Миғраж мұғжизасы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:24
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Миғраж мұғжизасы

| A | +

Бүгін – Миғраж түні. Осыдан 1400 жыл бұрын, яғни 621 жылы Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні Ислам тарихында ғажап бір оқиға болып өткен. Ол Миғраж оқиғасы болатын.

 

Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, ғайып әлемін аралаған, Ұлы Жаратушымен қауышып, тілдескен. Бұл жерде исра мұғжизасын да айта кету керек. «Исра» сөзі мағыналық жағынан «түнделетіп жол жүру» дегенді білдіреді. Алла Тағала сүйікті құлын (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түннің бір мезгілінде Меккедегі Харам мешітінен Құдыстағы Ақса мешітіне көзді ашып-жұмғанша апарып, қайта алып келген.

 

Осы түнде періште Жәбірейіл (періште) Пайғам­барымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Мұхаммед,  Алла Тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп етпек. Сені құзырына шақырып жатыр», – дейді. Осыдан кейін Жәбірейіл (періште) оны Харам мешітінен Ақса мешітіне бір сәтте алып келеді. Бұл туралы Құранда: «Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз, пәк. Ол шәк-шүбәсіз бәрін естуші, бәрін де көруші», – делінген («Исра» сүресі, 1-аят).

 

Ақса мешіті де мұсылмандар үшін қасиетті саналады. Ол Мұса, Иса және екеуі арасында өткен барлық пайғамбарлардың қыбыласы болған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да Меккедегі Харам мешіті қыбыла болғанға дейін сол Ақса мешітіне қарап намаз оқыған.

 

Ал «миғраж» биікке көтерілу, жоғарылау деген мағынаға саяды. Дініміз тұрғысынан Пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түннің бір уақытында Ақса мешітінен аспандағы Сидратул-мүнтахаға көтерілгенін айтамыз. Бұл жайында Құранда: «Сол сәтте Сидраны (болмыстың ең шетіндегі жаратылыс ағашын) қапсырған (Алланың рақымы) оны одан сайын қапсыра түсті. Алла елшісінің көзі асып-саспады һәм басқа жаққа таймады (көргенін анық көрді), сондай-ақ, көру шегінен де ары аспады (яғни, елес көрмеді)», – деп баяндалған («Нәжім» сүресі, 16-17 аяттар).

 

Исра оқиғасы түс те, рухани серуен де емес. Ол пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өңінде денесімен, әрі рухымен жасалған сапар. Имам Тахауи Ақида мәтінінде былай дейді: «Миғраж оқиғасы – ақиқат. (Ол түні) Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) исра жасады. Ояу халде денесімен дүние аспанына көтерілді, одан ары Алла қалаған биіктікке көтерілді. Алла қалаған кереметтермен құрметтелді. Алла сол сәтте оған уахи берді. «(Пайғамбар) Көрген нәрселері жайлы еш өтірік айтпады» («Нәжім» сүресі, 11-аят).

 

Бұл мұғжиза (ғажайып оқиға) Құранмен де, сахих хадистермен де дәлелденген. Осы бір құтты оқиғадан кейін Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көргендерін жұртқа жеткізгенде оған жүрегіне иман нұры орныққан жандар иман келтірді».

 

Мұғжиза – Алланың құдіретімен жүзеге асатын, адам­дар­дан тек пайғамбарларға ғана тән, таң­ға­жайып құбылыс. Алла Тағала Адам, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Жүніс, Иса және Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарларды Миғраж мұғжизасымен сыйлаған. Соның ішінде біздің пайғам­бары­мыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) миғражы ерек­ше өткен.

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапарының жалғасында Ғарышқа өтіп, Алла Тағаламен тілдескен.

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Миғраж түнінде көзіне жас алып, өзіне ілескен барлық мұсылмандар үшін көп дұға-тілектер жасады, оларды ғафу етуді сұрады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Құдайым, мені миғраж мұғжизасымен нығметтендірдің. Үмметіме де осындай бір нығмет сұраймын», – деді. Хақ Тағала: «Намаз – мүміндердің миғражы», – деп Мұхаммедті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы хабармен қуантты.

 

Миғраж түнінде пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үш сый жасалды. Біріншісі, «Бақара» сүресінің соңғы екі аяты уахи етілді. Екіншісі, Қиямет күні Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметін шапағат ету шарапаты берілді. Үшіншісі, бес уақыт намаз парыз етілді.

 

Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың құдіретіне белгі болатындай көп мұғжизаларды көру нәсіп етті. Ең ұлысы Алла Тағаланың кемел дидарын көру болды. Бұл ешбір пайғамбарға нәсіп етпеген ең ұлы керемет еді. Сол үшін пайғамбарымызға берілген есепсіз мұғжизалардың ең үлкендерінің бірі – Миғраж мұғжизасы. Өйткені, ол ең төменгі әлемдегі тозақты, ең жоғарғы әлемдегі пейішті өз көзімен көріп, тамашалады. Иә, шегі шексіз әлемді аралап шығу, көптеген оқиғаларды басынан өткізу түннің бір бөлігінде ғана болып өтті.

 

Миғраж түні мен онда болып өткен ғажайып оқиғалардың берекетімен Алла Тағала иманымызды баянды етсін. Қасиетті айлар мен күндерде Жаратқан Иеміз күнәларымызды кешіп, екі дүниенің бақытын берсін. Қиямет күні Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты баршамызға нәсіп болсын. Мейірбан Алла Тағала Ережеп пен Шағбан айларында дүние және дін істерімізге береке беріп, Рамазан айына аман-есен жеткізсін!

 

Хасан АМАНҚҰЛ,

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан Бас имам алматылықтарды наурыз мерекесімен құттықтады

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Бас имам алматылықтарды наурыз мерекесімен құттықтады
Құрметті алматылықтар, қадірлі бауырлар! Баршаңызды еліміз бен мұқым түркі жұртының сан ғасырлар бойы тойлатып келген, тоңның жібіп, жердің бусанып, күзде кеткен жыл құсымен жадыраған көктемде қайта оралған, күн мен түннің теңеліп, адамдар мен төрт түліктің қыстан аман шыққанына Тәңір Тағалаға шүкір...
Ислам күнтізбесі Ережеп айы несімен қасиетті?
«Айлардың бәрінде зұлымдық етуге болмайды. Соның арасында төрт айды ерекше атап өтіп отыр және оларды «харам» айлары, яғни, «тыйым салынған» айлар етті. Осы айлардағы жасалған күнәлар (басқа айларға қарағанда) үлкенірек. Ал, жасалған игі істер мен сауаптардың дәрежесі (өзге айлардан қарағанда) ұлығы...
Ислам күнтізбесі Ережеп – береке мен бейбітшілік айы
Құрметті бауырлар! Баршаңызды қасиетті Ережеп айының келуімен құттықтаймын! Алла Тағала қасиетті айда жасаған құлшылық-дұғаларымызды қабыл еткей! Құран Кәрімде: «Алла Қағбаны – қасиетті үйді адамдарға тірек етті, сондай-ақ қасиетті (харам) айды, құрбандыққа әкеле жатқан және алқа тағылған құрбандық ...
Ислам күнтізбесі 2020 жылдың діни күндер кестесі бекітілді
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Алайда, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін....
Ислам күнтізбесі ЖҰМА МІНБЕРІ: Салиқалы әйелдің сипаты
Жаратылыс тұрғысынан әйел мен еркек тең емес, әрқайсысы өзіне тән қасиеттермен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Алла Тағала еркек-әйел етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел яки еркек етіп жаратар еді....
Ислам күнтізбесі Бас мүфти: Мәуліт мүбәрак болғай!
Құрметті бауырлар! Ардақты ағайын! Осы күндерде жер-жердегі мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға салауат айтылып, дұға жасалуда. Ал мәдениет үйлерінде Алла Елшісінің өнегелі өмірін насихаттайтын рухани кештер өтуде....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:24

Құптанға дейін 00:16

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi