Берекелі Бараат түні
Миялы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 13:36
Миялы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Миялы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:28 05:28 13:36 19:04 21:34 23:29
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Мухаррам, 1446
Миләди
07 шілде 2024

Мақалалар

Берекелі Бараат түні

| A | +

Бараат – күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Биыл Бараат түні біздің елде 8 сәуірден 9 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп тұр.

 

Бараат түні жайында Айша анамыз (одан Алла разы болсын) былай айтқан. «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл түннің не түн екенін білесің бе?» – деп сұрады. Мен: «Алла және Оның елшісі жақсы біледі», – деп жауап бердім. Сонда ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл – Шағбан айының он бесінші түні. Алла Тағала бұл түні құлдарына мейіріммен қарайды, кешірім іздеушілерге кешірім береді, кешірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Бірақ жүрегінде ашу-ызасы бар кісілерді мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да», – деді (Бәйһақи).

 

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Айша анамызға: «Бұл түнде не болатынын білесің бе?» – деді. Айша анамыз (одан Алла разы болсын): «Уа, Алла елшісі! Бұл түнде не болады?» – деді. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда адам балаларының осы жылда туылатыны және осы жылы дүниеден өтетіндері жазылады. Онда олардың амалдары (Алланың құзырына) көтеріліп, ризықтары (пенделеріне) түседі (белгіленеді)», – деді («Мишкат әл-Мәсабих», 115).

 

Иә, бұл түнде Алла Тағала кейбір адамдарды бақытқа кенелтіп, кейбіреуін мейірімінен ұзақтатады, біреудің дәрежесін көтеріп, біреудікін түсіреді, біреуін сыйлыққа жетелейді, тағы біреуін одан құр қалдырады.

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түнді ұйықтамай құлшылықпен өткізген адам міндетті түрде жәннатқа кіреді. Олар – Тәруия, Арапа, Құрбан айт, Ораза айт және Шағбанның он бесінші түндері», – деген («Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб», 2/98).

 

Бұл түндерді құлшылықпен ояу өткізу – мұстахаб. Сондықтан мұндай істерді жалғыз өткізген жақсырақ. Фиқһ ғалымдары қасиетті түндерде, мысалы Бараат түнінде мешітке жиналуды мәкруһ санаған. Хасан ибн Аммар Шурунбуләли (оны Алла рахмет етсін) бұл туралы: «Жоғарыда айтылған және басқа да қасиетті түндерді арнайы ғибадатпен өткізу мақсатында мешітке жиналу – мәкруһ. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да, сахабалар да олай істемеген», – деп айтқан («Хашият ат-Тахтауи», 326).

 

Сахабалар, табиғиндер және одан кейінгі ғасырда өткен ғалымдар бұл түнді ұлықтаған және оған ерекше дайындық көрген.  Бараат түнінің берекесіне қол жеткізу үшін ғалымдар төмендегі істерге мән беруді айтқан:

 

  1. Құптан мен таң намазын жамағат болып оқу.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл түні көктердің есіктері ашылады, періштелер мұсылмандарға сүйінші айтады, ғибадатқа шақырады. Бараат түнінде көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе, Қияметте өкінесіңдер», – делінген (Нәсаи). Ең алдымен біз парыз намаздарды оқу, сосын сүннет және мұстахаб ғибадаттарды орындау арқылы Құдайдың осы бұйрығына құлақ түргеніміз жөн.

 

  1. Құлшылық етуге шамасы келмесе, жоқ дегенде күнә істерден арылу.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл түні мұсылман туысымен байланысын үзгендер, өзін жоғары санағандар және ата-анасына қарсы шыққандар кешірілмейді», – деген (Бәйһақи).

Ана-ананы құрметтеу, туыстармен хабарласып, хал-жағдай сұрасу, аурулардың көңілін сұрау, бала-шағаға өнеге болу арқылы да күнәлар кешірілуі мүмкін. Сондай-ақ, біз кез-келген қастандықтан, арамдықтан, ашудан, мақтаншақтық пен өркөкіректіктен бас тартуымыз қажет. Әйтпесе, Алла Тағала бізді тазарудан алыстатады.

 

  1. Тәубе ету және истиғфар айтуға көңіл бөліп, түрлі бидғаттардан сақтану.

Бұл түні мұсылман адам жыл бойы істеген істерін, өз өмірін бір ойлап көру керек. Егер өзінің іс-әрекеттерінде бір кемшілік бар екенін байқаса, Құдайдан кешірім сұрап, оны тез түзетуге тырысуы керек. Егер біреуді ренжіткен немесе біреуден араз болса, бір-бірінен кешірім сұрап, бауырлар секілді достасу керек. Егер біреуден қарыз алып, себепсіз қайтармай жүрген болса, дереу қарызын қайтару жолдарын қарастыру керек. Қайтсе де, Жаратқан Иемізге тәубе етіп, тура жолға түсуіміз қажет.

 

  1. Өзі және мұсылман үмметі үшін қайырлы дұғалар жасау.

Дұға – ғибадаттың мәйіегі. Алла Тағала пендесіне әрдайым дұға жасауды бұйырады. Осы түні дұғалардың қабыл болуы әбден мүмкін. Ендеше, әрбір мұсылман бұл түнді бағалай білуі керек. Бұл түні мүміннің жүрегінде өзге адамдарға деген ашу-ызасы болмауы қажет, өзгелерді кешіріп, оларға жақсылық тілеуі тиіс.

 

  1. Шамасына қарай зікір айту, нәпіл намаз оқу, Құран тиләуат ету.

Бұл түнді зікірге арнаған өте жақсы. Әсіресе, Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту. Таһажуд немесе басқа да нәпіл намаздарды оқу құпталады. Нәпіл намаз жамағатпен оқылмайды, әркім өзі жеке оқиды. Ал Құран оқу – осы түні атқарылар пайдалы құлшылықтың түріне жатады.

 

  1. Мүмкіндік болса, Шағбан айының он бесінші күні ораза тұту.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді» (Ибн Мажә). Бұл күні ораза тұту – мұстахаб. Ораза ұстамаған адам күнәһар болмайды.

 

Бұл қасиетті түнде орындаған барша құлшылықтарымызды, дұға – тілектерімізді Алла қабыл еткей. Барша күнәмізден тазартып, Рамазан айына аман-есен жеткізгей! Әмин!

 

Хасан АМАНҚҰЛ,

Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Предыдущий Следующий
Ғылымбек Мәжиев: «Жaқcы имaм – мұcылмaн үмме­тiнiң ұcтaзы» Алтын Орда дәуіріндегі Ислам дінінің дамуы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Шарапаты мол шағбан
Міне, қасиетті Шағбан айы туды. Пайғамбарымыз мұндай кезде (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жаратқан Ием, Ережеп пен Шағбан айларында береке бер. Рамазан айына аман жеткізе гөр», - деп дұға қылатын еді....
Ислам күнтізбесі Миғраж мұғжизасы
Бүгін – Миғраж түні. Осыдан 1400 жыл бұрын, яғни 621 жылы Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні Ислам тарихында ғажап бір оқиға болып өткен. Ол Миғраж оқиғасы болатын....
Ислам күнтізбесі Бас имам алматылықтарды наурыз мерекесімен құттықтады
Құрметті алматылықтар, қадірлі бауырлар! Баршаңызды еліміз бен мұқым түркі жұртының сан ғасырлар бойы тойлатып келген, тоңның жібіп, жердің бусанып, күзде кеткен жыл құсымен жадыраған көктемде қайта оралған, күн мен түннің теңеліп, адамдар мен төрт түліктің қыстан аман шыққанына Тәңір Тағалаға шүкір...
Ислам күнтізбесі Ережеп айы несімен қасиетті?
«Айлардың бәрінде зұлымдық етуге болмайды. Соның арасында төрт айды ерекше атап өтіп отыр және оларды «харам» айлары, яғни, «тыйым салынған» айлар етті. Осы айлардағы жасалған күнәлар (басқа айларға қарағанда) үлкенірек. Ал, жасалған игі істер мен сауаптардың дәрежесі (өзге айлардан қарағанда) ұлығы...
Ислам күнтізбесі Ережеп – береке мен бейбітшілік айы
Құрметті бауырлар! Баршаңызды қасиетті Ережеп айының келуімен құттықтаймын! Алла Тағала қасиетті айда жасаған құлшылық-дұғаларымызды қабыл еткей! Құран Кәрімде: «Алла Қағбаны – қасиетті үйді адамдарға тірек етті, сондай-ақ қасиетті (харам) айды, құрбандыққа әкеле жатқан және алқа тағылған құрбандық ...
Ислам күнтізбесі 2020 жылдың діни күндер кестесі бекітілді
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Алайда, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Мухаррам, 1446
Миләди
07 шілде 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 13:36

Екінтіге дейін 01:39

Люди обязаны перед Аллахом совершить хадж к Дому*

Ва алейкум ассалам. Нет. Хадж это индивидуальное поклонение. Его можно совершить за себя или за одно

Администратор Azankz
27 мау. 2024

ДУМК пояснило перенос даты Курбан Айта с 17 на 16 июня

Вроде ДУМК всегда использовал астрономические вычисления, поэтому заранее всегда даты были известны.

Крафтер Кудабай
10 мау. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi