  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немесе одан әрідегі Ибраһим бабамыздан ғана емес, адам атаулының ең алғашқысы Адам атамыздан бастау алған қасиетті үрдіс.

Бұл жазбамыз бүгінгі таңда отбасының қадірін білмей, болмашы себептерге бола ажырасуды ойлап жүрген немесе жасы толса да, ақ некемен үйленуге тиісті көңіл бөлмей  жүрген бауырларымызға арналады.

Негізінде, тек адамдардың емес, дүниедегі әрбір жаратылыстың жұп болып жаралуының сан алуан хикметтері мен сырлары қасиетті Құранның көптеген аяттарында ап-анық баян етілген: «Көкті, Жерді жаратушы; Ол сендердің өздеріңнен жұп жасады және хайуандарды да жұп-жұп қылды» («Аш-шура» сүресі, 11-аят). 

Сондай-ақ «Рум» сүресінің 21-аятында: «Оларға бойларың тұрақтап, көңілдерің байыз табуы үшін сендерге өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік салуы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар», - делінген.

Сондықтан болса керек, сүйікті Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанұялық тіршілікке ерекше көңіл бөлген және адал некелі жандармен ғана бірге өмір сүруге шақырған.

Осыған қатысты хадистерінің бірінде: «Неке – менің сүннетім, Кім менің сүннетіммен жүрмесе, ол менен емес. Үйленіңдер, өйткені мен өзге үмбеттер алдында сендердің көптіктеріңмен мақтанатын боламын. Кімнің мүмкіндігі болып жатса, үйленсін, ал жағдайы жоқтар ораза ұстасын. Себебі, ораза (нәпсі қалауларына қарсы) қалқан болады» деген. (Ибн Мәжа, 1). 

Бұл айтылғандар мұсылман атаулыға азаматтық неке немесе бейсауыт, жеңіл жүріс түрлері түбегейлі жат екенін көрсетеді. Кімде -кім Алла алдында адал неке қидыруға мән бермей, үйлену дегенді ер мен әйелдің бір үйде өмір сүруі деп түсінетін болса, ол өте қатты қателеседі. Некеге тұрған еркек пен әйелдің әрбірінің көксегені жұбының қасында отбасылық бақытқа қауышу және артында салиқалы ұрпақ қалдыру болса, ондай мекеннің қасиетті пейіш-жұмақтан несі кем? Міне, осыны жастарға Абай былайша өлеңдеткен:

                        Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,

                        Қоржаң суық келеді кей сасық ми.

                        Ері ақылды, қатыны мінезді боп,

                        Тату болса, райыс үстіндегі үй.

Үйленудің ең түпкі мән-мағынасына дәл мұсылман дініндегі секілді терең үңілетін ешбір қауым да, сенім де жоқ. Ислам дінінде ер адамның отбасылық шаруасын өз перзенттеріне тәлімгер болатын иманды жар таңдаудан бастауы, ақ некелері қиылған күннен бастап болашақ ұрпағының салмақты, салиқалы болуын тілеп дұға етуі, әйел кісінің де құрсағына бала көтеруден бұрын, жүктілік кезінде, босанар шақта, дүниеге перзент әкелгеннен соң бір қатар міндеттерге көңіл бөлуі - отбасын құру қаншалықты маңызды іс екенін білдіреді. Иә, отбасы дайындықсыз, мақсатсыз немесе тек қана нәпсі құмарлығын тарқату үшін негізсіз, тәртіпсіз құрыла салатын жеңіл жұмыс емес. Осы ретте әйгілі Қазыбек бидің мына бір сөзі хикмет пен даналыққа толы екендігі сөзсіз:

Туған балаң жақсы болса – Тән мен жанның шырағы емес пе?!
Мінген атың жақсы болса – Бұл дүниенің пырағы емес пе?!
Алған жарың жақсы болса – Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе?!

Үйленгеннен кейін ары қарай отбасын сақтау да үлкен бір өнер. Тәкаппарлық отбасын күйрететін нәрселердің бірі. Мейлі ол ер адамда болсын, мейлі әйел адамда. Отбасын күйретудің бірінші қадамы осы тәкаппарлықтан басталады. Күйеуінікі дұрыс деп әйел қоймаса, әйелімдікі жөн деп күйеу басылмаса, онда кикілжіңнің басы осындайдан туады деп анық айта аламыз. Тек менікі дұрыс деген түсініктен аулақ болу керек. Ал, егер солай кете беретін болса, мәселе ушығып, бір отбасы ойран болады.

Орынсыз қызғаныштың ажырасуға дейін апарып жатқаны байқалады. «Неге кеш келдің? Қайда болдың? Қайда барып келдің?» деген секілді орынсыз сұрақтар қойып, орынсыз қызғанатындар бар. Ер азамат өзінің әйелін қызғануы керек. Қызғанбаған еркекті хадисте айтылғандай дәйіс дейді. Дәйіс деп жұмақтың иісін де иіскемейтін адамды айтады. Бірақ, ол дегеніміз орынсыз төмпештей беру деген сөз емес. Оған дұрыс қарау керек.

Ерлі-зайыптылар үйленген күннен бастап ұрпақ қамына кіріседі. Сол күннен бастап әкенің беліндегі, ананың жатырындағы сәбидің тәрбиесі басталады. Сол кезден олар сөйлейтін, еститін сөзіне, ішіп-жейтін асына, аяғы басқан жерге, қолының ұстаған жеріне, жалпы әрбір іс-әрекетіне, мұқият мән бермесе болмайды. Себебі, ол кезең баланың алғашқы қалыптасу кезеңі болып табылады. Ертең ұрпағы ізгілерден болсын десе, еліне, жеріне пайдалы азамат болып өссін десе, өзіне өзі дұрыс қарау керек. Бұрынғы бойдақ кездегі жеңіл мінезді қою керек. Жауапкершілікті салмақты түрде сезіну қажет. Міне, сол кезде дұрыс отбасы қалыптасады.

Жаңа үйленген жас жұбайларға айтар кеңесіміз, адал некемен шаңырақ көтерген еркек пен әйел Алланың заңдарына бойұсынып, Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салып кеткен сара жолмен жүретін болса, олардың мына дүниедегі жанұясы да бақытқа, берекеге, тыныштыққа, жылылыққа толып тұрады.

Мына дүниенің арғы жағында мәңгілік өмірде де осы бақыт ұясы жалғасатын болады. Сондықтан неке тек мына дүние үшін ғана емес, мәңгілікке бір-ақ қиылады. Ендеше, некеге жеңіл қарауға болмайды, құрметті бауырлар!

 

Руслан Елемесов

«Байкен» мешітінің наиб имамы

 

 

АУДАРҒАН Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
САФАР АЙЫНЫҢ СЫРЫ Отбасы - өмір аясы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы Отбасы - өмір аясы
Отбасылық өмір адам баласының тығыз ара-қатынасының бір көрінісі. Тіпті, ең берік қарым-қатынас түрі десе де болады. Қарым-қатынастың бұл түрі белгілі тәртіп пен ережеге тәуелді. Асқан шеберлік, сүйіспеншілік және құрбандықты талап етеді. Шаңырақ астындағы талаптарға салғыртық - ерлі-зайыптардың ара...
Исламдағы отбасы Отбасы бақыт мекені
Тәрбиеші адам тек жақсы әсер ететін сөздерді ғана пайдалануы ләзім. Баланың жан дүниесін артқа тартатын сөздерді мүлде қолданбағаны дұрыс. Мысалы қарапайым ғана «Неге сабағыңды оқымайсың, оқы»,- деген сөздердің орынына, «кел, бірге оқимыз», «менің ботақаным ақылды, қазір сабағын оқып жібереді», - де...
Исламдағы отбасы Руслан ҚАМБАР: Жақсы әкенің шарапаты
Қазақтың әрбір сөзінде терең тәрбиелік пәлсапа бар. Жақсы әке – жаман балаға қырық жыл азық. Аталмыш нақыл сөздің түп тамыры шариғаттан бастау алады. Аталы сөз «Алла» деген адамның жақсылығы ұрпағына шарапат екенін көрсетіп тұр. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):...
Исламдағы отбасы Сүннетке сай бала тәрбиесі
Соңғы кездері әлеуметтік желіде баласын ұрып-соққан, ұл мен қыздың көз жасын көлдей етіп әкесінен айырған оқиғалар жиі жарияланып кетті. Көрудің өзі қорқынышты. Жүрегің ауырады. Бұл – бала психологиясына жасалған үлкен соққы. Қаншама адам Құдайдан перзент сұрап, дұға етуде. Ал Алланың берген нығметі...
Исламдағы отбасы Ұрпақ тәрбиесінде баланың жан дүниесімен санасу
Өмірдегі ең күрделі қиын іс – адам тәрбиесі. Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) еске алғанда ол кісінің патшалық қызметін, мемлекет құрып Медине қаласын көркейтіп дамытуынан бұрын, адамдардың жан дүниесін дөп басып ізгілікке тәрбиелеуі көбірек еске алынады. Расында да ғимаратта...
Исламдағы отбасы Дәулен ШАЙЗАТОВ: Бала тәрбиесі
Асыл дінімізде бала тәрбиесі жайында насихаттар көп айтылса, пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) өз дәуірінде сол насихаттарды іс жүзінде үлгісін көрсетті. Мысалы, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды алғаш көргенде, Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) о...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
25 Мухаррам 1446
Миләди
31 шілде 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 05:19

Бесінге дейін 01:14

Люди обязаны перед Аллахом совершить хадж к Дому*

Ва алейкум ассалам. Нет. Хадж это индивидуальное поклонение. Его можно совершить за себя или за одно

Администратор Azankz
27 мау. 2024

ДУМК пояснило перенос даты Курбан Айта с 17 на 16 июня

Вроде ДУМК всегда использовал астрономические вычисления, поэтому заранее всегда даты были известны.

Крафтер Кудабай
10 мау. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi