Ережеп – береке мен бейбітшілік айы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Ережеп – береке мен бейбітшілік айы

| A | +

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

Құрметті бауырлар!

Баршаңызды қасиетті Ережеп айының келуімен құттықтаймын! Алла Тағала қасиетті айда жасаған құлшылық-дұғаларымызды қабыл еткей!

Құран Кәрімде: «Алла Қағбаны – қасиетті үйді адамдарға тірек етті, сондай-ақ қасиетті (харам) айды, құрбандыққа әкеле жатқан және алқа тағылған құрбандық малдарды да (құлшылық етуге негіз етті)», – делінген («Маида» сүресі, 97-аят).

Ражаб (Ережеп) айы – Алла Тағаланың соғысуға, қан төгуге тыйым салған (Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам, Ражаб) айларының бірі.

«Ражаб» сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді. Араб халқы Исламнан бұрын да бұл айды ерекше ұлықтап, қадірлеп, жаман іс-әрекеттерді тоқтатуға тырысқан. Тіпті бұл айда жылдап жалғасып келе жатқан соғыстар, араздықтар тоқтаған.

Кейбір деректерде жер жүзін су басқанда Нұх пайғамбар кемеге Ережеп айының бірінші күні мінген, Мұхаммед пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең алғашқы уахи Ережеп айында түскен, осы айда Исра және Миғраж оқиғасы болған деген мәліметтер айтылады.

Тағы бір деректе «Ережеп – ол суы сүттен ақ, балдан тәтті және мұздан салқын бір жұмақ өзенінің аты және бұл мөлдір бұлақтан тек осы айда ораза ұстағандар ғана ішеді» делінген.

Ережеп – берекелі әрі ұлық ай. Ондағы аз ғана ізгі іске көптеген сауаптар беріледі, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, Жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген (Ибн Асакир).

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ережеп айында ораза тұтқан. Сахабалар Ережеп айы басталғанда пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза тұтқанын көріп, енді ауыз ашпаса керек, ал аузы ашық жүргенде, ораза тұтпаса керек деп ойлаған.

Дегенмен, Ережеп айында ораза тұту, тұтпау – әркімнің өз еркі. Ораза тұтқан адамның оны айтып мақтануы, ораза тұтпаған адамды жазғыру дұрыс емес.

Мужибә әл-Бахилия әкесі немесе ағасынан риуаят етеді: «Ол (әкесі немесе ағасы) Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алдына барған. Сосын бір жыл өткеннен кейін жағдай-күйі өзгерген хәлде қайтып келеді де:

–       Уа, Аланың елшісі! Мені танып тұрсыз ба? – дейді.

–       Әбден жүдеп кетіпсің ғой. Бұрын жап-жақсы болатынсың, – дейді Алланың елшісі.

–       Сізден кеткен соң түнде ғана тамақ жедім (ораза тұттым), – дейді әлгі адам.

–       Өзіңді неге қинадың? Сабр (Рамазан) айында толық ораза ұста, ал қалған айларда бір күннен тұт, – деп бұйырады оған пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын).

–       Тағы қосыңыз, оған менің күшім жетеді, – дейді ол.

–       Олай болса, екі күннен ұста, – дейді Алла елшісі.

–       Тағы біраз қосыңыз, – деді ол.

–       Үш күннен ораза ұста, – дейді Пайғамбар.

–       Тағы біраз қосыңыз, – дейді әлгі адам.

–       Қасиетті (харам) айларда ораза ұста, сосын тоқтат, қасиетті (харам) айларда ораза ұста, сосын тоқтат, қасиетті (харам) айларда ораза ұста, сосын тоқтат, – деп саусақтарын бүгіп-ашып көрсетеді Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)» (Әбу Дәуіт, Ахмад және Нәсаи).

Ислам діні келместен бұрын Ережеп айында құрбан шалу рәсімі бар еді. Ислам келіп, оның үкімін жойды. Бір адам пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Біз жаһилиятта (надандық дәуірде) Ережеп айында (осы айдың құрметіне) құрбан шалатын едік. Енді бізге не бұйырасыз?» – деді. Пайғамбарымыз: «Алланың жолында қайсы айда болса да құрбандықтарыңды шала беріңдер. Алла үшін жақсылық жасаңдар. Тамақтандырыңдар», – деді (Әбу Дәуіт, Нәсаи).

Шариғат бойынша Құрбан айт күні құрбан шалу – уәжіп, ал басқа уақыттарда ол нәпіл ғибадат болып есептеледі.

Ережеп айының алғашқы жұмасында Рағайып намазын оқу туралы келген хадисті көпшілік ғалымдар негізсіз деп айтқан. Дегенмен, Алла елшісі Ережеп айында көп истиғфар айтуға (кешірім тілеуге) үндеген. Ережеп айы басталғанда Алла елшісі: «Уа, Алла! Ережеп және Шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!» – деп дұға еткен (Бәйһақи, Табарани).

Ғалымдардың бірі: «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбан айында суарылмаса, Рамазан айында одан қандай егін күтуге болады», – деген екен. Сол себепті, бұл айды барынша пайдалы өткізіп, ғибадат жасап, дұға етіп, араздасқандар бір-бірімен жарасып, татуласу керек.

Хақ Тағала баршамызға Ережеп айының игілігі мен берекесін нәсіп етсін!

«Мұнара» газеті, №4, 2020 жыл

Предыдущий Следующий
Аборт жасату күнә ма? С.АХМАДИЕВ. Құран жаттаудың сырлары

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі 2020 жылдың діни күндер кестесі бекітілді
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Алайда, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін....
Ислам күнтізбесі ЖҰМА МІНБЕРІ: Салиқалы әйелдің сипаты
Жаратылыс тұрғысынан әйел мен еркек тең емес, әрқайсысы өзіне тән қасиеттермен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Алла Тағала еркек-әйел етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел яки еркек етіп жаратар еді....
Ислам күнтізбесі Бас мүфти: Мәуліт мүбәрак болғай!
Құрметті бауырлар! Ардақты ағайын! Осы күндерде жер-жердегі мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға салауат айтылып, дұға жасалуда. Ал мәдениет үйлерінде Алла Елшісінің өнегелі өмірін насихаттайтын рухани кештер өтуде....
Ислам күнтізбесі Екі дүние сардары
Хәкім Абай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», - демекші пенде Жаратушысын шексіз жақсы көруі тиіс. Ал, сол Алла Тағалаға деген махаббаттың баспалдағы пайғамбарға ﷺ деген сүйіспеншіліктен бастау алады. ...
Ислам күнтізбесі Мәртебелі мәуліт айы құтты болсын!
Кеше сейсенбі. Милади 2019 жылдың 29 қазаны. Ал һижри 1441 жылдың рабиғул әууал айының 1-і. Мұсылманша аталатын Рабиғул әууал айының 11-нен 12-не қараған, яғни қарашаның 8-нен 9-на қараған түні хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың дүниеге келген күні. Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бе...
Ислам күнтізбесі Дін атынан сөйлеудің жауапкершілігі
Дін атынан сөйлеудің жауапкершілігі жайлы жазардан бұрын, алдымен ислам дінінің білімге және ілімді көтеріп жүруші ғалым-ғұламаларға қаншалықты мән бергенін ұғынуымыз қажет....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi