Ұрпақ тәрбиесінде баланың жан дүниесімен санасу
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:41
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

Ұрпақ тәрбиесінде баланың жан дүниесімен санасу

| A | +

Өмірдегі ең күрделі қиын іс – адам тәрбиесі. Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) еске алғанда ол кісінің патшалық қызметін, мемлекет құрып Медине қаласын көркейтіп дамытуынан бұрын, адамдардың жан дүниесін дөп басып ізгілікке тәрбиелеуі көбірек еске алынады. Расында да ғимараттар салу, технологияларды дамыту сияқты істердің бұл өмірде орны маңызды екені белгілі. Алайда, адамды тәрбиелеу бәрінен де қиын әрі нәзік іс. Сондықтан адам жаратылғалы бері ұрпақ тәрбиесі қай елде болмасын күн тәртібінен түскен емес. Тіпті күн өткен сайын ұрпақ тәрбиесінің маңызы артып бара жатқаны сезілуде.

 

Қазақ даласында ғасырлардан бері ұрпақ тәрбиесі қоғамда қайта көтерілмейтіндей деңгейде бір ізге қойылып келген. Алайда, мына жаһандану заманында көптеген ата-ана ұрпақтан құрмет көре алмай, сөздерін өткізе алмай дәрменсіз халге түсуде. Тіпті күн өткен сайын бұл келеңсіз жағдайлар көбейіп бара жатқандай көрінеді. Бұл олқылықтарды шешу үшін көптеген шаралар да жасалуда.  

Елімізде ұрпақ тәрбиесіне қатысты салихалы жар тандау, азан шақырып жақсы есім қою, ақиқасын сою, сүндеттеу, Құран үйрету және адал рызық-несібе жегізіп, ата-ананың да ізгі болуы ұрпақ тәрбиесінің негізі жолы екендігі туралы көптеген кітаптар мен мақалалар жазылуда. Осы аталған тәрбиенің негіздері ұрпақтың бойына сіңіп, амалынан көрініс табуы – берілген тәлімнің жемісі.

Егерде баланың бойында қандай да бір көңіл құлазытатын кемшілік болса, онда мына үш себептің біріне байланысты.

Бірінші: ата-ананың ұрпақ тәрбиесінде балаға немқұрайлық танытуы;

Екінші: ата-ана бала тәрбиесінде немқұрайлық танытпағанымен ақиқатты дөп баса алмай, баланың жан дүниесімен санасуда дұрыс шешім шығара алмауы. Бұл тәрбие жолы үлкен біліктілікті және нәзік ілімді талап етеді. Осы тәрбие тұсында көптеген ата-аналар кемшілік жіберуде.

Үшінші: немқұрайлық танытпай және ақиқатты дөп басып баланың жан дүниесімен санаса отырып, тәрбиелегенен кейін де бала орынсыз істерді жасаса, сонда ғана баланы кінәлі деп тапса болады. Бірақ тәрбиеге мән беріп және жан дүниесімен санаса отырып дұрыс шешім шығарған жағдайда баланың орынсыз іске баруы өте сирек кезігеді.

Бүгінгі қоғамда ұрпақ тәрбиесінде маңызы артып отырған осы үш тәрбие өзегін кеңірек түсіндіре кетейік.

Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойымызды жинақтап бір ауыз сөзбен ең маңызды тұсын айтар болсақ, баланы әрдайым көзден таса қылмау керек деп түйіндесек болады. Бүгінгі таңда көптеген ата-ана күнкөрістің қамымен ұрпақтың тәрбиесіне мән беруге шамалары келмеуде. Ата-ананың ұрпағы үшін таңның атысынан еңбек етіп, баласын жақсы киіндіріп, қарнын тойдырып, оқытып, үйлі-жайлы қылуы көңіл қуанарлық. Алайда, балаға сәби кезінен мейірімін төгіп әрдайым көз алдында таса қылмай тәрбие бермеуі басында білінбегенмен, есейе келе орны толмас олқылық екені көрінеді. Сәби кезінде ұрып немесе қорқытып жамандықтан тиғанымен, бала өскеннен кейін ата-анаға бағынуы қиын. Ұлымыз бен қызымыздың өз қалауынша киініп, қалағанындай жүріп-тұруы, ата-анасының разылығына қарамай түрлі жиындарға баруы сияқты өз білгені бойынша әрекет етуі баланың өзіне де және ата-анасы үшін де ауыр жағдайға душар етеді. Мемлекетіміздегі басты мәселелердің бірі қыздарымыздың тұрмысқа шықпай жүкті болуы, отбасылардың ажырасуы, суицид және баланың әке-шешесіне қиянат жасап жылатуы сынды қиындықтардың негізі бала кезінен көзден таса қылмай тәрбиеге мән бермеудің салдарынан туындайды.

Баланы тәрбиелеудің өзегі мейірім көрсетіп, жұмсақтық қылумен ғана жүзеге асады. Қатаңдық қылу арқылы балаға тәрбие беріп, ойлағанынды жүзеге асырғаныңмен баланың жан дүниесіндегі ізгілікті сүю, жақсылықты өз қалауымен жасау сынды қасиеттерін жою арқылы балаға зиян жеткізеді. Балаға сәби кезінен мейірімге тойып, ерекше көңіл бөлініп, жұсақтықпен тәрбиеленіп өссе, ер жеткен соң ойлау жүйесі дұрыс, әрі оң шешім шығара алатын, ешкімге ренжімейтін және қоршаған ортадағы келеңсіз жағдайларды көңіліне алмайтын рухы асқақ болып өмір сүреді. Сондықтан бала оянғаннан бастап, ең жақсы сөздермен: «балам, сен оянып едің үйдің іші нұрланып, жап жарық болып кетті ғой, бәріміз өте қуаныштымыз, тұра ғой ботақаным», – деген сияқты мейрімге толы сөздерді аямай айта беруіміз баланың жан дүниесін кеңейтіп, ерекше сезіммен өмір сүруіне жетелейді. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәби кезінен ерекше мейірімге бөленіп өсуі, пайғамбарлық кезінде дұшпандардың түрлі зияндықтарына мойымай оларға жұмсақтық танытып, жүздерін ізгілікке бет бұруына себеп болғанын ұстаздарымыз дәрістерінде айтады. Пайғамбарлық жолындағы жасалған қиянаттарға қарамай тек жақсылықпен мәміле қылуы бала кезден мейірімділікке тойып өсуінен. Атап айтқанда сүт анасы Халима апамыз сәби Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тамақ жеуді бастамай өз балаларына рұқсат етпейтін. Атасы Абумуталибтің ғана отыратын арнайы тағына тек пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басқа ешқандай бала отырмайтын болған. Ондай болса, бізде оқудан немесе сырттан ойнап келген баламызды аяғынды шеш, киімінді іл, шашпа деген сияқты сөздермен жекігеннің орнына: «ботақаным келді», «тамақты бірге ішейік деп сені тосып отырмыз», - деген қуанышты сезімдерімізді білдіретін ырғақтармен баланы көп қуантуға әрекет ете бергеніміз дұрыс.

Тәрбиеші адам тек жақсы әсер ететін сөздерді ғана пайдалануы ләзім. Баланың жан дүниесін артқа тартатын сөздерді мүлде қолданбағаны дұрыс. Мысалы қарапайым ғана «неге сабағыңды оқымайсың, оқы», - деген сөздердің орынына, «кел, бірге оқыймыз», «менің ботақаным ақылды, қазір сабағын оқып жібереді», - деген секілді балаға жеңіл, қуанып орындайтын сөздерді тауып қолданғаны дұрыс. Себебі балаға «істе», - деп екінші жақпен айтылған сөздер ақырындап жан дүниесіне теріс әсер ете береді.

Баланың сабағына көмектесу барысында да ұрысуға, дөрекілік көрсетуге болмайды. Ұрысып, жекіп баланың сабағын жақсы орындатқанмен  оның жан дүниесінің бүлінуіне себеп болады. Содан бала оқуда жақсы көрсеткіш көрсеткенімен мінез-құлықта өкпелегіш, ренжігіш сияқты өмір сүруіне кедергі тигізетін жаман әдеттер қалыптасады. Осындай қарапайым кемшіліктер жинала келе көңіл құлазытатын орынсыз іс жасайтын ұрпақты қалыптастырады.

Бала тәрбиесінде өз қалағанымыздай емес, баланың жан дүниесін ізгілікке жетелейтіндей әрекет ету қажет. Ол үшін әрбір сөз баланың жан дүниесіне оң, не теріс әсер етіп жатқанын сезіну міндет. Балаға көңіл бөлмеген сайын оның жан дүниесіне біртіндеп дерт жинала бастайды. Күннің көп бөлігін жұмыста өткізетін ата-ана ең болмағанда үйіне кіргенде баласын бауырына қысып құшақтап: «ботақаным! күні бойы сені ойлап сағынып жүрдім ғой», - деуі тәрізді мейірімге толы бір ауыз жылы сөзі баланың жан дүниесіндегі қаншама ауруға ем болар еді. Осы жұмсақ сөзі арқылы балаға бөле алмаған көңілінің орнынын аз да болса толтырары анық.

Көптеген ата-аналар балаларына тәрбие беру барысында немесе сабақ үйрету уақытында балаларынан агрессиялық мінез көрсететінін айтып шағымданады. Әлбетте бұл баланың қателігі емес. Баланың бойындағы бұл мінез оған жасалған қарым-қатынастағы біртіндеп жиналған теріс мәміленің жиынтығы. Бұл жағдайдан шығу үшін де ата-ана жұмсақтық танытып, мейіріммен мәміле жасай отырып, әрдайым дұрыс шешім шығара білуі ләзім.

Баланың бойындағы әрбір кемшілік ата-ананың баламен болған қарым-қатынасында әрбір сөзімен шығарған шешімі өз орнымен дөп басып орындалмауына байланысты. Тіпті ол шешім біз елей бермейтін қарапайым істер арқылы да баланың жан дүниесіне әсер етіп жатады. Мысалы, бала бір нәрсені әперуді өтінсе немесе бір жерге сұранса, сол мезеттегі ата-ананың шешімі дұрыс болса оның жан дүниесін ізгілікке, ал дұрыс болмаса теріс жаққа қалыптасып жатқаны сөзсіз.                 

Аса мән беретін жәйт, баланың бойына біртіндеп қалыптасқан әдеттер көрініс тауып жатқан жағдайда, ата-ана оны ескерткенімен бірден түзеле қоймасы заңдылық. Тәрбие сол уақытта тыңдалмағанымен ретімен әрекет жасау арқылы уақыт өте келе баланың түзелетінін басты назарға алғанымыз жөн.

Көптеген ата-аналар балаларының көңіліне қарап мән беруде. Көңіл күйі түспес үшін қалағанын орындауға бар күштерін салуда. Сол арқылы көңіл қалауларын орындауға мән беріп, керісінше тәрбие жағына көңіл бөлінбей жатқандай көрінеді. Балаға деген сүйіспеншілік пен мейірім өз жөнімен болмаса, ата-анасын ренжітетін, бағынбайтын ұрпақтар көбейе түседі.

Баланы тәрбиелеуде жан дүниесіне әсер ететін салмақты сөздерді қолдана білу жетістіктің ең үлкені. Бабаларымыз балаларын еркелеткенің өзінде жаным, күнім деген сөздердің орнына, «Құдайдың бере салғаны, Алланың бергені», - деген сияқты сөздерді қолданып отырған. Сонымен қатар баланы қолына алып көтеріп, еркелеткен сөздерінде де: «Алла Тағала сені шүкір етсін деп берген ғой», «Аллаға мың шүкір», - деген сияқты жақсы көргенін сездіре отырып, Жаратушысын еске алып сөйлеу баланың жан дүниесіне әсері өте үлкен. Әр сөзінде Алланы еске алған сайын Алла Тағала да оның ісіне жәрдемші болады. Сондай-ақ баласына «үлкен ғалымым, ақылдым, әдептім» деген сияқты жан дүниесін алдыға жетелейтін салмақты сөздерді бойына сіңіре беруі үлкен даналық. Ата-ананың балаға айтылған әр бір сөзі болашағына әсер ететін дұғасы.   

Адамның кемел өмір сүруіне толықтай әсер ететін үлкен негіз сәби кезінде баламен ойнауы. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «онымен жеті жасқа дейін ойна...», - деп орны үлкен өсиет айтқан. Хадистегі баламен ойнаудағы мақсат жан дүниесіне ізгілікті сіңіру. Баламен жүйелі ойнау арқылы тәрбиелеу оның өмірінің және тәрбиелі болуының ең көп бөлігін құрайды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) балаларды арқасына міңгізіп ат болып ойнатуы, қолынан жетектесе көңілін қимай сонынан еріп кете беруі, оларды жарыстыруы тіпті намаздың үстінде ойнасада ойындарын бөлмеуі сынды әрекеттері үмбеттері үшін үлкен өнеге. Бүгінгі таңда куә болып жүргеніміздей балаларымен көбінесе аналары ойнайды. Әке де күніне бірнеше минутын арнап, әр түрлі ойындарды жоспарлап жүйелі түрде баламен ойнауы тәрбие үшін ауадай қажет болған үлкен міндет. Ал, анасы тарапынан көбірек уақыт бөлуі тіпті маңыздырақ. Ойыншықтары көп болып өз бетінше ойнау немесе балабақшаға беру арқылы мәселені шешу болашақта өкіндіретін іс әрекеттерден. Ең негізгі баланың жан дүниесі қалыптасатын уақытта оған көбірек көңіл бөлуі жер бетіндегі істердің маңыздысы. Бұл үшін зәулім үйде тұру немесе көп ойыншық әперетін жағдайлы болу шарт емес. Саналы адам кез келген нәрсені ойыншық қылып баланың санасын дамыта алады.

Жоғарыдағы айтылған баланың жан дүниесіне үңіле отырып тәрбие беруді бүгінгі психологияда құптайды. Сонымен қатар дініміздің негізгі бұйрықтарынан болып есептеледі.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең үлкен жетістігі аз уақыт ішінде өзі өмір сүрген қоғамдағы әрбір адамның жан дүниесіне әсер ете отырып ізгілікке үлгі болатындай тұлға етіп тәрбиелеуі. Тәрбиенің негізі – жұмсақтық, мейірімділік және ең маңыздысы жан дүниесіне дұрыс әсер етіндей тәрбиенің кілтін дәл таба білуі. Пайғамбарымызбен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезіккен әрбір адам мені ең жақсы көреді деген сезімге бөленетін. Анас (Алла разы болсын): «Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен істеген әлдебір істі неге бұлай істедің немесе бұйырған ісімді неге істемедің», - деп сұраған емес», - деген. Сонымен қатар, пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезіккен адаммен бірінші болып сәлем беретін және әр дайым күлімдеп жылы қабақ танытыны тәрізді асыл қасиеттерін таусып бітіру мүмкін емес.

Кейде қателескен адамның сөзін немесе іс-әрекетін түзеуге тырысып жатады. Ал пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірінші жан дүниесін түзеуге тырысқан. Жан дүниесі түзелген адамнан ғана дұрыс әрекеттермен көркем сөз шығатыны анық. Ал жан дүние тек жылулық, мейірімділік арқылы ғана түзеледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұмсақтықпен әр түрлі тәсілдер арқылы жан дүниесін байытып, сол арқылы ізгілікті қабылдауға дайын дәрежеге жеткізіп, сондан кейін дұрыс шешімін дөп басып керек насихатты айта білді. Осы тәсілдер арқылы әлемге қиямет күніне дейін ұстаз болатын асыл жұлдыздарды тәрбиелеп шықты.

Алланың берген ұлы нығметі әрі пенделеріне деген үлкен сүйіспеншілігі кіршіксіз тәрбиені нұсқауы. Қас қағым сәтте өте шығатын саналы өмірде әрбір адам пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үлгі алып өмірде үлкен біліктілік танытып, Алланың берген аманаты болған ұрпақтарымызды дұрыс тәрбиелеп, аяулы өмір сүруімізді нәсіп етсін.      

 

Серікхан Ахмадиев,

Алматы қалалық «Аманқұла ата» мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #34 Әйелдердің ер кісіге еліктеуінің үкімі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы Дәулен ШАЙЗАТОВ: Бала тәрбиесі
Асыл дінімізде бала тәрбиесі жайында насихаттар көп айтылса, пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) өз дәуірінде сол насихаттарды іс жүзінде үлгісін көрсетті. Мысалы, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды алғаш көргенде, Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) о...
Исламдағы отбасы Ақ сақалды әкеңді, ақ жаулықты анаңды жылатпа!
Әке мен ана – өміріміздің мәні де сәні осы жандар. Әрқайсысының орны ерекше құрметті. Алайда, бізді өмірге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, өз махаббатын сыйлап, қорғаштап өсірген, әр жетістігіне қуанып, қандай жағдай болмасын «менің балам алтын» деп, демеу берген ата-ананы етегі т...
Исламдағы отбасы Ұлы тұлғалардың ұрпағына насихаты
Жақсы тәрбиенің нәрімен сусындап өскен ұл-қыз – ата-анасының мерейі.
Исламдағы отбасы Баланың қарилыққа қадамы басталатын орталық
Бір күні құрбым әңгіме арасында Алматыдағы Байкен мешітінде балаларға Құран үйрететін орталық барын айтты. Шыны керек, елең ете қалдым. Бұрын-соңды естімеген едім. Іштей қуанып, орталық туралы сұрай бастадым. Құрбым азды-көпті ақпарат берді де, Instagram желісіндегі парақшаны көрсеттім. Жазбаларын қ...
Исламдағы отбасы А.ТІЛЕУБЕРДИЕВ: «Қызым – үйде, қылығы – түзде...»
Қазақ халқы қыз тәрбиесіне аса мән берген. «Қызым – үйде, қылығы – түзде» деген тәлімді тұжырым айтқан бабаларымыз болашақ ананың жүріс-тұрысына, әдебі мен қылығына, тәрбиесіне көңіл бөлген. Өйткені, «қыз қылығымен сүйкімді» деп түсінген....
Исламдағы отбасы Адал ас және арлы ұрпақ
Алла Тағала жердің асты мен үстінде сансыз нығметтерді жаратып, адам баласының игілігіне тарту еткен. Адамзат Хақ Тағала тарту еткен нығметтерді игілігіне жарату барысында бұлардың мүбаһ болуына мән беруі қажет. Алла тыйым салмаған нығмет халал болып табылады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:41

Екінтіге дейін 01:56

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi