Бас имам: Алланың сөзін жүректерге жеткізіп, көңілдерді тербейміз
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:34
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

Бас имам: Алланың сөзін жүректерге жеткізіп, көңілдерді тербейміз

| A | +

Ассалаумағалайкүм, Еркінбек мырза! Жұма мүбарак болсын! Санаулы күндерден кейін жан-ділімізбен сағына күткен қасиетті Рамазан айына қауышамыз. Осы ұлық мерекенің қарсаңында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен VIII республикалық Құран жарысы өткелі жатыр екен. Биылғы Құран байқауы туралы айта кетсеңіз.

 

– Уаалейкүмассалам, рақмет! Әумин, бірге болсын. Иә, санаулы күндерден кейін біз Рамазан айымен қауышамыз. Алла Тағала бізді сол күндерге жеткізсін. Айтқандай-ақ, биыл ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бастамасымен Құранды мәнерлеп және жатқа оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауы Алматы қаласында өтуде. Негізінен, біз, бұл жарысты екі ай алдын арнайы ереже-талаптарымен хабарлап, Хақтың сөзін жанына дос тұтқан қариларымызды Құран байқауына қатысуға шақырдық. Сөйтіп, еліміздің әр аймағында іріктеу сайыстары ұйымдастырылды. Үстіміздегі айдың 19-сәуіріне дейін Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда өткен іріктеу сайыстарында 558 қари қатысып, одан 69 қари жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып республикалық байқауға жолдама алды. Енді қариларымыз бүгіннен бастап, яғни сәуірдің 26-27 күндері Алматы қаласы Орталық мешітінде Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу сынды 4 номинация бойынша өзара бақ сынайды. Додалы жарыстың нәтижесін 28 сәуір күні сағат 10:00-де Алатау дәстүрлі өнер тетарында өтетін салтанатты марапаттау кешінде мәлімделетін болады. Жарыс жүлделері де қомақты. Осы ретте Алланың жердегі үйі – мешіт пен Алланың сөзі – Құранға жанашыр кәсіпкер азаматтарға, жергілікті билікке, басқа мекемелерге үлкен алғыс білдіреміз. Ал, қариларымыздың баршасына тек сәттілік тілейміз. Жарысымыздың мақсаты – жүлделі болу емес, Алланың сөзін жүректерге жеткізіп, көңілдерді тербеу болмақ.

 

– Тәуелсіздік жылдарында ең алғаш рет 2000 жылы 1 ақпанда Алматы қаласы М.Әуезов атындағы қазақ драма театрында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен І республикалық жарыс өткені баршамызға мәлім. Сол жарыста сіздің «Құранның 30 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алғаныңызды да білеміз. Содан бәрі республикалық Құран байқаулары қалай өтіп келе жатыр. Яғни, тәуелсіздік жылдарында ұйымдастырылған республикалық Құран байқауларына тоқталсаңыз.

 

– Иә, тәуелсіздік жылдарында республикалық Құран жарысы 2000 жылдан бастап ұйымдастырыла бастады. Өзіңіз айтқандай, 2000 жылы І республикалық Құран жарысы ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өтті. Бұл үрдіс төрт жылдан кейін өз жалғасын тауып, 2004 жылы 3 қарашада ІІ республикалық Құран жарысы Алматы қаласында ұйымдастырылды. Бұл додалы жарысқа 38 қари қатысты. ІІІ республикалық Құран жарысы 2008 жылы ұйымдастырылып, 82 қари өзара бақ сынады. IV республикалық Құран жарысы 2011 жылы 11 маусымда Алматы қаласында өтіп, ұзын саны 70 қари сынға түсті. V республикалық Құран жарысы 2013 жылы 26 қазанда Алматы Орталық мешітінде 80 қаридың қатысуымен өтті. VI республикалық Құран жарысы 2015 жылы 29 мамырда өткізіліп, төрешілер 33 қариды сынақтан өткізді. Ал соңғы, яғни 2018 жылы 25 сәуірде Алматыда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасымен ұйымдастырылған VII республикалық Құран жарысы жоғары дәрежеде өтті. Бұл жарысқа Республиканың 17 өңірінен 63 қари қатысқан-ды. Осы аталған Құран жарыстарында ерекше көзге түскен қариларымыз көп болды. Солардың ішінде, Ерсін Әміре, Бауыржан Есмурзаев, Ербол Шырынханов, Мұхаммед Садық, Серік Ахметов, Байғабылов Еркебұлан, Яхия Құрбанов, Батыр Тоқтамұратов, Тәкен Тұрдақынұлы, Нағманов Нағим, Бектұрғанов Баубек сынды қариларымыз бар. Ал, биылға ұйымдастырылып отырған VIII республикалық Құран жарысы да өзіндік ерекшеліктерімен есте қалар деген үміттеміз.

 

IV республикалық Құран байқауынан естелік сурет

 

– Біз мұсылмандар Құран Кәрімнің қадіріне жетіп жүрміз деп ойлайсыз ба?

 

– Құран Кәрім – Алланың ең ұлы нығметі. Алла Тағала бізді Құран арқылы тура жолға шақыруда. Құран Кәрім – ең қадірлі кітап. Бұл кітап түскен Абдуллаұлы Мұхаммед – Пайғамбар болды. Бұл кітапты уахи етіп жеткізген Жәбірейіл періште Алла мен Пайғамбар арасындағы сенімді елші атанды. Бұл кітап түскен түн – Қадір түні болды. Бұл кітап түскен Ай – мұсылмандар ораза тұтатын ең қасиетті Рамазан болды. Ал енді Құранның қадірін біліп, оның тиымдарынан тиылып, үкімдерін орындағандар, Құранды оқып-жаттағандар, Құранды сүйгендер қалайша қадірлі болмасын. Сондықтан біз Құранның қадіріне жеткіміз келсе, Құранға мән беріп, ден қоюымыз керек. Пайғамбарымыз да бір хадисінде «Адамның Алламен қарым-қатынасы қандай екенін білгісі келсе, Құранмен қарым-қатынасына қарасын» деген. Яғни, біз мұсылмандар Аллаға жақындау үшін Алланың жібі болған Құранға тіс-тырнағымыз жабысып, оны өміріміздің темірқазығы ете білуіміз керек. Сонда ғана біз Құран қадіріне жеткен қадірлі ұрпақ боламыз.

 

– Құран оқушының дәрежесі қандай?

 

– Аллаға шүкір, қазір елімізде мыңдаған мешіттер салынып, білімді имамдар мен ұстаздар сол мешіттерде қызмет етуде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бір-екі қари ғана болды, бүгінде жүздеп саналады. Құранды тиләуат етіп оқудың пайдасы мен дәрежесі турасында келген хабарлар жүздеп саналады. Хадис ғұламалары бұл тақырыпқа арнайы кітаптар мен баптарды арнаған.

Имам Әбу Дәуіт жеткізген мына бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) :«Құранды оқушы құлға қиямет күні, оқы көтеріл, дүние өмірінде қалай көркемдеп оқысаң солай оқы. Сенің мәртебең, ең соңғы оқитын аятың» деп сүйіншілеген. Бұл хадис адамның бұл дүниеде оқитын аяттары көп болған сайын, ақиреттегі дәрежесінің жоғары болатынын айтуда. Сонымен қатар, өзін оқыған адамға Құранның қияметте шапағатшы болатындығы да айтылады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Имам Муслим жеткізген хадисте: «Құранды оқыңдар, себебі ол қиямет күні өзін оқушыларға шапағатшы болып келеді» дейді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Құранды оқыған адамның жазылар сауап мен дәрежесі туралы сағаттап айта беруге болады.

 

– Құран оқудың қоғамға пайдасы?

 

– Қоғам – адамдардан құралған күрделі фактор. Дін тарихына жіті назар салсаңыз, дінсіз адам болса, дінсіз, сенімсіз, құдайсыз қоғам болмаған. Тіпті, Пайғамбар да көпшілік қоғамға жіберліген, Құран да Құдай жолынан алыстаған халықтарға жолбасшы ретінде түсірілген. Сондықтан қоғамның адамгершілік принциптерін ұстанып, имандылықты ту етуі – адамдардың баянды өмір сүруіне, бақытты қоғам құруына алғышарт болмақ. Ал, бұл тұрғыда Құранның алар орны үлкен. Өйткені, Құран – қоғамды тек жақсылық шақырады. Ал, діннің атын жамылып, қоғамға қауіп төндіретін топтардың асыл дініміз – Исламға ешқандай да қатысы жоқ. Сондай-ақ, Құранға амал еткен, Құранның үкімдерін өмірлік ұстанымы еткен қоғам әрқашан Алланың қолдауы мен қорғанында болары хақ. Ал, қандай да бір қоғам Құран үкімдеріне қарсы шықса, онда ол қоғамнан береке кетпек. Омар ибн әл-Хаттабтың «Алла Тағала бұл кітап арқылы (Құран) бәзбір қауымдардың дәрежесін көтеріп, бәзбір қауымдардың дәрежесін үстем етеді» дегені бар. Алла Тағала мұсылман қауымының, қазақ халқының екі өмірде абыройын үстем етсін деймін.    

 

– Қазақ тарихында өткен қандай мәшһүр қариларды білесіз?

 

– Расында қазақ жерінен ислам дінінің көптеген ғалымдары мен әулиелері шыққаны тарихтан мәлім. Біз оның бәрін құрметтеп, қадірлейміз. Ал қазақ тарихындағы қариларға келетін болсақ, біздің даладан Құран жаттаған қарилардың кем шықпағанын нық сеніммен айта аламыз. Тарихтың терең қатпарларына бармай-ақ, кешегі Алаштықтар кезеңінде өмір сүрген Сұлтанмахмұттардың өзі Құран Кәрімнің 14 парасын жатқа білді деген нақты деректер бар. Бұдан шығатын қорытынды, біздің тарихта пәленше қари еді деп қатталып қалмаса да, ақын Файзулла қари, Түркістандық Әбу қари деген сынды атаулар ел жадында әлі күнге дейін жаңғырып тұр. Менімше, қазақ жеріндегі әрбір дін ғалымдары мен аты аңызға айналған әулиелерінің біразы қари болған деген ойдамын.

 

– Күн санап жақындап келе жатқан қасиетті Рамазан айы құрметіне қазақ қоғамына айтар тілегіңіз.

 

– Иә, Рамазанға алты ай қалғанда сағыныштан етектерін көл еткен сахабалардың болғанын ислам тарихынан білеміз. Мұндай тарих біз үшін үлкен үлгі, өшпес ғибрат. Біз де сол Алланың сүйіктілері сияқты қасиетті Рамазан айын үлкен дайындықпен қарсы алу білуіміз керек. Мәселен, Рамазанға дейінгі Шағбан сынды айларда Рамазанға дайындық ретінде нәпіл оразасы мен өткен жылдан қалған оразаның қарыз күндерін ұстасақ, нұр үстіне нұр болмақ. Сонымен қатар, мұсылмандардың рухани медресесі болған Рамазан айының шынайы қадірін біліп, өзімізді жақсы жаққа өгертіп, өмірімізге мән кіргізе білу де үлкен жетістік. Сондықтан алда келе жатқан Рамазан айына төрт көзіміз түгел, аман-есен жетуге Алла Тағала нәсіп етсін. Ал осындай ұлық мерекенің қарсаңында ҚМДБ-ның бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз Хазреттің бастамысымен ұйымдастырылып жатқан VIII Құран байқауы жоғары деңгейде өтіп, қоғамға пайдасы тие беруіне шын жүректен тілектеспін. Алла Тағала баршамыздан разы болсын!      

 

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұқбаттасқан: Бауыржан МЫРЗАҚҰЛ

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Рамазанға дайындалуға көмектесетін 7 кеңес Шарапаты мол шағбан айы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Бас мүфти: ұлыс оң болсын!
Ардақты ағайын! Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, бақ пен береке тілеймін. Алла Тағала қарияларымызға қуат, жастарымызға жігер, халқымызға қашан да ынтымақ, татулық нәсіп еткей!...
Қоғам «Сені өзім тудым, өзім өлтіремін»
Тарас Бульбаның әйгілі сөзі бүгінгі күнде жан түршігерлік, сорақы мәнге ие болды. Жасыратыны жоқ, өз құрсағынан шыққан перзенттерін еш шімірікпестен тастап кете беретін көкек аналар бұрын да болмады емес, болды. ...
Қоғам Ризабек БАТТАЛҰЛЫ: Әл-Әзһар университеті – қазақтың салған оқу орны деп айтуға болады
«Ақида дәрістері», «Құран экзегетикасы» сынды діни тағылымы мол кітаптардың авторы, Исламтанушы-ғалым, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы – отандастарымыз бен әлеуметтік желі қолданушыларына білікті уағызшы ретінде кеңінен танымал. Бүгін сіздердің назарларыңы...
Қоғам Алматы: «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы өтті(ФОТО)
Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінде «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Жыл басынан қолға алынған бұл шара, расында, көңілдерге шуақ сеуіп, жүректерге жылу сыйлады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:34

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi